Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Алматыда бірқатар мекемеге жарылғыш зат қойылды деген ақпарат жалған — полиция

    АЛМАТЫ, 11 маусым. Алматы полициясы қаладағы соттардың ғимаратын тексеріп шықты. Ғимараттарда жарылғыш зат қойылған деген ақпарат жалған болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, белгісіз біреулер Алматыдағы бірқатар ғимараттарда жарылғыш зат бар екенін хабарлаған. Қазір қаланың жедел және шұғыл қызмет өкілдері Алматыдағы бірқатар мекемелерде, атап айтқанда сот ғимараттарында тексеру […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Таразда бұрын сотталған ер адамнан 20 келі марихуана тәркіленді

    ТАРАЗ, 11 маусым. Таразда бұрын сотталған павлодарлықтан 20 кг астам марихуана тәркіленді, деп Жамбыл облысы полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметіне сілтеме жасап KazTAG хабарлады.  «9 маусымда «Көкнәр-2019» ЖПШ барысында Жамбыл облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Тараздағы автовокзал жанынан бұрын сотты болған Павлодар қаласының 39 жасар тұрғынын ұстаған. «Бава» есімді қызметтік итті қолдану […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Еуропа әлемдегі ең үлкен есірткі базары екені белгілі болды

    НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым. Еуропадағы Есірткі және оған тәуелділікті зерттеу орталығы  жақында жылдық есебін жария етті. Зерттеу нәтижесі таңқаларлық мәліметтерді ортаға салады. Онда есірткі өнімдерінің Еуропаға қандай жолмен кіретінін және оны тұтынатындар туралы мәліметтер көрсетілген.Бұл туралы The Qazaq Times хабарлайды.  Есірткі және оған тәуелділікті зерттеу орталығы мәліметіне қарағанда, Еуропадағы есірткі өнімдерінің басым көбі ЕО елдерінің өзінде […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Күзет қызметі басқармасында семинар өтті

    ТАРАЗ, 10 маусым. Жамбыл облысы әкімдігі Дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі Жамбыл облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлеріне «Діни экстремизм мен терроризмнің қатері» тақырыбында семинар өтті, деп kazislam жазады.  Семинарда Дін мәселелерін зерттеу орталығының қызметкері А.Сәрсенбаев Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасының негізгі бағыттарын, қоғамдық келісімді […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Үндістанның Премьер-Министрі терроризм бойынша конференция өткізуге шақырды

    НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым. Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди аймақтағы және бүкіл әлемдегі терроризм қаупіне қарсы күрес бойынша жаһандық конференция өткізуге шақырды, деп TOLOnews-ке сілтеме жасай отырып ИрТАГ хабарлайды.   Мальдив елінің астанасы Мале қаласында, қайта сайланудан кейінгі алғашқы шетелдік сапарында  парламент алдында сөз сөйлегенінде  «терроризм — тек бір елге ғана емес, бүкіл әлемге қауіп төндіреді» деп […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • ИМ содырлары Пальмира маңында армиялық патрулге шабуыл жасады

    НҰР-СҰЛТАН, 09 маусым. Пальмираның оңтүстігінде Сирия армиясының патруліне «Ислам мемлекеті» тобы содырларының шабуылынан кейін үш жауынгер қайтыс болды, деп хабарлайды РИА Новости Al-Masdar News порталына сілтеме жасап. Порталдың мәлімдеуінше, террористер торуылдан шабуыл жасаған, қаза тапқандардың арасында бір офицер бар. Портал атап өткендей, соңғы уақытта террористер САР әскерилеріне және оның одақтастарына шабуыл жасауды жиілетті. Өткен айда 100 әскери қызметкер мұндай шабуылдардың […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • БАҚ: Мәскеудегі кесене мен Құтқарушы Христос храмындағы жарылыс қаупі расталмады

    НҰР-СҰЛТАН, 09 маусым. Мәскеуде адамдар жаппай болатын 16 объектіде, соның ішінде Құтқарушы Христос храмы мен Останкино телемұнарасында,  жарылыс қаупі расталмаған, қауіпті заттар табылған жоқ, деп елорданың шұғыл қызмет өкіліне сілтеме жасай отырып РИА Новости хабарлайды. «Миналау»туралы анонимді хабарламадан кейін Мәскеудің әртүрлі аудандарында адамдар жаппай болатын 16 нысанды тексеру туралы хабарланған болатын. Олардың арасында Құтқарушы Христос […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Сириядан оралғандардың хиқаялары –Анамды көруді армандадым

    НҰР-СҰЛТАН,08 маусым. Ұлттық қауіпсіздік комитетінде Сириядағы ұрыс іс-қимылдар аймағынан 524 қазақстандыққа отанына оралуға  мүмкіндік берген  «Жусан» арнайы операциясы туралы деректі фильм көрсетілді.  Кадрларда қазіргі уақытта оңалтудан өтіп жатқан әйелдер мен балалар көрсетілген, деп Tengrinews.kz хабарлайды. «Жусан» гуманитарлық операциясы барысында 524 Қазақстан азаматы, оның ішінде 30 ер адам, 137 әйел адам мен 357 бала Сирия еліндегі […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Жыл басынан бері 4 мыңға жуық есірткі жарнамалаған сайт жабылды

    НҰР-СҰЛТАН, 08  маусым. 2019 жыл басталғалы еліміз бойынша есірткі жарнамалаған 3766 интернет ресурс анықталып, бұғатталды, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Биыл жалпы саны 3766 есірткі жарнамалаған сайт анықталып, жабылды. Одан бөлек, есірткі жарнамалаған 1100  граффити стиліндегі сурет табылды. Бүгінде олардың тізімі ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне жіберіліп бұғатталды. Ал суреттерді жою жұмысына жастар мен еріктілер тартылуда. […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Тәжікстанның астанасында есірткіге қарсы «Кукнор-2019» операциясы өтуде

    НҰР-СҰЛТАН, 08 маусым. Душанбе қаласында «Кукнор-2019» (Мак-2019) операциясы өтеді, деп жазады ТаджикТА. «Тиісті жарлыққа Душанбе қаласының төрағасы Рустам Эмомали қол қойды», — деп хабарлады елорда мэриясының баспасөз қызметі. Бұл есірткіге қарсы операция екі кезеңде өтеді. «Кукнор-2019» операциясының бірінші кезеңі 1 маусымнан 31 тамызға дейін болады, ал операцияның екінші кезеңі ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап 30 қарашасына дейін […]
    • 6 Years ago
    • 0