НҰР-СҰЛТАН, 02 қазан. Нұр-Сұлтан полициясына Қазақстандағы Беларусь елшілігінің электронды поштасына жарылғыш зат қойылған деген хат жіберілгені туралы хабарлама келді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан , деп «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Нұр-Сұлтан полиция департаментінің күштері тексеру жүргізді, ақпарат расталған жоқ. Елшілік аумағында жарылғыш заттар табылған жоқ. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. […]