Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Нальчик тұрғыны ИМ содырларын қаржыландырды деген күдікке ілінді

    НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым. Кабардин-Балқарияның тергеу органдары Сириядағы содырларға қару-жарақ пен техника сатып алу үшін 250 мың рубль аударды деген күдікке ілінген Нальчик тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғады,  деп облыс бойынша РФ Тергеу комитетінің Тергеу басқармасы хабарлайды. Бұл туралы РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.     «Тергеу мәліметтері бойынша, 2013 […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Алматыдағы сауда үйінің біріне «жарылғыш зат қойылды»

    АЛМАТЫ, 22 маусым. Алматыда қаланың ірі сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінің қызметкерлері мен келушілері эвакуацияланды, деп хабарлайды Zakon.kz. Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2022 жылғы 21 маусымда сағат 16:09-да Алматыдағы сауда үйлерінің біріне жарылғыш зат қойылды деген хабарлама келіп түскен. «Мұндай хабарламаларға бастапқы ден қою алгоритмінің шеңберінде, бірінші кезекте орталыққа келушілер мен қызметкерлерді эвакуациялау жүзеге асырылды. Жол-патрульдік полиция […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Нигерияның Кадуна қаласында екі шіркеуге жасалған шабуылдан сегіз адам қаза болды

    НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым. Нигерияның Христиан қауымдастығының (CAN) ресми өкілі қарулы адамдар жексенбі күні солтүстіктегі Кадуна штатында екі шіркеуге жасалған шабуылда сегіз адамды өлтіріп, тағы 38 адамды ұрлап әкеткенін мәлім етті. Осындай жойқын шабуыл бірнеше апта бұрын елдің оңтүстік-батысында орын алған. Бұл туралы Reuters агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.   Шабуыл […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Приморьедегі есірткі зертханасын жою нәтижесінде 200 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым. Приморск өлкесі бойынша Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметіні басқармасының (ФҚҚБ)  қызметкерлері күшті әсер ететін синтетикалық есірткі шығаратын астыртын есірткі зертханасының жұмысын тоқтатты. Үй-жайдан сатуға дайын 200 келіден астам есірткі заты табылды, деп ФҚҚБ баспасөз қызметі мәлімдеді. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.   «Қылмыстық тобының мүшелері […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Ақжарқын Тұрлыбай ісі бойынша күдікті нигериялық ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым.Шет мемлекеттің территориясында Ақжарқын Тұрлыбай ісі бойынша күдікті ретінде танылған Нигерия азаматы ұсталды. Бұған дейін оған халықаралық іздеу жарияланған болатын, деп журналистерге отандық адвокат Сұңқар Нұрмағамбетов мәлім етті. Бұл туралы   Zakon.kz сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Адвокат Сұңқар Нұрмағамбетов шетелдік азаматтың ұсталғаны туралы алдын ала белгілі бір ақпаратқа сілтеме жасай отырып […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Түркия астанасында ИМ-нің екі шетелдік содыры ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым. Анкарада «Ислам мемлекеті»* лаңкестік тобының содырлары болып табылатын екі шетелдік азамат ұсталды, деп дүйсенбі күні полициядағы дереккөздер хабарлады.  Бұл туралы TRT телеарнасына сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Экстремисттердің азаматтығы аталмаған. Олардың ИМ қызметіне қатысуына байланысты Интерполдың «қызыл бюллетеніне» енгізілгені атап өтілген. Анкара полиция департаментінің Терроризммен күрес бөлімі (ТЕМ) […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Түркияның Ван қаласындағы террорлық операцияларда 21 күдікті ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым. Ванда өткен аптада террор ұйымдары ФЕТО және КЖП-на  қарсы жүргізілген операцияларда 21 күдікті ұсталды деп TRT телеарнасына сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Терроризммен күрес басқармасы топтары  террор ұйымдарын әшкерелеу мен алдын алу және іздеуде жүрген күдіктілерді ұстау жұмыстарын жалғастыруда. Осыған байланысты  өткен аптада TEM жасақ топтары мен арнайы […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Малидегі лаңкестік шабуылда 20 адам ажыл құшты

    НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым.Малидің солтүстігінде ұйымдастырылған лаңкестік шабуылды кем дегенде 20 бейбіт тұрғын қаза тапты, TRT  агенттігіне сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Жергілікті баспасөзде шыққан хабарларға қарағанда Гао қаласына 80 километр қашықтықтағы Лменас ауылына террор шабуыл жасалды. Шабуылда кем дегенде 20 адам қаза тапты. Сахель аймағында «үш ел шекарасы» ретінде танылған Буркина-Фасо, Мали және Нигер соңғы жылдарда […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • ҚР ІІМ: Қазақстандағы қаңтар оқиғаларынан кейін 1,6 мыңнан астам қару тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым. Қазақстандағы қаңтар оқиғаларынан кейін 1 626 қару тәркіленді, деп хабарлады Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі. Бұл туралы ҚазТАГ  сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.    «Бүгінгі таңда қабылданған шаралармен 1 626 дана қару табылып, тәркіленді, олар-10 гранатомет, алты пулемет, 160 автомат, 113 дана ойық қару, 361 тапанша және 253 гранат. 41,1 мыңнан […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Б. Әмірханов ҚР ІІМ брифингінде есірткіге қарсы күрес туралы айтты

    НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым. Республикада 16 есірткі зертханасы анықталып, жойылды. Бұл туралы ІІМ  Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов мәлімдеді, деп BAQ.KZ сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Ішкі істер органы өкілінің айтуынша, республикада 20-ға жуық есірткі зертханасы анықталып, жойылған. Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан,  Жамбыл, Қарағанды, Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарында […]
    • 2 Years ago
    • 0