Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • «Дәрмек» ЖАІШ: 35 медицина қызметкері есірткі айналымы саласындағы бұзушылықтар үшін жауапкершілікке тартылды

    НҰР-СҰЛТАН, 06 желтоқсан. Ағымдағы жылдың 29 қараша мен 3 желтоқсан аралығында “Дармек” жедел алдын алу іс-шарасының төртінші кезеңі өткізілді. Оның негізгі міндеті – есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңды айналымындағы бұзушылықтарды анықтау. Іс-шара барысында осы заттарды өз қызметінде пайдаланатын 75 кәсіпорын мен ұйым тексерілді, – деп хабарлайды Polisia.kz. Алты күн ішінде елімізде Қазақстан Республикасы ҚК-нің […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • ШҚО-да қаруланған ер адам есірткіні тасымалдаған

    ӨСКЕМЕН, 06 желтоқсан. ШҚО-да қаруланған есірткіні тасымалдаушы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері есірткіні сақтады деген күдікпен Глубокое ауданының 27 жастағы жұмыссыз тұрғынын ұстады. Кідіріссіз жеке тінту барысында оның шалбарының оң қалтасында жасыл түсті өсімдік тектес заты бар бір қағаз түйіншек табылды, сондай-ақ оның көлігін тінту кезінде алдыңғы орындықта рюкзак жатқан, […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Малиде БҰҰ миссиясының лагеріне шабуыл жасалды

    НҰР-СҰЛТАН, 05 желтоқсан. Жексенбі күні елдің солтүстік-шығысындағы Малидегі Біріккен Ұлттар Ұйымының көп  салалы кешенді тұрақтандыру миссиясының (MINUSMA) лагерінде екі жарылыс болды. Бұл туралы ТАСС France-Presse агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. Ел әскерилерінен алынған ақпаратқа сәйкес, жарылыстар материалдық шығын әкелген. Гао қаласының маңындағы лагерьде төрт заряд атылды, оның екеуі оның аумағында жарылды. Зардап шеккен жауынгерлер немесе MINUSMA […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • БАҚ: Түркия Республикасының президентіне қастандық жасалды

    НҰР-СҰЛТАН, 05 желтоқсан. Бомба Мардин қаласынан шыққан полиция қызметкері көлігінің астына қойылған. Ол Сииртке келіп жеткенде, жарылғышты іске қоспақ болған, деп Skif news агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Түркияның қауіпсіздік күштері сенбі күні Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған қатысатын митинг кезінде жарылуы тиіс бомбаны залалсыздандырды, деп хабарлайды Экспресс К. Жарылғыш зат Сиирт […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Назарбаев: Сирияға кетткен мыңға жуық қазақстандықтың 600-і Отанына оралды

    НҰР-СҰЛТАН, 05 желтоқсан. Нұрсұлтан Назарбаев Сирияға кеткен қазақстандықтар туралы айтты, деп Sputnik Қазақстан жазады. «Qazaq. History of the Golden Man» («Қазақ. Алтын адамның тарихы») фильмінде америкалық режиссер Оливер Стоунға берген сұхбатында Елбасы Ислам мемлекетінің* қызметі толығымен экстремистік идеологияға негізделгенін мәлімдеді. «Құранда бір адамды өлтіру бүкіл адамзатты өлтірумен тең деп айтылған. Олардың мұсылмандықпен ешқандай байланысы жоқ, олар дінді […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Малиде содырлар шабуылынан 30-дан астам адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 04 желтоқсан. Малидің Мопти облыс орталығында содырлар жолаушылар мінген автобусқа оқ жаудырып, 31 адам қаза тапты, деп ӨзА агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Reuters-тің хабарлауынша, жолаушылар мінген автобус Сонго ауылынан Бандиагара базарына бара жатқан. Көршілес Банкас қаласының мэрі Мулай Гуиндоның айтуынша, қарулы адамдар автобусқа оқ жаудырып, оның дөңгелектерін кесіп тастаған. Әзірше бұл […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Түркістан облысының тұрғыны әлеуметтік желілерде терроризмді насихаттағаны үшін  ұсталды

    ТҮРКІСТАН, 04 желтоқсан. Түркістан облысының полицейлері жергілікті тұрғыннан тыйым салынған әдебиеттерді тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz. Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Түркістан облысының полицейлері “ВКонтакте” қолданушыларының бірі өзінің парақшасына экстремистік бағыттағы діни сипаттағы аудио мен бейнематериалдарды орналастырғанын және таратқанын анықтады. Бұл жайтты тәртіп сақшылары СДТБТ-ға тіркеп, сараптамаға жолдады. Оның қорытындысымен анықталған материалдарда терроризм мен экстремизмді […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Қалмақ Республикасында ФҚҚ қызметкерлері ИМ жақтастарын ұстады

    НҰР-СҰЛТАН, 04 желтоқсан. Ресей ФҚҚ «Ислам мемлекеті*» халықаралық террористік ұйымына қосылған Қалмақия тұрғынын ұстады, деп ФҚҚ аймақтық департаменті хабарлайды. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. «Қалмақ Республикасы мен Ставрополь өлкесі бойынша Ресей ФҚҚ-нің басқармалары Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 205.5 бабы 2-бөлігіне  («Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес террористік деп танылған […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Сарапшы: Экстремизм идеологиясы агрессивті сипатқа ие

    ҚОСТАНАЙ, 04 желтоқсан. Әлемде тынышсыз жағдай болып тұрғанда, Қостанай облысында жағдай қолайлы. Бұл үшін діни бірлестіктермен жұмыс бөлімінің басшысы Ләззат Компышова және облыстық дін істері басқармасының басқа да қызметкерлері қолдан келгеннің бәрін жасауда, деп  «Костанайские новости» газетіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Тәуекел топтары – Пандемияға қарамастан дін істері басқармасы өз […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Ресейлік рэпер Элджейге есірткіні насихаттағаны үшін 100 мың рубль айыппұл салынды

    НҰР-СҰЛТАН, 04 желтоқсан. Мәскеудегі Зюзинский соты рэпер Элджейге (Алексей Узенюк) бейне клипінде есірткіні насихаттағаны үшін 100 мың рубль айыппұл салды. Бұл туралы ТАСС соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. «Сот Узенюкті Ресей Федерациясының Әкімшілік кодексінің 6.13 бабының 1.1 бөлігінде (интернет арқылы есірткі, психотроптық заттарды насихаттау)  көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Сот […]
    • 2 Years ago
    • 0