Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Діни сауатсыздық қалың тұман секілді айқын бағыттан адастырады

    Терроризм мен экстремизм идеялары таралуының алдын алу, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бұқараға ұғындыру мақсатында Ақжайық ауданының орталығы Чапаевта «Рухани бірлік – ел болашағы!» атты жүздесу өтті. Шараны аудан әкімі Әділ Жоламанов ашып жүргізді. Жат идеологияның әрекеті ойлы адамның бәрін алаңдатып […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Жұмыстың күрделілігіне қарамастан, атқарылған іс қомақты

    Көкшетау. 28 ақпан. Ақмола облыстық дін істері басқармасында «Насихат» кеңес беру-оңалту орталығы» қоғамдық бірлестігінің директоры Ермек Баяділов өткен жылғы басқарма жариялаған үш лот аясында мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс шеңберіндегі қызметтерді іске асыру қорытындылары бойынша есеп берді. Бұл туралы Арқа ажары хабарлайды. Шараға үкіметтік емес ұйымдар және мүдделі мемлекеттік органдар мен БАҚ өкілдері қатысты. «Насихат» қоғамдық бірлестігінің директоры Ермек […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Сайрамда «терроризм» күдігіне ілінген тұрғынның соты басталды

    Сайрам. 27 ақпан. Оңтүстік Қазақстан облысының (ОҚО) Сайрам аудандық сотында «терроризм» ісі бойынша сотталушы Дастанбек Белдімұратов ісі қарала бастады деп хабарлайды Азаттық тілшісі. Дастанбек Белдімұратов — «терроризмді насихаттады» және «діни алауыздықты қоздырды» деген күдікке ілінген жергілікті он тұрғынның бірі. Сотта судья Әбдісейіт Әшірбаев төрағалық жасайды. Сот отырысына айыпталушы мен оның туыстары қатысып жатыр. Дастанбек Белдімұратов […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Ақтөбеде діни радикализм тақырыбында қойылым көрсетілді

    Ақтөбе. 26 ақпан. Тахауи Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры 25 ақпан күні «Үлкен сұрақ» атты қойылымның премьерасын өткізді. Ақтөбе облыстық дін істері басқармасының тапсырысымен сахналанған бұл қойылым консервативтік діни көзқарасты ұстанушы жастар Сәлімбай мен Сәнияның тағдыры туралы, деп хабарлайды «Азаттық Радиосы«. — Бұл болған оқиға негізінде жазылған сценарий. Қойылымның басты кейіпкері ақтөбелік әйел залда, […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Жаңаөзендік құтқарушылар арасында экстремизм мен терроризмнің алдын-алу шарасы ұйымдастырылды

    Жаңаөзен. 26 ақпан. Жаңаөзен қаласы № 13 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің акт залында «Терроризм мен экстремизм идеологиясы: жастардың ортасындағы қарсы әрекет мәселесі» тақырыбына арналған дөңгелек үстел отырыс өтті, деп хабарлайды Тумба.kz. Экстремизм мен терроризмнің деструктивті ағым ретінде қаупі, әлемнің әр түпкірінде оның біртіндеп үдеуі, сондай-ақ жастар ортасында таралмауын ескерту механизмдерін түсіндіруге қатысты мәселелерді талқылау шарасы […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Сайрамдық бес тұрғын «терроризм» айыбымен сотталды

    Сайрам. 23 ақпан. Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында «терроризмді насихаттады» және «діни алауыздықты қоздырды» деген күдікке ілінген он адамның бесеуіне үкім шықты. Бұл туралы Азаттыққа Сайрам аудандық сотының судьясы Дина Тойжанова хабарлады. «Родикул Маккомбаев, Гафуржан Парпиев, Даниер Умаров, Махмуджон Худайбергенов, Фаррух Аскаров кінәсін мойындау түрінде процессуалдық келісім жасасып, Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігімен («Терроризмдi насихаттау немесе терроризм […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • ФҚҚ террористік іс-әрекеттің алдын алды

    Санкт-Петербург, 23 ақпан. Федералдық қауіпсіздік қызметі Петербургте террористік іс-әрекеттің алдын алды, деп хабарлайды РИА Новости. Бейсенбі күні, 22 ақпанда, ФҚҚ жергілікті басқарма қызметкерлері Орталық Азия тумасын ұстап алды. Ведомстваның ақпаратына сәйкес, ол транспорттық инфрақылырм объектілерінде және адам толы жерде шабуыл жасамақ болған. ФҚҚ дереу-іздестіру жұмыстарын және тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.  Қылмыскердің тұлғасы әзірше құпияда сақталуда.
    • 7 Years ago
    • 0
  • Діни ресурс көздері қатаң бақылауға алынды

    Астана. 23 ақпан. Алматы қаласындағы «Нұр Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университетін Қазақстанға беру туралы келіссөз жүргізіліп жатыр. Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Нұрлан Ермекбаев осылай деді. Мәжілісте мәлім болғандай, елімізде діни материалдарды тарататын арнаның барлығы бүгінгі таңда қатаң бақылауға алынған. Былтыр 11 мыңға жуық интернет ресурстың мазмұнына талдау жүргізілген. Нәтижесінде […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Бейбітшілік бағасын сезіну қанша тұрады?

    Астана. 22 ақпан. Телефон желісінің ар жағынан «Сәлеметсіз бе?!» деген жас келіншектің жарқын үні естілді. Өзімді таныстырып, жұмыс істейтін басылымның атын айта бергенімде «А, сіз біздің үйге газет әкелейін дедіңіз бе?» деді жаңағы үн балалық бір қызығушылық араласқан ырғақпен. «Жоқ, мен журналиспін» дедім, әлгі әйелдің әсерлі, көңілді қалпын бұзғым келмесе де, әңгіменің барысына бірден көшуді […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Синай түбегіндегі операция барысында лаңкестердің көзі жойылды

    Каир. 22 ақпан. Египет армиясы Синай түбегінің солтүстігі мен орталық бөлігінде лаңкестікке қарсы операция жүргізіп, 4 содырдың көзін жойды, деп хабарлайды Хабар 24. Сонымен қатар әскери әуе күштері 8 нысанды талқандаған. Бұл туралы елдің күштік құрылым өкілдері хабарлады. Әскерилер лаңкестердің аймаққа жасырған қоймалары мен бекіністерін тауып, оқ дәрілерін тәркілеген. Айта кетейік, Синай түбегіндегі әскери операция […]
    • 7 Years ago
    • 0