Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Радикалды исламшылар Венадағы лаңкестік шабуылға қатыстылығы туралы мәлімдеді

    НҰР-СҰЛТАН, 03 қараша. Радикалды исламшылар Венадағы лаңкестік актілерге қатысы бар екенін мәлімдеді, деп радикалдардың ақпараттық ресурстарын бақылайтын американдық SITE Intelligense компаниясы хабарлайды. Бұл туралы REGNUM АА жазады. Олардың ақпараты бойынша, жиһадшылар Австрияның Таяу Шығыстағы «Ислам мемлекеті» ұыймының (ҚР  қызметіне тыйым салынған ұйым) лаңкестерімен күреске  қатысқаны үшін жауап ретінде теракт жасады. Дегенмен лаңкестік топтардың ешқайсысы шабуылға […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Австрияның ІІМ: Венадағы лаңкестер алты жерде оқ атқан

    НҰР-СҰЛТАН, 03 қараша. Вена қаласының полиция қызметкерлері шабуылдаушылар ел астанасының алты жерінде оқ атқанын анықтады, деп Австрия ішкі істер министрлігінің өкілі Гаральд Зёрёс мәлімдеді, деп ORF телеарнасына сілтеме жасап REGNUM АА хабарлайды. Бұған дейін Венада азаматтарды лаңкестік әрекет қаупі туралы хабардар ету үшін әуеге полиция тікұшағы көтерілгені хабарланған болатын.
    • 4 Years ago
    • 0
  • БАҚ: Австрия астанасындағы синагогада болған атыстан жеті адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 03 қараша. Венада белгісіз адамдар синагогада оқ атты, деп centralasian.org жазады.  Жеті адам қаза тауып, төртеуі жараланды. Бір полиция қызметкері ауыр жарақат алды деп хабарлайды Kurier. Куәгерлер кемінде 50 рет оқ атылғанын айтады. Аустрия ішкі істер министрлігі синагогадағы атысты теракт деп атады. Шабуыл жасаушының бірі өлтірілген, екіншісі жасырынып үлгерген, қазір оны іздестіріп жатыр деп хабарлайды […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстандағы лаңкестік шабуыл салдарынан үш адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 02 қараша. Ауғанстанның солтүстігіндегі Кундуз провинциясында болған екі лаңкестік әрекеттен үш ауған шекарашысы қаза тапты, деп Синхуа агенттігіне сілтеме жасап REGNUM АА хабарлады. Ақпарат бойынша, «Талибан» қозғалысының лаңкестері (ҚР тыйым салынған ұйым)  Хан-Абад аумағында әскери көлікті жарып жіберген. Жарылыс салдарынан үш әскери қызметкер қаза тауып, тағы екеуі жарақат алды. Кундуз провинциясы губернаторының әкімшілігі де […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • ГФР Бас прокуроры: Батыс Еуропа радикалды исламистердің назарында

    НҰР-СҰЛТАН, 02 қараша. Франциядағы кісі өлтірулер Батыс Еуропаның радикалды исламистердің назарында қалып отырғанын көрсетеді деп санайды Германияның Бас прокуроры. Елде лаңкестік әрекеттерді жоспарлаған Тәжікстанның тумалары ұсталды, деді ол. Бұл туралы Deutsche Welle жазады  . Терроризм қаупі жоғары болып қала береді, дейді Германияның Бас прокуроры Петер Франк. 2020 жылы Германияда ауқымды шабуыл болмағандықтан ғана исламшыл террор […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • СҚО полицейлері 100 келіден астам есірткі заттарын жойды

    ПЕТРОПАВЛ, 02 қараша. Петропавл қаласы тұрғынының ауласынан жабайы өскен қара сора алқабы анықталды. Сараптама актісіне сәйкес, салмағы 100 келіден асатын есірткі заты тәркіленді. Аса улы зат арнайы комиссияның қатысуымен өртелді, деп жазады Azattyq Rýhy. СҚО-да жыл басынан заңсыз айналымнан 390 келіден астам түрлі есірткі заты, оның ішінде 1 келі 690 грамм синтетикалық дәрі-дәрмек алынған. Қылмыстық […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Нотр-Дам соборындағы шабуыл ісі бойынша ұсталғандар босатылды

    НҰР-СҰЛТАН, 02 қараша. Францияның құқық қорғау органдары Ниццадағы Нотр-Дам соборының келушілеріне жасалған шабуылды тергеу аясында қамауға алған үш адамды босатты. Бұл туралы France 24 телеарнасына сілтеме жасап  REGNUM хабарлады. Төрт адам қамауда қалады, оның ішінде басты күдікті — 21 жастағы Тунис азаматы. Бұл іс бойынша алғашқы түсінікті ұсталғандардың бірі, 29 жастағы жігіт берді. Ол Грас […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Венесуэла полициясы 120 келіге жуық кокаин тәркіледі

    НҰР-СҰЛТАН, 02 қараша. Венесуэланың құқық қорғау органдары елдің батыс бөлігіндегі Баринас штатында 119 кг кокаин тәркіледі. Бұл туралы республиканың мемлекеттік телевизиясына сілтеме жасап ТАСС хабарлады . Операция барысында есірткі сату желісін ұйымдастырды деген күдікпен Венесуэланың екі азаматы ұсталған. Қазіргі уақытта полиция олардың сыбайластарын іздестіруде. Биліктің хабарлауынша, 2020 жылдың басынан бастап Венесуэланың құқық қорғау органдары 7 […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ниццадағы шабуыл ісі бойынша қамауға үш күдікті алынды

    НҰР-СҰЛТАН, 01 қараша. Франция полициясы Ниццадағы Нотр-Дам шіркеуіне шабуыл жасады деген күдікпен үш ер адамды ұстады, деп AFP агенттігіне сілтеме жасап Deutsche Welle хабарлайды. Қылмыс жасалған күні шабуылдаушымен байланыста болған 35 жастағы ер адам қамауға алынды. Қылмыскердің алғашқы ықтимал серіктесі  — 47 жастағы ер адам бірнеше сағат бұрын қамауға алынды. Тергеу оның шабуыл алдында террористпен […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • БАҚ: Лионда белгісіз шіркеу қызметшісіне от атқан

    НҰР-СҰЛТАН, 01 қараша. Францияда тағы да атыс болды. Лион қаласында бір қаскүнем грекиялық православ шіркеуінің діни қызметшісіне екі рет оқ атқан, деп 24.kz жазады. .Ауыр жараланған ол ауруханаға жеткізілді. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, полиция бір күдіктіні қамауға алды. Жалпы соңғы кезде Францияда діни тұрғыда жасалған шабуылдар жиілеп кетті. Бұған қыркүйек айында Мұхаммед пайғамбарды келемеждеген суреттердің […]
    • 4 Years ago
    • 0