Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • СҚО-да синтетикалық есірткі саудалап келген 50 жастағы тұрғын ұсталды

    ПЕТРОПАВЛ, 18 қараша.  Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының 50 жастағы тұрғыны «синтетикалық есірткі заттарын сатты» деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары Аққайың ауданының орталығы Смирновтың 50 жастағы тұрғынын «синтетикалық есірткі заттарын сатты» деген күдікпен ұстады. Полицейлерге оның «спайс» психобелсенді есірткі затын сатумен айналысатыны туралы оперативті ақпарат түскен. […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Қазақстандық балаларды Ирактан  қайтару жөніндегі келіссөздер жалғасуда

    НҰР-СҰЛТАН, 18 қараша. Ирак түрмелерінде жатқан қазақстандық балалар екі аптадан соң үйлеріне оралады. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. «Балаларды үйіне қайтару операциясы әлі жүргізілген жоқ. Қазіргі уақытта Ирак өкілдерімен талқылап жатырмыз, сондай-ақ, балалардың Қазақстанға келгенде орналасатын жерін белгілеп, әлеуметтік жұмыстармен айналысып жатырмыз. Балаларға қайта қалпына келуіне, […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Кабулдағы жарылыстар салдарынан төрт әскери қызметкері жарақат алды

    НҰР-СҰЛТАН, 18 қараша. Дүйсенбі күні таңертең Кабулда болған жарылыстарда төрт әскери қызметкері жарақат алды, деп хабарлайды РИА Новости Tolo News-ке сілтеме жасап.  Ішкі істер министрлігінің өкілі Насрат Рахими әскери жаттығу орталығының жанында жанкешті лаңкес өзін-өзі жарғанын мәлімдеді. Екі жарылыс болды деп хабарланады. Оқиға лонына  жақын жолдар жабылды.
    • 5 Years ago
    • 0
  • Сирия бойынша келесі кездесу желтоқсан айының басында Нұр Сұлтанға жоспарланған

    НҰР-СҰЛТАН, 18 қараша. Астана форматындағы Сирия бойынша кездесу желтоқсан айының басына ауыстырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today. Сирия бойынша келесі кездесу желтоқсан айының басында Нұр-Сұлтанда болады деп күтілуде, деп  РИА Новостиге  Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді хабарлады. Бұған дейін кездесу қазан айының аяғына жоспарланған болатын, бірақ конституциялық комитетінің  шақырылымына байланысты ол қарашаның ортасына ауыстырылды. Оның […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Мысыр президенті ІІМ басшысы мен арнайы қызмет өкілдеріне терроризммен күресті жалғастыруды тапсырды

    НҰР-СҰЛТАН, 17 қараша. Мысыр президенті Абдел Фаттах ас-Сиси Ішкі істер министрлігі мен арнайы қызмет өкілдеріне қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін елдегі терроризм мен экстремистік идеологияға қарсы күресті бәсеңдетпеуге нұсқау берді , деп хабарлайды РИА Новости президент әкімшілігіне сілтеме жасап.  Президент әкімшілігінің хабарлауынша, бұл премьер-министр Мұстафа Мадбулидің, сондай-ақ Мысырдың Ішкі істер министрлігінің басшысы, жалпы барлау және әкімшілік бақылау басқармасы басшыларының қатысуымен өткен […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Дінтанушы:экстремизмнің таралуынын алдын алудың басты жолы – интернетті дұрыс қолдану

    АЛМАТЫ, 17 қараша. Бүгінгі жаһандану заманында радикалды ағымдардың ықпалынан қорғану мәселесі халықаралық мінберлерден де көтеріле бастағаны мәлім.Халықаралық терроризм, сепаратизм, экстремизм, оның ішінде діни экстремизм халықаралық қауымдастыққа және жалпы адамзатқа қауіп төндіріп отырған келеңсіз құбылыстар болып табылады. Лаңкестіктің бұл түрі неге сан ғасырлар бойы адамгершіліктің асыл қазығы болып келген дінді арқау етіп отыр? Бұл туралы әл-Фараби […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • «Экстремизмсіз Қазақстан» — экстремизмге қарсы жастар қозғалысы

    НҰР-СҰЛТАН, 16 қараша. Діни экстремизмнің алдын алуда жастардың рөлін елеусіз қалдыруға болмайды. Жастар арасында экстремизмге қарсы сананы қалыптастыру, діни экстремизмге қарсы күресте құқықтық және азаматтық жауапкершілік деңгейін арттыру мақсатында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысымен «Экстремизмсіз Қазақстан» жобасы жүзеге асырылуда. Жоба ел жастарының экстремистік және деструктивті діни ағымдарға тартылу қаупін азайту мақсатында экстремизмге қарсы жастар […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Таиландта қоймалардың бірінен ірі көлемде есірткі тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 15 қараша. Таиланд полициясы Бангкоктағы қоймалардың бірінен 176 келі кристалды метамфетамин тәркіледі, деп хабарлайды 24.kz. Есірткінің жартысы жүгіру жолына арналған қосалқы бөлшекке жасырылған екен. Тең жартысы қоймадағы ағаш жәшіктерге салынған. Полицияның ақпарына сай, бір адам қамауға алынған. Сондай-ақ есірткі сатпақ болған топты анықтау үшін тергеу амалдары басталып кетті. Айта кетейік, Мьянмада дайындалған кристалды метамфетаминдер дәл […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Таразда граффити-жазбалар арқылы есірткі жарнамалағандар ұсталды

    ТАРАЗ, 15 қараша. Таразда граффити-жазуларының авторы ұсталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz  Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Полицейлердің мәліметінше, биыл 12 қарашада «Рефлекс-2019» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Тараз қаласы Полиция басқармасының 1-ПБ ЖПҚ қызметкерлері бірлесіп синтетикалық есірткі құралдарын тарататын азаматтарды анықтау бойынша жедел-іздестіру […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Түркия ДАИШ-қа қосылған 10 қазақстандықты еліне депортацияламақ

    НҰР-СҰЛТАН, 15 қараша. Түркия «Ислам мемлекеті» террористік ұйымының (ДАИШ) 956 мүшесін келген елдеріне депортация жасайтынын хабарлады. Олардың арасында Қазақстанның 10 азаматы, 82 өзбекстандық, 23 қырғызстандық, 6 түркіменстандық, 99 ресейлік бар. Бұл туралы түркиялық ақпарат агенттіктеріне сілтеме жасап Азаттық  хабарлады. Түркия тарапының бұл мәлімдемесіне қатысты Қазақстан билігі әзірге ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ. Бұған дейін Түркия президенті Режеп […]
    • 5 Years ago
    • 0