Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Нұр-Сұлтанда Сирия жөніндегі келіссөздер өтетін болды

    НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде. Сирия жөніндегі Астана форматындағы кезекті басқосу 1-2 тамызда өтеді, деп хабарлады Ресей СІМ басшысының орынбасары, президенттің Таяу Шығыс және Африка елдері жөніндегі арнайы өкілі Михаил Богданов, деп РИА Новости сілтеме жасап Zakon.kz жазды. «Кездесудің датасы анықталды. Ол отырысқа қатыса алатын барлық мүдделі тараптар арасында келісімге қол жеткізілді. Кездесу 1-2 тамызда Нұр-Сұлтанда өтеді», — деді Богданов. Арнайы […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • БАҚ: Ирактан әкелінген балалар көп ұзамай үйлеріне жіберіледі

    НҰР-СҰЛТАН,11 шілде. Егер дәрігерлер Мәскеуге Ирактан әкелінген балалардың денсаулығынан еш ауыр дерт таппаса, олар бірден дерлік үйіне жөнелтіледі, деп мәлімдеді РФ президенті жанындағы бала құқықтары жөніндегі уәкілетті өкіл Анна Кузнецова, Бұл туралы РИА Новости хабарлайды. Бейсенбіге қараған түні РФ Денсаулық сақтау министрлігінің Балалар денсаулығы орталығына Ирактан 33 баланы алып келді. Балалардың аналары сол жақта түрмеде […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Қазақстанның лаңкестікпен күрес тәжірибесіне жоғары баға берілді

    НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде. Қазақстан Терроризмнен ада әлемге қол жеткізу кодексін жүзеге асыру үшін белсенді еңбек етіп келеді, деп жазады «Хабар 24». Еске сала кетейік, еліміз БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болған кезде Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен бұл құжатты дайындап шығарған болатын. Кодекстің басты мақсаты — лаңкестікке қарсы кең халықаралық коалицияны құру және 2045 жылы атап […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Жат ағымның жетегіне ерген отбасы оқиғасы

    АҚТӨБЕ, 11 шілде. Жат ағымның жетегіне ерген алпыстағы ақтөбелік азаматтың үш ұлы да терроризм бабымен істі болған. Бүгінде асыраушысынан айырылған әйелі мен келіндері өлместің күнін кешіп отыр. Бүтін бір жанұяның бұл жағдайын отбасының таныстары баяндады деп жазады NUR.KZ.  Жанұяның танысы үйдің үлкен ұлы Сирияға кеткен соң қайта оралмағанын айтады. «Отбасының қалған мүшелері де сол елге аттанғалы тұрған […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Кәрім Мәсімов ҚР Терроризмге қарсы орталығының кезекті отырысын өткізді

    НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде. 10 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығының кезекті отырысын өткізді. Бұл туралы ҚазАқпарат Комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Мемлекеттік органдардың басшылары мен өңірлердің әкімдері 2018 — 2022 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асырудың аралық қорытындыларын жасады. […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Таразда банкке «бомба қойған» күдікті ұсталды

    ТАРАЗ, 11 шілде. Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 112 желісіне ер адам қоңырау шалып, «Сбербанк» АҚ Жамбыл филиалының ғимаратына жарылғыш зат қойылғанын айтқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.   Хабарлама алғаннан кейін банк аумағын патруль полициясының «Боран-22» және «Боран-24» экипаж жасақтары қоршап, қаржы-несие мекемесінің 47 қызметкері қауіпсіз жерге көшірілген. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. «Банк мекемесіне шұғыл […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Лаңкестер сириялықтардан босқындар лагерінен шыққаны үшін ақша бопсалайды

    НҰР-СҰЛТАН 10 шілде. «Джейш Магавир ат-Таур» лаңкестері Сириядағы «Эр-Рукбан» босқындарының лагерінен шығу үшін өтеу құнын $1,5 мыңға дейін көтерді, деп ФАН-ға сілтеме жасап  REGNUM хабарлайды Соңғы айда бір отбасына өтеу құны $ 1,2 мың теңгеге өсті, деп хабарланады. Сондай-ақ, содырлар лагердің айналасындағы өз блокпостарының санын 12-ден 14 данаға дейін арттырды. Бұл ретте террористер лагерьде қалған босқындардың […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Жетісу полицейлері марихуана өсірген екі азаматты ұстады

    ТАЛДЫҚОРҒАН,10 шілде. Соңғы бір тәулік ішінде Алматы облысында есірткі тектес өсімдікті баптаудың екі дерегі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Алғашқы дерек облыс орталығына жақын маңда орналасқан Көксу ауданында тіркелді. Тәртіп сақшылары жедел ақпарат негізінде жергілікті тұрғынның үйінен жалпы салмағы 9 кг жуық болатын 50 түп марихуананы тәркіледі. «Марихуана күдіктінің бақшасында өсірілген. Сонымен қатар, полицейлер оның моншасынан […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Астанада қаланың құлақтандыру жүйесін тексеру жүргізіледі

    НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде. Бейсенбі, 11 шілде күні сағат 09.55-те Нұр-Сұлтанда құлақтандыру жүйесі тексеріледі, деп Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап SMART ASTANA хабарлайды. Төтенше жағдайлардың пайда болу қаупі кезінде халықтың назарын аудару үшін электродабылдар немесе басқа да дабыл құралдары енгізіледі, бұл «Назар аударыңыз!» деген біріңғай құлақтандыру  сигналы. «Бұл сигналды естігенде, халық орын […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның арнайы күштері талибтердің үш бөлімшесін жойды

    НҰР-СҰЛТАН 10 шілде. Ауған арнайы қызметі оңтүстік Гильменд провинциясында талибтердің үш бөлімшесіне шабуыл жасады, деп хабарлайды АфТАГ.   Арнайы операциялар корпусы шығарған мәлімдемесіне сәйкес, арнайы қызметтер сейсенбі күні кешкісін Каяка ауданындағы талибтердің позициясына шабуылдады. Мәлімдемеде арнайы қызметтер операция кезінде үш бөлімшені жойған делінген. Сонымен қатар, арнайы қызметтер  қаруды, 3 радиоқабылдағышты, 3 компьютерді, пәкістандық ұлттық жеке куәлігін, […]
    • 5 Years ago
    • 0