Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Сарапшы: жасөспірімдер жат ағымға жеңіл ілеседі

    АЛМАТЫ, 05 қыркүйек. Бүгін  Алматыдағы «Ақсай нан» ЖШС қызметкерлері мен жұмысшылары арасында «діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жолындағы» ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  Шараны Алматы байланыс және энергетика университетінің профессоры, философия ғылымдарының кандидаты, Алматы қаласының ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Зарема Абдуллина жүргізді. Сарапшы маман жиналған ұжымға террористік қауіптің алдын алу, отбасылық қатынасты түзеу […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • СҚО-да ірі есірткі партиясы тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН,05 қыркүйек. Солтүстік Қазақстан облысында марихуана мен гашиштің  ірі партиясы тәркіленді, деп Экспресс К хабарлайды. Петропавл қаласының шетіндегі саяжайда жедел қызметкерлер  10 килограмм марихуана мен екі килограмм гашишті сатып жатқан жерінде, бұрын сотты болған 1976 және 1985 жылы туылған облыс орталығының екі тұрғынын қолға түсірді. Одан әрі тінту барысында саяжай учаскелерінің бірінде және жалға алынған […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • БҰҰ өкілі: Жусан арнайы операциясы Орталық Азия елдеріне үлгі болды

    НҰР-СҰЛТАН, 04 қыркүйек.Сыртқы істер министрлігінде сыртқы саяси ведомствоның басшысы Бейбіт Атамқұловтың БҰҰ Бас хатшысының Арнайы өкілі — БҰҰ Орталық Азиядағы превентивтік дипломатия жөніндегі өңірлік орталығының басшысы Наталья Германмен кездесуі өтті, деп мекеме баспасөз қызметі хабарлайды.  Кездесу барысында бейбітшілік пен қауіпсіздік, терроризмге қарсы күрес, су-энергетикалық проблематикасы, превентивті дипломатияны нығайту салаларындағы өңірлік ынтымақтастық мәселелері талқыланды. СІМ басшысы […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Грекияда терроризм үшін жеті шетел азаматы қамауға алынды

    НҰР-СҰЛТАН, 04 қыркүйек. 2017 жылдан бастап 2019 жылдың тамыз айының ортасына дейін Грекияда лаңкестікке және экстремизмге күдікті ретінде жеті шетелдік азамат ұсталды. Бұл ақпаратты  азаматтарды қорғау істері жөніндегі министр Михалис Хризохоидис мәлімдеді, деп Афиналық Македониялық жаңалықтар агенттігіне сілтеме жасап Regnum АА хабарлайды. Тамыз айының басында «Грек шешімі» оңшыл партиясының төрағасы Кириакос Велопулос ел аумағы арқылы […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Терроризмді қаржыландыруға қарсы заңнама халықаралық стандартқа сәйкестендіріледі 

    НҰР-СҰЛТАН, 04 қыркүйек. Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісі Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Гүлжан Қарағұсова Мәжілістің жалпы отырысында айтты. «Аталған заң жобасы Мәжіліске 2019 жылы 27 маусымда енгізілді. Заң жобасын енгізу мақсаттары […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ұлыбританияда 1,3 тонна героин тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 04 қыркүйек. Қылмыспен күрес жөніндегі ұлттық бюро Ұлыбританияның шекара қызметімен бірлесіп құны 120 млн фунттан асатын 1,3 тонна көлеміндегі героинді тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат   telegraph.co.uk агенттігіне сілтеме жасап. Агенттіктің деректеріне қарағанда, 30 тамыз күні Феликсстоув кемежайына тоқтаған MV Gibraltar контейнер тасушысынан 1,3 тоннаға жуық есірткі тәркіленген. Антверпенге бағыт алған кеме жолда Ұлыбританияға тоқтаған.Оны шекара қызметінің […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Бес баласымен Сириядан оралған арыстық әйел азапты күндерін айтып берді

    АРЫС, 03 қыркүйек. Діни сауаттылықтың төмен болуынан Сириядан бір-ақ шыққан Арыс тұрғыны ондағы сұмдық жайттар туралы әңгімелеп берді, деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ. Арыстық 35 жастағы Алтынай (өзгертілді: автор) есімді келіншек жолдасы екеуі алғашында Алматыда тұрған. Кәсіптері дөңгелеп, 2012 жылы жас отбасы Дубай қаласына қоныс аударады. Араға бір жылдай уақыт салып Алтынайдың жолдасы әлдекімдерден ислам діні бойынша […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Гуанчжоу сотында Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты отырыс өтті

    Сыртқы істер министрлігі Қытайда есірткі контрабандасымен айыпталған Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша сот отырысы өткенін жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Бүгін Гуанчжоу сотында есірткі контрабандасымен айыпталған Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша отырыс өтті. Отырыс барысында қорғаушы тарап ұсынған қылмыстық істің материалдары қаралды. Отырысқа қорғаушылар, Қазақстанның Қытайдағы Елшілігінің өкілдері, Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Өзбекстанда терроризм мен экстремизмге қарсы күрес жөніндегі Бас басқармасының бастығы тағайындалды

    НҰР-СҰЛТАН, 02 қыркүйек. Министрлер Кабинеті жанындағы Дін істері комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Нұриймон Абулхасан жаңа қызметке тағайындалды. Дерек көзі бойынша Нұриймон Абулхасан Өзбекстан Республикасы ІІМ терроризм мен экстремизмге қарсы күрес жөніндегі Бас басқармасының бастығы болып тағайындалды, деп Kun.uz хабарлайды. Дін істері комитеті төрағасының орынбасары- діни-әлеуметтік процестерді зерттеу жөніндегі ақпараттық-талдау орталығының директоры Нұриймон Әбілхасан, 1994 жылы […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның Кундуз провинциясында тәліптер қаланы басып алуға әрекеттенді

    НҰР-СҰЛТАН, 02 қыркүйек. Ауғанстанда тәліптер тағы бір қалаға шабуыл жасады. Бұл жолы радикалды топ Бағлан провинциясындағы Пули-Хумри қаласын басып алмақ болған.Бұл туралы 24.kz хабарлайды.  Бірақ үкімет жасақтары содырларға тойтарыс беріп, онға жуық лаңкестің көзін жойды. Тағы бірнеше тәліп қолға түскен. Еске сала кетейік, осыдан бір күн бұрын «Талибан» қарулы топтары Кундуз қаласына шабуыл жасап, 3 […]
    • 5 Years ago
    • 0