Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Атырауда деструктивті дін өкілдерінен құрылған қылмыстық топ ұсталды

    АТЫРАУ, 10 сәуір. Атырау облысында деструктивті діни ағым өкілдерінен құралған қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Облыстық Полиция департаментінің өкілдері Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлерімен бірлесіп жүргізген шара кезінде қылмыстық топты құрықтады. Деструктивті діни ағым ұстанушыларынан құралған қылмыстық топ мүшелері қала аумағында азаматтардан қорқытып ақша талап етумен айналысқан», — деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен. […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның солтүстігінде Талибан шабуылынан бір отбасының жеті мүшесі көз жұмды

    НҰР-СҰЛТАН, 10 сәуір. Сәрсенбі күні Ауғанстанның солтүстігіндегі Балх провинциясында «Талибан» тобының содырлары бір отбасының жеті мүшесін өлтірді. Бұл туралы провинция үкіметінің ресми өкілі Мунир Ахмад Фархадқа сілтеме жасап  Синьхуа агенттігі хабарлады . Өкіл сәрсенбі күні түсте «Талибан» қарулы содырлары (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым) Шолгар аймағындағы ауылшаруашылық жерлерінде  фермерлерге ретсіз оқ жаудырғанын, нәтижесінде бір отбасының […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • АҚШ-тың Ауғанстандағы ең ірі әуе базасы зымыранмен атылды

    НҰР-СҰЛТАН, 10 сәуір. АҚШ-тың Ауғанстандағы ең ірі әскери базасы  — «Баграм»  зымыранмен атылды, деп жазады Анадолу агенттігі . Ауғанстан Ішкі істер министрлігінің өкілі Тарик Арьян американдық әуе базасына бес зымыран атылғанын айтты . Қастандық Парван провинциясындағы Калече ауылынан болған деп болжануда. Іске қосу қондырғылары қашықтықтан іске қосылды. Ешкім зардап шеккен жоқ. Оқ жаудырғаны үшін жауапкершілікті […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Гератта Ауғанстан Орталық банкінің бес қызметкері ұрланып өлтірілген

    НҰР-СҰЛТАН, 10 сәуір. Ауғаныстанның батысындағы Герат провинциясында Орталық банктің бес қызметкері ұрланды және өлтірілді, деп провинция полициясына сілтеме жасап АфТАГ  хабарлайды. Оқиға бейсенбі күні кешке қызметкерлер Гераттың Кухсан ауданынан провинция астанасына қарай бет алған кезде болды , деп хабарлады полицияның өкілі Абдул Ахад Вализада. Ол қызметкерлер өз қозғалысын қауіпсіздік органдарымен үйлестірмегенін айтты. ІІМ-нің  баспасөз-хатшысы  Тарик […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Тәжікстанда терроризмді насихаттаған екі сайт бұғатталды

    НҰР-СҰЛТАН, 10 сәуір. Тәжікстан «террористік-экстремистік ұйымдарға қызмет көрсеткен» Akhbor.com сайтын  бұғаттады, деп  Жоғарғы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып ТаджикТА хабарлайды. «Тәжікстанның Бас прокуроры Тәжікстан Республикасының Жоғарғы Сотына www.akhbor.com немесе «Akhbor.com » (« AAkhbor.com) және «нахзат.ру»  («nnahzat.ru)» интернет-сайттарын бұғаттау және  аудиожазбаларды, бейнероликтерді, газеттерді, әдебиеттер мен үнпарақтарды елге әкелуге және таратуға тыйым салу туралы жазбаша өтініш […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • “СҚО есірткіге қарсы” — есірткі граффитиінің саны азайды

    ПЕТРОПАВЛ, 09 сәуір. Петропавлда есірткі граффитиінің саны азайды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Синтетикалық есірткілерді сату жүзеге асырылатын веб-ресурстардың сілтемелері бар жазулар петропавлдық үйлердің қабырғаларында сирей бастады. Бұған жазаның қатаңдатылуы, жауапты азаматтардың белсенді ұстанымы мен СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі басқармасы қызметкерлері ойластырған есірткі граффитиге қарсы күрес механизмі себеп болды. Ұзақ уақыт бойы қауіпті жазулардың […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Қорған колониясының қамалушысы терроризм идеяларын насихаттады деп айыпталуда

    НҰР-СҰЛТАН, 09 сәуір. Терроризм үшін жазасын өтеп жатқан радикалды экстремист тұтқындар арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, сотталушыларды жаңа қылмыстарға итермеледі, деп Қорған облысы бойынша  РФ ФҚҚБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап Білім беру ортасы мен Интернет желісіндегі экстремизм мен  терроризмге  қарсы ақпараттық әрекет ету ұлттық орталығы жазады. ФҚҚБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қылмыскер тындаушылары арасында терроризм идеологиясының заңдылығы […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Маңғыстаулық полицейлер жеңіл көлікпен есірткі тасыған төрт адамды ұстады

    АҚТАУ, 09 сәуір. Күдіктілер 2 сәуір күні жүргізілген жедел құрықтау операциясы кезінде қолға түскен, деп хабарлайды 24.kz. «Тойота» маркалы машина салонын тінту кезінде 4 келі марихуана табылып, тәркіленді. Әлгі адамдар аса ірі көлемдегі есірткі затын сақтап, облыс көлемінде жеткізумен шұғылданған жергілікті тұрғындар болып шықты. Осылайша, аймаққа марихуана тасымалдау каналының жолы кесілді. Аталған дерек бойынша қылмыстық […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • «Орыс империялық қозғалыс» террористік ұйымдар тізіміне енгізілді

    НҰР-СҰЛТАН, 09 сәуір. АҚШ-тың мемлекеттік департаменті ресейлік «Орыс империялық қозғалыс» ұйымын террористік ұйымдар тізіміне енгізді, деп islam.kz сайтына сілтеме жасап kazislam.kz жазады.  Осы орайда АҚШ-та ислам атын жамылған радикалды ұйымдар ғана лаңкестер қатарына жатқызылып келгенін айта кету керек. Бұл АҚШ билігі террористік ұйым ретінде таныған алғашқы ұйым ислам атын жамылғандарға еш қатысы жоқ. Осы уақытқа […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Түркістан облысының полицейлері есірткі сатқан тұрғынды ұстады

    ТҮРКІСТАН, 09 сәуір. Түркістан облысының полицейлері есірткі сатқан тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасына Төлеби ауданының тұрғыны шағымданып, танысының есірткі сатып жүргенін хабарлаған. Сөйтіп оны әшкерелеуге көмектесетінін жеткізген. Төлеби ауданының полицейлері бұл деректі ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабымен (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, […]
    • 4 Years ago
    • 0