Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Сомалиде түрік жұмысшыларының керуеніне шабуыл жасалды

    НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар. Сомалидің Афгойе қаласында жарылыс болып, 3 адам қаза тапты, деп хабарлайды 24.kz. Сомалидің Афгойе қаласында жарылыс болып, 3 адам қаза тауып,  20  жарақат алды. Лаңкес бомба жасырынған көлікпен түрік жұмысшыларын шабуылдады. Салдарынан түрік азаматтарын қорғап жүрген бірнеше полицей көз жұмды. Лаңкестіктен 4 Түркия азаматы жараланды. Шабуылды ешқандай лаңкестік топ мойнына алған жоқ. Ал […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Мексиканың қарулы күштері 11 содырдың көзін жойды

    НУР-СУЛТАН, 18 қаңтар. Бейсенбі күні  Мексиканың солтүстік-шығысындағы Тамаулипас ​​штатында қарулы күштер мен содырлар арасындағы атыс нәтижесінде 11 содыр жойылды. Бұл туралы Синьхуа агенттігі ел армиясына сілтеме жасап хабарлады. Жергілікті әскерлер Мигель-Алеман қаласындағы тас жолды қарауылдау кезінде торуылға тап болған. Патруль шабуылға тез арада жауап берді, 11 содырды өлтіріп , сонымен қатар 10-нан астам қару мен […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Атырауда мектептердің бірі «миналанды»

    АТЫРАУ, 18 қаңтар. Тәртіп сақшылары Атыраудағы мектептердің біріне «бомба қойылғаны» туралы ақпаратты тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «102» қызметіне қаладағы №27 орта мектепте бомба бар деген ақпарат кеше түскен болатын. Мектептегі барлық адам қауіпсіз жерге шығарылып, ғимарат қоршауға алынды. Жарылғыш затты іздеуге төтенше жағдайлар департаменті, ҰҰҚД және полиция қызметкерлері жұмылдырылды. Мектепке жедел жәрдем көлігі келді. Облыстық […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • РФ СІМ «Жусан» операциясына жоғары баға берді

    НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар. Ресейдің Сыртқы істер министрлігі Қазақтанның өз азаматтарын Сирия мен Ирактың қауіпті аймақтарынан қайтару тәжірибесіне жоғары баға берді, деп 24.kz жазады.  Министр Сергей Лавров «бұл өз азаматтары алдындағы міндетін мінсіз орындаған тәуелсіз мемлекеттің батыл қадамы» деді. Үкіметтің жаңа құрамы бекітілуіне дейін Ресей Сыртқы істер министрі қызметін атқаратын Сергей Лавров өткен 2019 жылғы елдің […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ақтауда есірткі сатумен айналысқандар ұсталды

    АҚТАУ, 17 қаңтар.  Маңғыстау облысы аумағында көптен бері синтетикалық есірткі жеткізумен айналысып келген екі адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 16 қаңтарында таңғы сағат 09: 30-да Полиция департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ақтау қаласындағы «Грин Парк» тұрғын үй кешеніндегі пәтерлердің бірінде Алматы қаласының тумасы екі ер […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Швейцария мен Ресейдің барлау қызметтері басшылары терроризммен күрес мәселесін талқылады

    НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар. Ресей мен Швейцария барлау қызметтерінің басшылары Сергей Нарышкин мен Жан-Филипп Годен терроризммен күрестегі ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы жағдайды талқылады, деп хабарлайды РИА Новости  Сыртқы барлау қызметінің баспасөз қызметінің жетекшісі Сергей Ивановқа сілтеме жасап. Оның айтуынша, кездесу 16 қаңтарда Швейцарияда өтті. «Барлау басшылары халықаралық терроризм мен екі елдің қауіпсіздігіне […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Қызылордада жеңіл автокөліктен 16 келі марихуана табылды

    ҚЫЗЫЛОРДА, 17 қаңтар. Қызылорда облысында жеңіл көлікпен 16 келіден астам есірткі тасымалдаған адам қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Биылғы жылдың 15 қаңтарында Қызылорда облысының полиция қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде Қармақшы ауданы тұсындағы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» тасжолының бойында тоқтатылған жеңіл автокөліктен есірткі табылды. «Тексеру жүргізу барысында автокөліктің артқы жүк салғышынан ерекше иісі бар сөмке және […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Сарапшы: Жат ағымның арбауы үш сатыдан тұрады

    НҰР-СҰЛТАН, 16 қаңтар. Дінтанушы ғалым, ҚМДБ жанындағы ғұламалар кеңесінің мүшесі Мұхан Исахан жат ағым өкілдерінің адамдарды арбауы үш сатыдан тұрады дейді, деп kazislam.kz  «Біріншісі — ерітіп, балқыту, екіншісі — санасын өзгертіп, өздеріне бейімдеу, ал үшіншісі — өз қалыптарына салып, қатырып тастау» — дейді ғалым. Мұхан Исаханның айтуынша, «әуелі, жат ағым өкілдері нысанаға алған адамына ерітіп, балқытатын […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ақтөбеде терроризмді насихаттаған үш жігіт сот алдына келді

    АҚТӨБЕ, 15 қаңтар. Ақтөбелік жұмыссыз үш жігіт моншада отырып лаңкестікке үгіттеген, — деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлайды. Моншаға жуынуға келген жұртты лаңкестікке үгіттеген. Жат ағымның жетегінде кеткен ақтөбелік үш жігіт осы әрекеті үшін енді сот алдында жауап беріп жатыр. Айыпталушы орындығында отырғандардың үлкені — Бағдат Бисенбаев. Жасы 47-де. Жанына ерткен 27 жастағы серігі […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Мысырда төтенше жағдай режімі тағы үш айға ұзартылды

    НҰР-СҰЛТАН, 15 қаңтар.  Мысырда төтенше жағдай режімі тағы үш айға ұзартылды. Ел парламенті жексенбі, 13 қаңтар күні президент Әбдел Фаттах Ас-Сисидің тиісті жарлығын бекітті. Бұл туралы заң шығару органының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Анадолы агенттігі хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат.  Мәлім етілгендей, Мысыр Араб республикасында төтенше жағдай жетінші рет ұзартылып отыр. Коммюникеге сәйкес, биліктің шешімі елдегі […]
    • 4 Years ago
    • 0