Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Кабулда бомба орнатылған көлік жарылып, екі полиция қызметкері қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 16 қаңтар. Сенбі  күні Кабулда қолдан жасалған жарылғыш заттың жарылуы салдарынан екі тәртіп сақшысы қаза тауып, біреуі жарақат алды. Бұл туралы Ауғанстанның Tolo News телеарнасына сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. Полициядағы дереккөз бомба қызметтік көлікке қойылған деп мәлімдеді.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Конгоның солтүстік-шығысындағы қарулы шабуылдан 46 бейбіт тұрғын қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 16 қаңтар. Конго Демократиялық Республикасының солтүстік-шығысында Итури провинциясында Уганданың үкіметке қарсы тобы «Демократиялық күштер альянсы»  содырларының шабуылы салдарынан кем дегенде 46 бейбіт тұрғын, соның ішінде пигмийлер қаза тапты. Бұл туралы аймақтық Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады. Министрліктің хабарламасында, содырлар бейсенбіге қараған түні ауылға шабуылдады. Шабуыл болған жерде 46 бейбіт тұрғынның мәйіті […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Нұр-Cұлтан полицейлері есірткі жеткізу арнасының жолын кесу бойынша арнайы операция өткізді

    НҰР-СҰЛТАН, 16 қаңтар. Елорда аумағында жүргізілген арнайы операция барысында қалада есірткі сатумен айналысып келген 2 адам ұсталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Есірткі заттарын жеткізу арналарын және қылмыстық топтардың іс-әрекетін жоюға бағытталған іс-шаралар өткізу барысында Нұр-Сұлтан қаласында есірткі затын сату үстінде 36 жастағы ер адам ұсталды. Оның үйінің ауласын […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Санкт-Петерборда лаңкестік шабуылдар дайындау ісі бойынша айыпталушы сегіз жылға бас бостандығынан айырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 16 қаңтар. Екінші Батыс округтік әскери соты 2019 жылдың соңында Санкт-Петерборда лаңкестік шабуылдарды дайындағаны үшін ұсталған Никита Семеновты сегіз жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы оның адвокаты Леонид Крикунға сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. «Сот үкімі — 8 жылға бас бостандығынан айыру», — деді агенттік сұхбаттасы. Адвокат сондай-ақ оның қорғалушысы «үкімге шағымданбауды сұрады» деп қосты. […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Түркияның шығысында аса қауіпті содырдың көзі жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 16 қаңтар.Битлис провинциясында КЖП-ның жойылған үш содырының арасында аса қауіпті террористердің «қызғылт сары тізіміне» енгізілген Құрбан Пехливан болды, деп Түркия ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлайды. Елдің шығысындағы кең ауқымды операцияны 10-11 қаңтар аралығында жандармерия мен арнайы жасақтар ұшқышсыз ұшатын аппарат пен әскери әуе күштерінің қолдауымен өткізді. Құрбан Пехливанды ұстау немесе оның […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Тверь облысында террористік әрекетке шақырған ер адамға айыппұл салынды

    НҰР-СҰЛТАН, 16 қаңтар.Тверь облысында Ресей ФҚҚ аймақтық басқармасының қызметкерлері аймақ тұрғынының экстремистік әрекетін тоқтатты. 41 жастағы ер адам интернетте тиісті ақпаратты жариялау арқылы террористік әрекетке шақырды, деп хабарлайды afanasy.biz. Басқарманың мәліметінше, ер адам уағызшылық қызметін жүргізіп, өз жұмысында террористік әрекеттерді жүзеге асыруға шақырған. Оған қатысты Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 205.2 бабының 2-бөлігі «Терроризм актісін жасауға […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ақтөбе облысында есірткі таратумен айналысқан екі студент сотталды

    АҚТӨБЕ, 15  қаңтар. Ақтөбе облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар екі студентті 6 және 11 жылға бас бостандығынан айырды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Өткен жылы Ақтөбе қаласында есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар 18 жастағы екі студент ұсталған болатын. Студенттер қала көшелерінде синтетикалық есірткі салынған 22 пакетті жасырып үлгерген. Ақтөбе қаласындағы […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның оңтүстігінде лаңкестік шабуыл, 1 адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар.  Лаңкестер жарылғыш затты таксиге орнатты, деп Кандагар полиция бөлімінің баспасөз хатшысы Джемал Насыр Барикзейге сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлайды. Ауғанстанның оңтүстігіндегі Кандагар провинциясында бір адам лаңкестік шабуылдың құрбаны болды. Барикзейдің айтуынша, жарылыс Чоней үезінде болды: лаңкестер бомбаны таксиге орнатты. Әзірге ешқандай топ шабуыл үшін  жауапкершілікті мойнына алған жоқ.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Сириядан қайтарылған өзбек азаматтары үйлеріне бет алды

    НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар.  Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Мехр-3» гуманитарлық операциясының келесі кезеңі шеңберінде Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің, Ташкент қалалық ішкі істер бас  басқармасының, елорда хокимиятының әріптестерімен бірлесіп Кибрай облысының «Бустон» лагерінен 17 азаматты (үш әйел, 14 кәмелетке толмаған бала, оның ішінде бес жетім баланы) олардың тұрғылықты жері бойынша жіберуді ұйымдастырды, […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Өскемендегі СЭС-ті «миналаған» әзілқой ұсталды

    ӨСКЕМЕН, 14 қағтар. Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны әзілдеп СЭС-ке «мина қойған», деп ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап inbusiness.kz  хабарлайды. Қаңтардың басында Глубоковский ауданындағы ПБ «102» жедел каналына 56 жастағы азамат хабарласып, танысы Өскемен қаласындағы СЭС-ке мина қойғанын хабарлаған. Полиция қызметкерлері мен тиісті органдар тез арада оқиға орнын тексеріп шықты. Оқиға орнына жеткен мамандар жарылғыш құрылғыны […]
    • 4 Years ago
    • 0