Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Путин Назарбаевтың террористерге қатысты шешіміне пікір білдірді

    Мәскеу. 12 сәуір. Ресей президенті Владимир Путин Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ислам мемлекеті» (Қазақстанда тыйым салынған) террористік ұйымға кірген қазақстандықтарды азаматтығынан айыру туралы шешіміне қатысты пікірін білдірді. Ресей Конституциясына сәйкес, біз ешкімді азаматтығынан айыра алмаймыз. Дегенмен, біз азаматтықты алуға негіз болған тиісті шешімдердің күшін жоя аламыз. Жақын арада заңгерлермен консультация жүргізіп, шешім қабылдаймыз деген ойдамын», — деп атап […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Дағыстанда автокөлік ішінен полиция қызметкерлеріне оқ атқан үш лаңкестін көзі жойылды

    Мәскеу. 12 сәуір. Дағыстанда автокөлік ішінен полиция қызметкерлеріне оқ атқан үш лаңкестін көзі жойылды. Бұл туралы ТАСС хабарлайды. Ұлттық терроризмге қарсы комитетінің ақпараттандыру орталығының хабарына сәйкес, «бүгін (11 сәуірде) 21:25 сағат (мск) шамасында Дағыстанның Кумторкалинск ауданында орналасқан Тюбе елді мекенінің жанынан өтетін федералды тас жолында ФҚҚ және ІІМ қызметкерлері Chevrolet автокөлігін тексеруге тоқтатпақ болды». Алайда, автокөлік ішінде отырғандар құқық қорғау мекемелерінің […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Мәскеуді террористерден «Анаконда» қорғайды

    Мәскеу. 11 сәуір. Мәскеуде «Анаконда» арнайы операциясы жүріп жатыр. МДА жолында мобильді бөлімшелер кезекшілік етеді, олардың ішіне ФҚҚ және ІІМ сарбаздары кірді. Қарулы қорғанды Рессей ұланы сарбаздары қамтамасыз етеді. Бұл туралы «Комсомольская правда» хабарлайды. — Операцияның басты мақсаты ол — қару және ату жарақтарын таситын экстремистерді табу. Украина мен Кавказ жақтан, — деп «Комсомол» агенттігіне құқық […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Ақтөбеде аудан әкімі білікті теолог іздеп жүр

    Ақтөбе. 11 сәуір.  Ақтөбенің Мұғалжар ауданында діни ахуал қиын. Сондықтан бұл ауданда діни орталық ашылып, әкім Ербол Данағұлов білікті теологтар іздеп жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ақтөбенің Мұғалжар ауданында жат ағым жетегінде жүргендер әлдеқайда көп. Қазіргі күні есепте 450 адам тұр. Көбі отбасылы, балалы-шағалы. Есеп бойынша, барлығы 192 отбасының діни көзқарасы аудандық ішкі саясат жанынан […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Мысырдағы терактілерді жасаған кімдер

    Әбу-Даби. 11 сәуір. Жексенбі күні Мысырда жанкешті лаңкестер екі шіркеуде жарылыс жасады. «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісінің хабарлауынша, лаңкестердің аты-жөні Әбу Ысқақ әл-Масри және Әбу әл-Бараа әл-Масри екені анықталды. Әбу Ысқақ әл-Масри Александриядағы христиандық шіркеуде теракт жасаған. Ол 1990 жылы қыркүйек айында Маньята Аль-Камда дүниеге келген. Сауда бакалавры дәрежесін алған. Оның Кувейтте төрт ай есепші болып жұмыс […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • «Ислам мемлекеті» ұйымының қатарына енетін қазақстандықтар азаматтығынан айырылады — Назарбаев

    Астана. 11 сәуір. Қазақстанда тыйым салынған «Ислам мемлекеті» ұйымына кіретін қазақстандықтар азаматтығынан айырылады. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев «МИР 24» телеарнасына берген сұхбатында айтты. «Қазақстандағы заңнамаға сәйкес, біздің еліміздің құзырындағы азамат кетіп, қандай да бір экстремистік ұйымға кіретін болған жағдайда ол отанына қайтып келе алмайды: автоматты түрде азаматтығынан айырылады. Бұл мәжбүрлі шара. «Ислам мемлекеті» (Қазақстанда тыйым салынған) террористік ұйымында […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Нигерияда «Боко Харам» ұйымының 57 лаңкесінің көзі жойылды

    Абуджа. 11 сәуір. Нигерия қауіпсіздік қызметі «Боко Харам» радикалды исламдық топтың 57 лаңкесінің көзін жойды, деп хабарлайды  Рейтер мемлекеттін қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. Агенттіктің хабарлауынша, бұған дейін «Боко Харам» лаңкестері Нигерияның оңтүстік-шығыс жағында орналасқан Диффа ауданының ауылына шабуыл жасаған. 15 сарбаз және екі азамат қайтыс болды. «57 террористің көзі жойылды», — деген қорғаныс министрлігінің хабарламасын агенттік келтіреді. Сондай-ақ, […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • «Швед террористімен» екінше күдіктінің арасында полиция қызметкерлері байланыс тапты

    Стокгольм. 11 сәуір. Швеция полициясы теракт ұйымдастырған болжамды күдіктімен, жексенбі күні ұсталған екінші күдіктінің арасында байланыс тапты. Бұл туралы Лайф Aftonbladet сілтеме жасап хабарлайды. Полиция өкілінің хабарлауынша, екінші күдікті болжамды террористпен байланысы болған, және оқиға қатысы бар, бірақ тікелей шабуылдаушы болмауы мүмкін. Бұған дейін, Стокгольм қаласында орын алған теракт болжамды ұйымдастырушының Узбекистаннан шыққан Рахмат Акилов екені белгілі […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Мемлекет басшысы Мысыр Президентіне Танта және Александрия қалаларында болған террорлық актілерге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

    Астана. 10 сәуір. Мемлекет басшысы Мысыр Араб Республикасының Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисиге Танта және Александрия қалаларында болған террорлық актілерге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда Баспасөз қызметі. Қазақстан Президенті Танта және Александрия қалаларындағы копт православ шіркеулеріндегі террорлық акт салдарынан көптеген адамның қаза болғаны және зардап шеккені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады. «Қазақстан халқының […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Елбасы Швеция Короліне Стокгольм қаласында болған террорлық актіге байланысты көңіл айтты

    Астана. 10 сәуір. Нұрсұлтан Назарбаев Швеция Королі XVI Карл Густавқа Стокгольм қаласында болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда Баспасөз қызметі. Жеделхатта Стокгольмдегі террорлық акт салдарынан адамдардың қаза болғаны туралы хабарды Мемлекет басшысы зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған. «Біз Швеция халқы мен үкіметінің халықаралық терроризмге қарсы тұру ниетін қолдаймыз. Қаза болғандардың отбасылары […]
    • 7 Years ago
    • 0