Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • 2019 жылы тіркелмеген телефондар істен шығады

    Астана. 16 ақпан. 2019 жылдың қаңтар айынан бастап тіркелмеген ұялы телефондарға байланыс қызметі көрсетілмейді. «Уақыт өте тығыз, оның үстіне көп адам телефондарын барып тіркетуге ерінеді. Сол себепті, қазір ЭЦҚ, SMS және USSD арқылы онлайн тіркелу мәселелері қарастырылып жатыр», — деді ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев. Мұнымен қатар, министр IMEI код мәселесінің 2016 жылдан […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Бағдар — діни ахуал тұрақтылығын қамтамасыз ету

    Ақтөбе. 15 ақпан. Облыс басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен діни бірлестіктермен байланыс кеңесінің отырысы өтті. Оған діни бірлестіктердің, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары мен дінтанушы ғалымдар қатысты. Отырыс кезінде діни ахуал сарапталып, оны әрі қарай жақсарту шаралары қаралды. 2017 жылғы іс-шаралар қорытындысы туралы баяндаған облыстық дін істері басқармасының басшысы Жолдас Қалмағамбетов есеп беру кезеңінде аймақтағы […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Терроризм актiсi туралы жалған хабар таратқаны үшін сотталды

    Алматы. 15 ақпан. Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотымен қылмыстық кодекстің 273 бабы бойынша қылмыс жасағаны үшін Е.-ге қатысты қылмыстық іс қаралды. Бұл туралы Алматы қаласының баспасөз қызметі хабарлайды. Соттың анықтауы бойынша, 2017 жылдың 22 қазанында сағат 03:00 шамасында Е., масаң күйде, 28 гвардияшы Панфиловшылар саябағының территориясында, Алматы қаласы Гоголь көшесі 40 орналасқан «Чукотка» […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Ұлыбритания лаңкестік үгітке тосқауыл қоюдың жолын тапты

    Ұлыбритания. 15 ақпан. Ұлыбританиялық мамандар интернетте лаңкестікті насихаттайтын материалдарды анықтайтын жаңа технология ойлап тапты. Бағдарлама аудио және видеоларға сараптама жүргізіп, лаңкестікке үндейтін тұстарын автоматты түрде таниды. Бұл туралы Корольдіктің ішкі істер министрлігі хабарлады. Сынақ барысында қосымша 94 пайыз нақты нәтиже берген. Мәселен, бағдарлама 1 миллионнан астам бейнероликті тексергеннен кейін адамның ой елегіне ең күдікті деген […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Экстремизм мен суицидке жол жоқ!

    Тараз. 14 ақпан. Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру мекемесінде «Экстремизм мен суицидке жол жоқ!» тақырыбында семинар өтті. Соңғы уақытта экстремизм мен суицид тақырыбы тек Ішкі істер саласында ғана емес жалпы қоғамдағы өзекті мәселеге айналып отыр. Осы тақырыпқа байланысты өткізілген семинарға Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының «Дінтану орталығының» жетекшісі Алпысбаев Бақтияр Қаржаубайұлы арнайы шақырылды. Ол […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Әскери қызметкерлерге жаңа заң жобасы туралы айтылды

    Маңғыстау. 13 ақпан. Маңғыстау облысы дін істері басқармасына қарасты «Дін мәселелері бойынша ақпараттық-талдау орталығы» мамандары Ақтаудағы №3502 әскери бөлімінде арнайы кездесу ұйымдастырып, мемлекеттің дін саласына қатысты ұстанған саясаты, діни ағымдардың алдын алу, деструктивті ағымдарға қатысты қолданылатын жауапкершілік шаралары туралы баян етті. Бұл туралы Маңғыстау облысы Дін істері басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Сұхбатқа қатысқан теолог-мамандар «радикализм», […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Ақтөбеде терроризмге төтеп беретін талаптарды орындамаған 7 мектеп директоры айыппұл төледі

    Ақтөбе. 9 ақпан. Ақтөбе облыстық ішкі істер департаменті стратегиялық нысандарды тексеру жұмыстарын бастады. Жыл басынан бері 40 нысан тексеріліп, 2 хаттама толтырылды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Ақтөбелік құқық қорғаушылары жыл сайын терроризмге қарсы күрес жұмыстарын жүргізеді. Мемлекеттік мекемелер, стратегиялық аймақтар мен адам көп шоғырланатын нысандардың бәрі арнайы камерамен жабдықталуы тиіс. Сонымен қатар, камерадағы жазба 30 […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Алматының әскери органдарында діни экстремизмнің алдын алу онкүндігі өтті

    Алматы. 8 ақпан. Бүгін Алматы қаласының жергілікті әскери басқару органдарында Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризимге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламасына сәйкес «Әскери қызметшілерді және олардың отбасы мүшелерін діни-экстремизм мен терроризмнің деструктивті идеология ықпалынан сақтау және түсіндіру» тақырыбында онкүндік өтті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Онкүндіктің басты мақсаты – еліміздегі діни экстремизм көріністерінің алдын алу және терроризм […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • БҰҰ: «Әл-Қаида» көп аймақта ДАИШ тобынан да қауіпті

    БҰҰ. 8 ақпан. «Әл-Қаида» террорлық ұйымы әлемде көп аймақ үшін ДАИШ (Қазақстан аумағында тыйым салынған ұйымдар) экстремистік тобынан да қауіпті болып тұр» деп мәлімдеді БҰҰ сарапшылары. Associated Press агенттігі көрген БҰҰ баяндамасында «Әл-Қаиданың» әлі де күші бар және Йемен мен Сомали сияқты елдерде қауіпті екені айтылады. Сарапшылар тобы аталған екі ұйымға қарсы санкцияларға мониторинг жасап, БҰҰ […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • ҚБР азаматы жалған терроризм үшін жауапкершілікке тартылады

    Нальчик, 8 ақпан.  Қабарда-Балқарияда Нартан елдімекенінің тұрғыны Мәскеуде метро станцияларында жарылғыш зат орналасқаны туралы жалған ақпарат хабарлағаны үшін жауапкерлішікке тартылады, деп хабарлайды Кавказ сегодня. Өткен жылдың қыркүйек айында ер адам өз үйінде отырып, ұялы телефонынан Чегем елді мекенінің жедел жәрдем бөліміне хабарласып, Мәскеу қаласының метро станцияларында жарылғыш зат қойылғаны туралы айтқан. Сонымен бірге бұл туралы тиянақты […]
    • 7 Years ago
    • 0