Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Нигерияның оңтүстігінде 13 террорист залалсыздандырылды

    АСТАНА, 19 қараша. Нигерияның оңтүстігіндегі Имо уәлаятында 3 террорист залалсыздандырылды, деп TRT агенттігіне  сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Нигерияның оңтүстігіндегі Имо уәлаятында террористтік ұйым деп жарияланған Биафра жергілікті халықтарының (IPOB) 13 мүшесі өлтірілді. Қорғаныс министрлігі БАҚ операциялары директоры Муса Данмадами жазбаша мәлімдемесінде армияның Имо уәлаятында IPOB мүшелеріне қарсы операция жасағанын айтты. Данмадами операцияларда 13 IPOB мүшесінің […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры орынбасарының үндеуі

    АСТАНА, 18 қараша. Әлеуметтік желілерде сот тыйым салған ұйымның 2022 жылғы 20 қарашада заңсыз митингілерді өткізуге, қатысуға және өзге де құқыққа қайшы әрекеттер жасауға шақырулары таратылуда. Ұлттық және халықаралық құқыққа сәйкес, терроризмді немесе зорлық-зомбылық экстремизмді насихаттайтын осындай ұйымдардың кез келген қызметіне тыйым салынғанын атап өтемін. «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар ұйымдастыру және өткізу тәртібі […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Швеция лаңкестікке қарсы заңдарды күшейтеді

    АСТАНА, 18 қараша. Швеция парламенті мақұлдаған терроризмге қарсы заңнаманы күшейтетін конституциялық түзету 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді, деп  Anadolu агенттігіне  сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады  Парламентте өткен дауыс беруде 270 депутат «ия», 37-сі «қарсы» дауыс берді. Солшылдар партиясы мен Жасылдар партиясы қарсылық танытқан конституциялық өзгеріске дауыс беруге 42 депутат қатыспады. Конституцияға енгізілген түзетуде терроризмге қатысы […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • РФ Свердловск облысында лаңкестік ұйым жақтаушысы 16 жылға сотталды

    АСТАНА, 18 қараша.Свердлов облысы бойынша ФҚҚ   басқармасы аймақ тұрғындарын террористік ұйымға тартуды және оның Сириядағы қызметіне қатысудын алдын алды. Бұған қатысы бар ер адам 16 жылға қатаң режимдегі колонияға сотталды, деп хабарлайды ТАСС ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «2021 жылдың желтоқсан айында Свердловск облысы аумағында жүргізілген арнайы операция нәтижесінде ФҚҚ қызметкерлері Ресейде тыйым салынған «Хаят Тахрир аш-Шам»* халықаралық лаңкестік […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Нигериядағы қарулы шабуылда 18 адам қаза тапты

    АСТАНА, 18 қараша. Нигерияның Плато уәлаятындағы  қарулы шабуылда 18 адам қаза тапты, деп TRT  агенттігіне  сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.  Ұлттық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Нигерияның Плато уәлаятының Майкатако аймағында мотоцикл мінген қарулы адамдар шабуыл жасады. Шабуылда 18 адам қаза тауып, көп адам жараланды. Полицияның қоғаммен байланыс жөніндегі басшысы  Альфред Алабо мәлімдеме жасап, жарақат алғандардың ауруханаға жеткізілгенін […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • ҰҚК-де жүргізілген арнайы операцияның егжей-тегжейлері жарияланды

    АЛМАТЫ, 18 қараша. Ұлттық қауіпсіздік комитеті 20 қарашада жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырмақ болған қылмыстық топ жоспарының егжей-тегжейін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz. Ведомствоның хабарлауынша, қаңтар оқиғасынан бері жекелеген радикалды адамдар елдегі жағдайды тұрақсыздандыру және Қазақстан Республикасындағы қалаларды басып алу жоспарларын құрған. Бұл ретте олардың назары Алматы мен Астанаға түскен. «Наурыз айынан бастап ҰҚК қызметкерлері қашқын банкир Мұхтар Әблязовті […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Алматыда cайлау күні жаппай тәртіпсіздіктерді жоспарлағандар ұсталды

    АЛМАТЫ, 18 қараша. 2022 жылғы 17 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның көмегімен ағымдағы жылдың 20 қарашасында жаппай тәртіпсіздіктерді жоспарлап, ұйымдастырмақшы болған қылмыстық топтың жолын кесті. Арнайы операция нәтижесінде 7 адам ұсталды. ҚР Қылмыстық кодексінің 179-бабының 2-бөлігі және 272-бабының 1-бөлігі бойынша тергеу басталды. Ұсталғандардың тұрғылықты жері бойынша заттай дәлелдемелер тәркіленді. Прокуратура санкциясымен олардың жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыруға, мемлекеттік және […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Иранның Изе базарындағы лаңкестік шабуылдан бес адам қаза тапты

    АСТАНА, 17 қараша. Иранның Хузестан провинциясындағы Изе қаласындағы базарлардың бірінде болған атыс салдарынан кемінде 5 адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz. ТАСС агенттігінің хабарлауынша, осыншама адам жарақат алған. Белгісіз біреу қоғамдық орында оқ атты. Қаза тапқандар арасында полиция қызметкерлері де бар. Иран бұл оқиғаны лаңкестік әрекет деп санайды.
    • 2 Years ago
    • 0
  • Сирияның солтүстігінде Стамбулдағы шабуылға қатысы бар деген күдікті ұсталды

    АСТАНА, 17 қараша. Стамбулда бомбалы шабуылға көмектескені анықталған «Хусам А.» лақапты террорист Сирияда ұсталды, деп TRT  агенттігіне  сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Стамбулдағы бомбалы шабуылдың жасалуына көмектескені анықталған Хусам А. лақапты бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG мүшесі Сирия Әзез қауіпсіздік күштері тарапынан ұсталды. Истиклал көшесіндегі 13 қараша күні 6 адам қаза тауып, 81 адам жарақат алған […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Жыл басынан бері Павлодар облысында терроризм туралы жалған хабарлама таратқан алты дерек тіркелді

    ПАВЛОДАР, 16 қараша. Жалған хабарлама таратқандарды 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. «Терроризм актісі туралы хабарлама түскен кезде әрбір факт бойынша шұғыл қызметтер тобы оқиға орнына дереу шығады. Бірінші кезекте азаматтарды эвакуациялау жұмысы жүргізіледі. Кейін мамандар жарылғыш құрылғыларды іздеу және ықтимал […]
    • 2 Years ago
    • 0
Бет 12 of 591« Бiрiншi...«1011121314 » 203040...Last »