Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Алжирде өзін-өзі жаруды жоспарлаған жанкешті террорист ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 31 қаңтар. Алжирдің терроризмге қарсы күштері сәрсенбі күні елдің астанасында өзін-өзі  жаруды жоспарлаған террористі ұстады. Бұл туралы Алжирдың Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып Синьхуа агенттігі хабарлайды . Терроризмге қарсы күштер нақты ақпарат алғаннан кейін сәрсенбі күні Алжирдің батыс маңында террористті ұстап, жарылғыш заттарды тәркілегені айтылады. Ұсталған адам елордадағы жаппай митинг кезінде өзін-өзі өлтіруді […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Есірткі сайтын жарнамалаушы қолға түсті

    НҰР-СҰЛТАН, 31 қаңтар. Елордалық полиция департаментінің қызметкерлері алдын алу шараларын жүргізу барысында астыртын синтетикалық есірткі саудалайтын интернет-сайттарды жарнамалаумен айналысқан қала тұрғынын ұстады, деп nege.kz хабарлайды.  40 жастағы ер адам трафарет пен бүріккіш бояуды қолданатын тұрғын үйлер мен гараждардың қабырғаларында синтетикалық есірткінің жарнамасы жазылған жазулар қалдырып отырған. Бұрын бірнеше рет сотталған күдіктінің өзі де есірткі қолданатын болған. Аталған […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Мәскеудің Домодедово әуежайында төтенше жағдай болды

     НҰР-СҰЛТАН, 30 қаңтар. Симферополь-Мәскеу «ЭС 7» рейсіндегі жолаушы әйел ұшақ әуежайға қонған соң жарылғыш зат барын мәлімдеп, борттағы жолды бөгеп тастаған.Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап 24.kz хабарлайды.  Осыдан кейін әуе кемесі арнайы алаңға орналастырылды. Әзірге күдікті ешқандай талап жариялай қоймаған. Оқиға орнында қауіпсіздік органдары жұмыс істеп жатыр.
    • 5 Years ago
    • 0
  • Түркия прокуроры терактіге айыпталған өзбек азаматына 2385 жыл беруді сұрады

    НҰР-СҰЛТАН, 29 қаңтар. Түрік прокуратурасы 2017 жылдың 1 қаңтарында Стамбұлдың «Рейна» түнгі клубындағы теракт бойынша айыпталып жатқан өзбекстандық Абдулкадыр Машариповты 2385 жылға (40 рет өмір бойы бас бостандығынан айыру) соттауды сұрады, деп centralasian.org жазады.  «Anadolu» агенттігі хабарлағандай, Машарипов конституциялық құрылымды өзгертуге әрекет қылған және 39 адамды өлтіруге қатысқан деп айыпталып жатыр. Егер ол кінәлі деп танылса, […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ақтөбе соты үш тұрғынды «Сирияға адам тартты» деп соттады

    АҚТӨБЕ, 29 қаңтар. 28 қаңтар күні Ақтөбе қалалық соты терроризм айыбы тағылған Ерсайын Құлынтай, Бағдад Бисембаев пен Әділжан Дәулетовтің әрқайсын жеті жылға бас бостандығынан айырды, деп centralasian.org хабарлайды.  Тергеу материалдарына қарағанда, 2019 жылғы наурыз айында Ерсайын Құлынтай (1992 жылы туған), Бағдад Бисембаев (1973) пен Әділжан Дәулетов (1993) Ақтөбедегі моншалардың бірінде терроризмді насихаттап, Сирияға баруға үгіттеген. Тергеу […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • «Өзбекстанның ислам қозғалысы» идеясын қолдаған ер адам Қазақстанда ұсталды

    ТҮРКІСТАН, 29 қаңтар. Түркістан облысы Келес ауылының тұрғыны лаңкестікке ашық үндеген. Оны Ұлттық қауіпсіздік департаментіның қызметкерлері қолға түсірді, — деп хабарлайды tengrinews.kz КТК  арнасына сілтеме жасап.  56 жастағы Нұриддин Ахраров көшеде кетіп бара жатқан жерінде ұсталған. Салафизмді ашық үгіттеп жүрген азамат тыйым салынған «Өзбекстанның ислам қозғалысы» идеясын қолдап, тіпті мешіттерде имамдармен салғыласып жүрген көрінеді. Оның […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Буркина-Фасода лаңкестік шабуылдан кем дегенде 39 адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 29 қаңтар. Буркина-Фасоның солтүстігінде болған лаңкестік шабуылдан кем дегенде 39 адам қаза тапты, деп хабарлайды РИА Новости  Faso порталының сайтында үкімет шығарған коммюникеге сілтеме жасап. Коммюникеге сәйкес шабуыл 25 қаңтарда Сум провинциясындағы Силгаджи ауылында болған. «Осы аумақта қорғаныс және қауіпсіздік күштері жүргізген операциялар осы қатыгез шабуылдың салдарынан 39 жерлесіміздің қайтыс болғанын белгілеуге мүмкіндік берді», […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Тәжікстанда «Ағайынды мұсылмандар» ұйымына қатысты 113 күдікті ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 28 қаңтар. Тәжікстанда 113 азамат «Ихван-ул муслимин» («Ағайынды мұсылмандар») ұйымына мүше деген күдікпен ұсталды. Елде тыйым салынған ұйым мүшелерін ұстау биыл жыл басында басталды, деп centralasian.org хабарлайды.  Тәжікстан бас прокуроры Юсуф Рахмон 28 қаңтарда Душанбеде өткен баспасөз конференциясында «ағайынды мұсылмандар» ұсталғанын растады. «Ұйымның мүшесі деген күдікпен 113 адам ұсталды. Олардың ішінде 20 мұғалім, бір […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Петропавлда героин сатумен айналысқан әйел ұсталды

    ПЕТРОПАВЛ, 28 қаңтар. Петропавлда героин өткізу нүктесіне тосқауыл қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Солтүстік Қзақстан облысының полицейлері аса ірі мөлшерде есірткі өткізгені үшін бұрын сотты болған жергілікті әйелді ұстады. «Ол оқшауланған өмір салтын ұстанып, есірткіні алдын ала келісу арқылы белгілі адамдарға өткізіп отырған. Ұстау барысында күдікті әйел жасырынып кетпек […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Қырғызстан шетелде қарулы жанжалға қатысқандарға жазаны қатайтуы мүмкін

    НҰР-СҰЛТАН, 28 қаңтар. Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті шетел аумағында қарулы жанжалға қатысқандарға жазаны қатайтуды ұсынды. Қылмыстық кодекске енгізілуі мүмкін ұсыныстар халық талқылауына шығарылды, деп centralasian.org хабарлайды.  Жаңадан қабылданған Қылмыстық кодексте шетелде қарулы жанжалдарға қатысқандар 2,5-5 жылға сотталуы мүмкін, өйткені бұл қылмыс түрі ауыр емес қылмысқа жатады. Бұған дейін мұндай әрекет ауыр қылмыс ретінде қаралатын. Қауіпсіздік […]
    • 5 Years ago
    • 0