Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Шешенстанда жастар арасындағы экстремистік көзқарастарды анықтау үшін сауалнама дайындалды

    НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек.Шешенстанда жастар арасында экстремистік көзқарастардың болуы туралы зерттеу жүргізілуде. Ол үшін ғалымдар арнайы сауалнама әзірледі. Қазіргі уақытта оның апробациясын Шешенстан мемлекеттік педагогикалық университетінің арнайы психология және мектепке дейінгі дефектология кафедрасының мамандары жүргізеді, деп  REGNUM АА жазады.  «Қазіргі уақытта жастардың экстремистік бейімділігін психологиялық диагностикалаудың авторлық сауалнамасы (Солтүстік Кавказ халықтарының этномәдени ерекшеліктерін ескере отырып құрастырылған) […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Өзбекстанда «Хизб ут-Тахрир» тобының жақтастары ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек.Самарқандта және облыста «Хизб-ут-Тахрир» тобы жақтастарының қызметі тоқтатылды, деп ішкі істер министрлігінің аймақтық департаментіне сілтеме жасап Sputnik Өзбекстан жазады. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 18 қыркүйекте Тайлақ, Самарқанд және Ургут облыстарында, сондай-ақ Самарқандта 15 адам ұсталды. Олардың үйлерінен экстремистік материалдар табылды. Қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде. Мамыр айында ІІМ  «Хизб-ут-Тахрир» ( Қазақстан Республикасында […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Волгоград облысында телефон террористеріне қарсы 32 қылмыстық іс қозғалды

    НҰР-СҰЛТАН, 19 қыркүйек. Волгоград облысында 2020 жылдың басынан бері телефондық терроризм фактісі бойынша 32 қылмыстық іс қозғалды. Бұл 2019 жылдың сегіз айымен салыстырғанда 77,8% артық. Терроризмге қарсы қауіпсіздіктің барлық бағыттары бойынша жоспарланған жұмыс және тұрғындардың жан-жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету 18 қыркүйек күні губернатор Андрей Бочаровтың төрағалығымен өткен терроризмге қарсы комиссияның отырысында талқыланды, деп облыстық әкімшіліктің […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Рязань полицейлері 60 кг есірткі заттарын жағып жіберді

    НҰР-СҰЛТАН, 17 қыркүйек.Рязань облысынның  полиция қызметкерлері есірткінің ірі партиясын жоспарлы түрде  жоюды жүзеге асырды. Заңсыз айналымнан алынған 60 кг тыйым салынған заттар өндірістік пешке жіберілді, деп облыстық ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап REGNUM АА  хабарлады. Есірткі заттар 2019-2020 жылдардағы жедел іс-шаралар барысында табылып тәркіленген. Қылмыстық істер бойынша тергеу жүріп жатқан кезде тыйым салынған […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Украинада есірткінің ірі партиясы тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 17 қыркүйек.Украинаның Чернигов облысында жеке үйінен қарасора плантациясы табылған ер адам ұсталды. Бұл туралы облыстық ұлттық полицияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап REGNUM АА хабарлады.  «Санкцияланған тінту кезінде … құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен 20 кг кептірілген қарасора өсімдіктерін, марихуанаға ұқсас… 10 кг ұнтақталған зат, 50-ден астам экстази таблеткалары, амфетаминге ұқсас… 60 граммға жуық ұнтақ зат, […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Исекешев ШЫҰ Ақпараттық қауіпсіздік орталығын құру бастамасын қолдауға шақырды

    НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек.Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев ШЫҰ-дағы әріптестерін ұйымның Ақпараттық қауіпсіздік орталығын құру бастамасын қолдауға шақырды, деп жазады inbusiness.kz . Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы террористік, экстремистік және өзге де қылмыстық мақсаттарда ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану қаупінің артқанына назар аударды. Осы сын-тегеуріндерге қарсы күрес аясында Қазақстан тарапы терроризм мен діни экстремизм идеологиясына қарсы іс-қимылға […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Мәскеу облысында екі Тәжікстан азаматынан 500 граммға жуық героин тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек.Тәртіп сақшылары Тәжікстанның екі азаматын ұстады, деп 360 телеарнасына сілтеме жасап Sputnik Тәжікстан хабарлайды. Шетел азаматтары жүрген көліктен 500 граммға жуық героин табылды деп хабарланды . Құқық қорғау органдарындағы ақпарат көзі ұсталған мигранттардың еш жерде жұмыс жасамайтынын, Мәскеу маңындағы Мытищидегі жалдамалы пәтерде тұратындығын атап өтті. Тәжікстан азаматтарына қатысты Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 228.1-бабы […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Украинада ірі есірткі зертханасы жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 13 қыркүйек.Украинаның Қауіпсіздік қызметі Житомир облысында жарысын есірткі зертханасын жойды. Бұл туралы Қауіпсіздік қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап REGNUM АА хабарлады. Тәртіп сақшылары есірткі бизнесін ұйымдастырды деген күдікпен Киев пен Львов облыстарының үш тұрғынын ұстады. «Ай сайын қаскөйлер көлеңкелі бағамен құны 3 миллион гривеннен астам бес килограмм есірткі өндірді. Тыйым салынған заттар есірткі сатушыларға […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Владивостокта терроризмге жәрдемдескені үшін Өзбекстан азаматшасы сотталды

    НҰР-СҰЛТАН, 12 қыркүйек.Владивосток қаласының соты терроризмге қатысы бар деп Өзбекстан азаматшасын сегіз жылға соттады, деп Приморье өлкесінің терроризмге қарсы комиссиясына сілтеме жасап Sputnik Өзбекстан жазады .  «2012 жылдан бері Владивостокта тұратын Өзбекстан Республикасының азамшасы террористік әрекеттерге жәрдемдескені үшін сегіз жылға сотталды», — деп хабарлады уәкілетті органның баспасөз қызметі. Әйел радикалды ислам ағымдарының ізбасарымен әлеуметтік желіде […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Киевте миналау туралы хабарламадан кейін ЖЭЦ-6 қызметкерлері эвакуацияланды

    НҰР-СҰЛТАН, 12 қыркүйек.Киевте тәртіп сақшылары ЖЭЦ-6 кәсіпорынның қызметкерлерін миналау туралы келіп түскен ақпаратқа байланысты эвакуациялады. Бұл туралы Украинаның Патрульдік полициясының Telegram каналына сілтеме жасап ТАСС хабарлады .    «Патрульдік полиция қызметкерлеріне Пуховская көшесіндегі жылу электрцентралын миналау туралы ақпарат түсті. Жұмысшылар эвакуацияланды, патрульдік полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, жарылғыш техниктердің келуін күтуде», — деп хабарлады […]
    • 4 Years ago
    • 0