Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Сирияның солтүстігінде террористтік топтың жетекшісі жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 22 желтоқсан. Сирияның солтүстігінде «Аль-Каидамен» байланысты «Хурас ад-Дин» сириялық террористік тобының жетекшісі ұшқышсыз ұшақпен жойылды, — деп хабарлайды РИА Новости Sky News Arabia спутниктік телеарнасына сілтеме жасап. Қолда бар ақпаратқа сәйкес, жойылған террористтің аты — Абу Хадиджа әл-Урдуни. Операцияны Идлиб аймағында халықаралық коалиция күштері өткізді. Террорист автокөлікке жасалған әуе соққысы нәтижесінде жойылды.
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ешкім де өз балаларына осылай көмектеспейді — американдық психолог «Жусан» операциясы туралы

    НҰР-СҰЛТАН, 21 желтоқсан. Босқындармен жұмыс жасаудың 25 жылдық тәжірибесі бар американдық психолог Стеван Вейн Қазақстанда ДАИШ  экстремистік ұйымының қатарында Сириядағы соғыс аймағында болған қазақстандықтардың әйелдерімен және балаларымен кездесті. Чикагодағы Иллинойс штаты университетінің психиатрия кафедрасының профессоры Ақтаудағы кең ауқымды оңалту орталығына барған алғашқы американдық маман болды. Соғыс қасіретін көрген кішкентай қазақстандықтардың ойлары мен олардың өз Отандарында […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Снюс деп аталатын шайнайтын шылымды сатуға уақытша тыйым салынды

    НҰР-СҰЛТАН, 21 желтоқсан. Елімізде снюс деп аталатын шайнайтын шылымды сатуға тыйым салынды, деп хабарлайды Atameken Business. Жандарбек Бекшиннің айтуынша, бүгіннен бастап құрамында нормадан көп никотины бар кез-келген тауарды пайдалануға, таратуға уақытша шектеу қойылды. Оған себеп Солтүстік Қазақстанда болған жағдай. Ата-ана баласының аталмыш тауарға әуесқойлығын байқап, шағым түсірген. Айта кетсем, түтінді шылымда 1,5 милиграм никотин болса, […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Қылмыстық топтар Батыс Еуропаға есірткі жеткізудің жаңа жолдарын іздеп жатыр

    НҰР-СҰЛТАН, 21 желтоқсан. Қылмыстық топтар Батыс Еуропаға есірткі жеткізудің жаңа жолдарын іздеп жатыр, деп Қырғызстан Ішкі істер министрлігі есірткінің заңсыз айналымымен күрес бойынша қызмет басшысы Олег Запольский мәлімдеді, деп жазады 24. kz.  Алайда, бұл жолдарды тауып, қылмыскерлерді ұстау үшін Орталық Азияның арнайы қызметтері бірлесіп жұмыс істеуі қажет. Осыдан бірнеше жыл бұрын апиыннан жасалған есірткі Ауғанстаннан Батыс Еуропаға […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • АҚШ-та ірі көлемде кокаин тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 20 желтоқсан. Америка Құрама Штаттарында құны 312 миллион доллар болатын кокаин тәркіленді, деп 24.kz хабарлайды.  Ресми ақпарларға сай есірткі Тынық мұхитының шығыс бөлігінде, контрабандамен айналысатын шағын бес қайықтан табылған. Айта кетейік, есірткіге қарсы операция қазан және желтоқсан айларында жүргізілген болатын. Қылмыскерлерді құрықтауға АҚШ әскери-теңіз флоты мен федералды агенттіктер қатысқан.
    • 5 Years ago
    • 0
  • Кәрім Мәсімов Терроризмге қарсы орталықтың отырысын өткізді

    НҰР-СҰЛТАН, 20 желтоқсан. Кеше, 19 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда ҰҚК Төрағасы Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығының кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Отырыста биылғы жылдың жұмысы қорытындыланды. Террористік акцияларға жол бермеу бойынша және жалпы алғанда еліміздегі жағдайдың тұрақтылығын сақтауға күш салынғаны аталды. Қабылданған шаралар нәтижесінде бастапқы кезеңінде террористік актіні […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Қалмақстан колонияларының бірінде террористік ұяшық әшкерленді

    НҰР-СҰЛТАН, 19 желтоқсан. Қалмақстан  колонияларының бірінде құрамына 100-ден астам тұтқын кірген  террористік ұяшық әрекетінің жолы кесілді, деп мәлімдеді РФ ТК ресми өкілі Светлана Петренко. Бұл туралы «Мәскеу 24» сілтеме жасап  Радио Спутник хабарлады . «Тергеудің мәліметінше, 2013 жыл шамасында, Ресей Федерациясының Қалмастан Республикасы Федералдық жазалауды орындау қызметі басқармасы  ФҚМ  ТК-2  қару-жарақты заңсыз сатқаны үшін жазасын […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Мәскеуде ФҚҚ ғимаратының жанында белгісіз біреу оқ атты

    НҰР-СҰЛТАН, 19 желтоқсан. 19 желтоқсан кешке қарай Мәскеуде белгісіз ер адам Кузнец көпірі маңындағы Федералдық қауіпсіздік қызметі  ғимаратының маңында оқ атқан. ФҚҚ ТАСС ақпарат агенттігіне шабуыл жасаған адамның қаза тапқанын хабарлаған.Бұл туралы Азаттық Радиосы хабарлайды.  Куәгерлер оқ атылған дыбыс пен адамдардың айқайын естігенін айтады. Куәгерлердің сөзінше, жараланғандар бар. Тағы бір дереккөздер «қауіпсіздік қызметінің екі өкілі […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Есірткіні интернет арқылы сататындарға қатысты жаза қатайтылады

    НҰР-СҰЛТАН, 19 желтоқсан. Интернет арқылы есірткі тарататындарға қатысты жаза күшейтілмек. Яғни 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастыратын аса ауыр қылмыс санатына ауыстырылады. Бұл туралы Сенат отырысында бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов мәлімдеді, деп 24.kz хабарлайды. Сенатта қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру және жеке адамның құқықтарын қорғауды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заң жобасы […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Сирияда екі тәжік содыры ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 19 желтоқсан. «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымының идеясын таратушы Абу Довуд ұсталып, Сириядағы Африн қаласының түрмесіне түсті. Бұл туралы түріктің TRT Haber телеарнасы сілтеме жасап centralasian.org  хабарлады. Душанбенің 35 жастағы тұрғыны Парвиз Саидрахмонов (Абу Довуд) жазда «Ислам мемлекеті» ұйымының Идлиб провинциясындағы соңғы бекінісі — Багуз елді мекенінен қашқан уақытта ұсталған. Саидрахмонов экстремистік ұйымға 2014 жылы қосылған. […]
    • 5 Years ago
    • 0