Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Атырауда деструктивті бағыттағы 341 аккаунт анықталды

    АТЫРАУ, 08 қараша. Жыл басынан бері Атырауда діни  салада 55 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері тіркелді, деп atr.kz хабарлайды.  Оның ішінде, заңды діни қызметке кедергі келтіру фактісі бойынша 10 адам, діни мазмұндағы материалдарды заңсыз тарату фактісі бойынша 10 адам және діни алауыздықты тудыратын материалдарды әлеуметтік желілерде тарату фактісі бойынша 35 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып отыр. Бұл туралы […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • ТМД-ға қатысушы елдердің қауіпсіздік органдары өзара іс-қимылды дамыту мәселелерін талқылады

    НҰР-СҰЛТАН, 07 қараша. Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері Өзбекстан астанасында өткен ТМД-ға қатысушы елдердің қауіпсіздік органдары мен арнайы қызметтері басшылары кеңесінің кезекті отырысына қатысты. Бұл туралы Достастық Атқару комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ЭХО Казахстана хабарлады. Сондай-ақ, отырысқа Әзірбайжан мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің, Армения үкіметі жанындағы ұлттық қауіпсіздік қызметінің, Беларусь мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің, Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Түркия ДАИШ басшысы әл-Бағдадидің әйелін қолға түсірді

    НҰР-СҰЛТАН, 07 қараша. Түркия әскери қызметкерлері жақында өлтірілген «Ислам мемлекеті» террор ұйымының жетекшісі Әбу Бәкір әл-Бағдадидің бір әйелін қолға түсірді. Бұл ақпаратты Түркия президенті Режеп Ердоған мәлімдеді, деп Азаттық Радиосы хабарлайды.  6 қарашада Анкара университетінде сөйлеген ол операцияның жай-жапсарын айтпады. «Біз оның әйелін ұстадық, бірақ шу көтерген жоқпыз. Сирия аумағында одан бөлек оның әпкесі мен күйеу баласы […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • СҚО-да синтетикалық есірткілерді өндіретін зертхана жойылды

    ПЕТРОПАВЛ, 07 қараша. Солтүстік Қазақстан облысында синтетикалық есірткі өндірісі анықталды, деп ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазТАГ хабарлайды  . «Солтүстік Қазақстан облысында, қала маңындағы елді мекенде «спайс» деп аталатын синтетикалық препараттар шығарылатын және сатуға дайындалған зертхана анықталды. Синтетикалық есірткі өндірісін жергілікті тұрғын өз үйінде ұйымдастырған. Ол есірткі затының концентратын сатып алған, шөптермен араластырып оны дайындаған, […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • 2008 жылдан бері Ауғанстанға, Иракқа және Сириядағы террористерге 800-ден астам қазақстандық кеткен

    НҰР-СҰЛТАН, 07 қараша. 2008 жылдан бері Ауғанстанға, Иракқа және Сириядағы террористерге 800-ден астам қазақстандық кеткен, деп ҚР ҰҚК терроризмге қарсы орталық бастығының орынбасары Сергей Швейкинге сілтеме жасап ҚазТАГ хабарлайды.  «2008 жылы «Аль-Каидамен» (Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым – ҚазТАГ) байланысты топтардың құрамына кіру үшін біздің азаматтардың Ауғанстанға кетуінің алғашқы деректері тіркелді. 2013 жылдан бастап туристердің […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Дәурен Абаев: Интернетте терроризм насихатталған 13 мың материалға шектеу қойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 07 қараша. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев елімізде деструктивті діни ағымды ұстанатындардың саны азайып келе жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қазақстанда деструктивті діни ағымдармен күрестің алдыңғы шебінде білікті дінтанушылар мен теологтар тұр. Қазіргі таңда республикада дін бойынша 7 мыңнан астам маман жұмыс істейді. Саланың негізгі бағыты – әр адаммен ақпараттық […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Алматыда хабарландыру жүйесінің дайындығы тексеріледі 

    АЛМАТЫ, 07 қараша. Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті хабарландыру жүйесінің дайындығы тексерілетінін хабарлап, тұрғындарға ескерту жасады, деп sputniknews.kz хабарлайды.  Тексеріс барысында электр дабылдарын қосу арқылы «Баршаның назарына!» бірыңғай хабарландыру сигналы беріледі. Осылайша, мамандар теле және радио тарату арналарынан автоматты түрде хабар беріп, жүйенің жұмысын тексермек. Мұндай оқу-жаттығу жиыны Алматыда әрбір айдың бейсенбісінде сағат 12:55-те өтеді. «Бұл […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Қалай алданғанымды білмей қалдым – Сириядан оралған әйелдің әңгімесі

    НҰР-СҰЛТАН, 06 қараша.  ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Youtube арнасында жарияланған «Шырмаудағы гүлдер» деректі фильмінде ДАИШ мүшелеріне алданып қалған алматылық әйелдің өмірі баян етіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Алматылық Еркежан Ермекбайқызы 2016 жылы екі жасар баласын жетектеп, Түркия арқылы, Сирияға ұшып кеткен. Ол ДАИШ құрамында Идлиб қаласында болған. «ДАИШ адамдарының бірі маған әлеуметтік желі арқылы шығып, шынайы […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • «Қордай» өткізу пунктінде Қырғыз Республикасының азаматынан ірі көлемде гашиш есірткісі табылды

    ҚОРДАЙ, 06 қараша. Қордай шекара жасағының аумағындағы «Қордай» өткізу пунктінде Қырғыз Республикасынан Қазақстан Республикасына «Гашиш» есірткі затының ірі көлемдегі партиясын алып өтудің жолы кесілді, деп Kazakhstan Today хабарлайды.  Есірткі затының жалпы салмағы 782 г. Есірткі заты қызметтік итті пайдаланумен ҚР аумағы арқылы Ресей Федерациясына кетіп бара жатқан Қырғыз Республикасы азаматының денесін тексеру барысында табылды. Қазіргі уақытта […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • 20 мың отандасымыз жат ағым жетегінде жүр

    НҰР-СҰЛТАН, 06 қараша. Жиырма мың отандасымыз жат ағымның жетегінде жүр. Ұлттық қауіпсіздік комитеті жаға ұстатар осындай ақпарат таратты, деп хабарлайды 24.kz.  Теріс ағымның шырмауына түскендер «Ирак және Левант лаңкестік ұйымы», «Әл-Каида» сынды лаңкестік топтарға мүше болған. Сөйтіп, елден ұзап, Таяу Шығысқа табан тірегендердің дені тағдырдың тәлкегіне ұшыраған. Көбі көз жұмды, тірі қалғандары елге жеткізілді. Имамдар […]
    • 5 Years ago
    • 0