Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Сирия мен Ирак аумағынан оралған балалар ДНК-сынақтан өтеді

    АСТАНА, 19 қаңтар. Сириядан елімізге оралған балалар ДНК-сынақтан өтеді.Бұл жөнінде Қоғамдық даму министрлігінде айтты, деп Astana телеарнасы хабарлайды. Бұл процедура елге жеткізілген жеткіншектерді асырап алғысы келетін ағайындары үшін жасалмақ.Сонымен қатар, ведомство өкілі тағы 30 әйел мен 60 баланы Қазақстанға қайтаруға дайындап жатқанын жеткізді. Сирия мен Ирак аумағында барлығы бес жүзден астам жасөспірім жүр. Олардың көбісі […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Полиция: Вирус жұқтыратын лаңкестер туралы ақпарат жалған болып табылады

    АҚТАУ, 19 қаңтар. Ақтау тұрғындары әлеуметтік желілерде вирус жұқтыратын лаңкестер тобы туралы ақпаратты белсенді түрде таратып жатыр. Маңғыстау облысының полиция департаменті ақпаратты жалған деп атады, деп хабарлайды Лада. «Ескерту! Кімде-кім «біз медициналық мектептенбіз, қандағы қант мөлшерін тегін тексереміз» десе, бас тартыңыздар. Бірден полицияға хабар беріңіздер. Олар — I.S.I.S террористері, олар қанға вирус енгізіп жүр. Отбасы […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Қазақстанда азаматтарды Сириядан эвакуациялау туралы кино түсіруді ұсынды

    АСТАНА, 16 қаңтар. Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов сәрсенбіде Премьер-министрге Қазақстанның азаматтарын Сириядан эвакуациялау туралы операцияға негізделген «жоғары көркемдік» фильм түсуруге тапсырма беруді сұрап сауал жасады, деп хабарлайды КазТАГ. «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша жүзеге асырылған қазақстандық азаматтарды құтқару операциясы жастар жылында жас ұрпақты патриоттық тәрбиелеуге арналған жоғары көркем фильмдерді құрудың керемет желісі бола алады», […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Шетелдіктер Қазақстанда теракт дайындады

    АЛМАТЫ, 14 қаңтар. 2019 жылдың 10 қаңтарында Алматы қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті өткізген арнайы операция нәтижесінде террористік актілер жасауға дайындалған деген күдікпен Орта Азияның тумалары болып табылатын шетел азаматтарынан құралған топ мүшелері ұсталды. Күдіктілердің уақытша тұрып жатқан мекенжайларын тінту кезінде олардан өте қуатты жарылғыш заттар әзірлеуге арналған көп мөлшердегі компоненттер, сондай-ақ қару-жарақ пен оқ-дәрілер тәркіленді. […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Арын: Сириядан оралғандарды мемлекет қамқорлығына аламыз

    АСТАНА, 13 қаңтар. 11 қаңтарда Астана қаласында Қоғамдық даму вице-министрі Берік Сақбайұлы Арын балалары террористік белсенділігі жоғары Сирия-Ирак аймақтарына кеткен ата-аналармен кездесу өткізді. Жиынға ҚР азаматтарын елге қайтару мәселері бойынша мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты, деп kazislam.kz сайты хабарлайды. Кездесуде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан азаматтарын Сириядан эвакуациялау жөніндегі гуманитарлық шараның аяқталуына байланысты жасаған мәлімдемесіне байланысты атқарылып […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • ҰҚК: Соңғы 2 жылда Қазақстаннан Сирияға бірде-бір азамат барған жоқ

    АСТАНА, 11 қаңтар. Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің алдын алу және түсіндіру жұмыстарын жүргізуінің арқасында соңғы 2 жылда Сириядағы қақтығыс аумақтарына Қазақстан аумағынан бірде-бір адам шықпаған, деп жазады Kazislam.kz сайты. «Әлбетте, Сыртқы істер министрлігіндегі әріптесім (вице-министр Ержан Ашықбаев — авт.) айтқандай, бұл бағыттағы жұмыс ары қарай жалғасын табады. Қақтығыс басталғалы бері, әрине, барлық жауапты мемлекеттік органдар […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Баламмен сөйлескенде артында мылтығы бар адамдар тұрды – Сирияда ұлынан айырылған ана

    АСТАНА, 10 қаңтар Баласы Сирияда көз жұмған қарағандылық Ботагөз Мақатова баласының біреулерге алданып қалғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ботагөз Мақатова баласы тірі кезінде онымен скайп арқылы сөйлескенін жеткізді. «Ұлым менен кешірім сұраумен болды. Өзі де жағдайдың сол арнаға бұрылатынын білмеген ғой. Баламды еске алған сайын көзімнен жас, көңілімнен зар төгіледі. Әрине, туғандарын сол жақтан […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Сириядан елге қайтарылған қазақстандықтар: 7 адам тергеліп жатыр

    АСТАНА, 10 қаңтар.  Терроризмге қатысы бар деген күдікпен Сириядан оралған жеті қазақстандыққа қатысты тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы бүгін ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің басшысы Бақытбек Рақымбердиев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 9 қаңтар күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сирияда террористердің қолында кепілде болған 47 қазақстандықтың елге қайтарылғаны туралы мәлімдеме жасаған болатын. Олардың ішінде 6 ер адам мен […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Лаңкестікпен күреске арналған арнайы техниканы Қазақстан жеңілдікті шарттармен алады

    АСТАНА, 09 қаңтар. Пленарлық мәжіліс барысында Мәжіліс «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің терроризммен және экстремизмнің өзге де көріністерімен күрес саласындағы құзыретті органдарды материалдық-техникалық қамтамасыз етудегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали Билисбеков депутаттарға мәлімдегендей, құжат Қазақстанға ғана емес, Достастықтың барлық елдеріне осындай арнайы техниканы жеңілдікпен […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Қазақстан Сириядан азаматтарды қайтару арқылы қауіпсіздік мәселелерін шешіп отыр — Қарин

    АСТАНА, 9 қаңтар. Сириядан Қазақстан азаматтарын қайтару арқылы біздің мемлекет гуманитарлық мәселелермен бірге, қауіпсіздік мәселелерін де шешіп отыр. Қақтығыс аймақтарынан 47 Қазақстан азаматының оралуына қатысты белгілі саясаттанушы Ерлан Қарин осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Бұл — үлкен маңызды гуманитарлық іс-шара. Себебі, әскери іс-қимылдар, үлкен қақтығыстар орын алып отырған аймақтан біздің азаматтарды елге қайтару […]
    • 6 Years ago
    • 0