Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Астанада жолаушы рейске кешігіп қалмас үшін бомба туралы хабарлады

    АСТАНА, 02 қазан. Астанада ұшақта бомба барын хабарлаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz  агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. 2022 жылдың 1 қазанында сағат 14:40-та елорданың «102» пультіне Астана-Талдықорған бағытында ұшатын ұшақта жарылғыш зат қойылғаны туралы белгісіз біреу қоңырау шалды. «Хабарламаны тексеру үшін дереу төтенше жағдайлар қызметі  жөнелтілді, адамдар эвакуацияланды, әуежай жұмысын тоқтатты. Нәтижесінде жарылғыш құрылғылар […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Алматы әуежайында жарылғыш зат бар деп хабарлаған ер адам ұсталды

    АЛМАТЫ, 10 ақпан. Алматы халықаралық әуежайында жарылғыш зат бар деп хабарлаған ер адамды полиция анықтады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. «Ақпарат дереу көліктегі полиция департамент бөлімшелеріне берілді. Әуе айлағын қоршап алу және адамдарды эвакуациялау ұйымдастырылды. Сонымен қатар, қоңырау шалған адамның жеке басын анықтау бойынша жұмыстар жүргізілді. Бұл 1997 жылы туған Б. деген азамат. Қазір оны патрульдік полиция […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Рим Папасының келуіне орай Каирда қауіпсіздік шарасы күшейтілуде

    Каир. 28 сәуір. Египет құқыққорғау органы Каир қаласына таяу уақытқа жоспарланған Рим папасы Францисктің екікүндік сапарына байланысты қауіпсіздік шараларын күшейтуде, деп хабарлайды REGNUM  Associated Press агенттігіне сілтеме жасап. Каир полициясы тұрғын үй аудандары мен қаланың батыс бөлігінде тексерістер жүргізіп, Мысыр астанасының негізгі тас жолдарындағы көлік тұрақтарын жапты. REGNUM хабарлауынша,  Рим папасы Францисктің  сапары 28 мен 29 […]
    • 8 Years ago
    • 0
  • Сирия әскерилері содырлардың үш далалық командирлерін жойды

    НҰР-СҰЛТАН, 13 тамыз. Идлиб провинциясында Хан-Шейхун қаласында содырлардың форпостына шабуыл жасаған Сирия әскері «Джабхат ан-Нусра» террористік ұйымы жағында соғысқан «Джейш әл-Ахрар»экстремистік тобының үш далалық командирлерін жойды. Деп Al-Masdar-ға сілтеме жасап RT хабарлайды. Порталдың мәліметтері бойынша, командирлер Сирия армиясымен Сукейка қаласына шабуыл кезінде  жойылды. Сондай-ақ, Сирияның үкімет әскерлері операция қорытындысы бойынша жаудың қорғаныс шебін бұзды. Бұған […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Сирияда лаңкестер қатарында соғысқаны үшін Ингушетия тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды

    НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым. Ингушетияда Сириядағы лаңкестік әрекетке қатысы бар деген күдікпен 34 жастағы республика тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды . Бұл туралы аймақтағы РФ ТК Тергеу басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап  REGNUM хабарлады. Тергеу мәліметтері бойынша, күдікті 2015 жылы Сириядағы содырлар лагерінде физикалық және психологиялық даярлықтан өткен. Ол жерде, атап айтқанда, қару мен жарылғыш құрылғылармен […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • «Хизб-ут-Тахрирдің» қырым ұяшықтарының мүшелері 12 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 04 қараша. Оңтүстік округтік әскери сот Ресейде тыйым салынған «Хизб-ут-Тахрир аль-Ислами» халықаралық террористік ұйымының Қырым Республикасының Красногвардейский ауданынан үш мүшесін 12 жылдан 17 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Бұл туралы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап ТАСС хабарлады. Сот 2017 жылдың қараша айында Қырым тұрғыны Рүстем Эмирусеинов республиканың Красногвардей ауданы аумағында «Хизб-ут-Тахрир […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • СҚО-да синтетикалық есірткі саудалап келген 50 жастағы тұрғын ұсталды

    ПЕТРОПАВЛ, 18 қараша.  Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының 50 жастағы тұрғыны «синтетикалық есірткі заттарын сатты» деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары Аққайың ауданының орталығы Смирновтың 50 жастағы тұрғынын «синтетикалық есірткі заттарын сатты» деген күдікпен ұстады. Полицейлерге оның «спайс» психобелсенді есірткі затын сатумен айналысатыны туралы оперативті ақпарат түскен. […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Нұр-сұлтан полицейлері «дизайнерлік» есірткі саудасымен айналысқан күдіктіні ұстады

    НҰР-СҰЛТАН, 15 ақпан.Елорда полицейлері «дизайнерлік» есірткіні саудалауда күдікті танылған ер адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Елорда аумағында синтетикалық есірткіні жеткізу арнасының жолын кесу мақсатында қалалық полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздеу шараларын өткізді. Осылайша, полицейлер арнайы іс-шара барысында аса ірі көлемдегі «дизайнерлік» есірткіні саудалауда күдікті деп танылған 32 жастағы […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Малайзияда 7 адам лаңкестік топтармен байланысы бар деген күдікпен ұсталды

    Сингапур. 6 наурыз. Малайзия астанасында түрлі лаңкестік топтармен байланысы бар деген күдікпен 7 адам ұсталды. Бұл туралы Хабар 24 телеарнасы хабарлайды. Олар ел астанасында жүргізілген бірнеше рейд барысында қолға түскен. Құқық қорғаушылардың айтуынша, тұтқындалғандардың біреуі — жергілікті азамат және төртеуі — Йемен тумасы. Сонымен қатар Индонезия мен Шығыс Азия елінен шыққан азаматтар да бар. Олар […]
    • 8 Years ago
    • 0
  • Францияда мұғалімнің өлтіру ісіне байланысты төрт мектеп оқушысы қамауға алынды

    НҰР-СҰЛТАН, 27 қараша. Франция полициясы 16 қазанда Конфлан-Сент-Онорин коммунасында тарих пәнінің мұғалімі Сэмуэл Патидің өліміне кесуге байланысты тағы төрт оқушыны қамауға алды. Бұл туралы Le Figaro-ға сілтеме жасап REGNUM АА хабарлайды. 13-14 жас аралығындағы мектеп оқушылары «лаңкестік шабуылға қатысушылық»  және «лаңкестік қауымдастық құру» деген күдікпен қамауға алынды. Естеріңізге сала кетейік, 19 қарашада Францияның Анси қаласында […]
    • 4 Years ago
    • 0