Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Ауғанстанның Газне провинциясында жасалған бомбалы шабуылда 4 бейбіт адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 25 сәуір.Газне губернаторлығы мәлімдемешісі Вахидулла Джумазада баспасөзге жасаған мәлімдемесінде Газненің Шализ аймағында жолға орналастырылған бомбаның бейбіт тұрғындар мінген көлік бұл аймақтан өтіп бара жатқанда жарылғанын мәлімдеді, деп TRT хабарлайды.  Жұмазада шабуыл кезінде 4 бейбіт тұрғынның қаза тапқанын, 2 бейбіт адамның жараланғанын білдірді. Әзірге шабуылдың жауапкершілігін ешкім мойнына алған жоқ.  
    • 4 Years ago
    • 0
  • Неонацистік топтар Франциядағы терроризм қаупінің жаңа көзі болып табылады

    НҰР-СҰЛТАН, 19 ақпан. Француз арнайы қызметтері елдегі лаңкестік қаупі ультра  оңшылдар тарапынан күшейіп келеді деген пікірде, деп France Bleu интернет-басылымы жазады, деп Anadolu агенттігіне сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Басылымның хабарлауынша, неонацистік топтардың танымалдылығы артқан сайын арнайы қызметтер радикалдардың әрекеттеріне қарсы қырағылықты күшейтті.  «Оңшыл топтармен байланысты шабуылдар қаупі күннен күнге артып […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Мексикадан АҚШ-қа есірткі тасымалдайтын туннель табылды

    НҰР-СҰЛТАН, 09 маусым. Мексикада полиция АҚШ аумағына қарай қазылған есірткіні тасымалдайтын тағы бір туннельді тапты, деп хабарлайды «Хабар 24». Жер асты үңгірі өткен айда осындай құпия үңгір жол анықталған шекараға жақын Тихуана қаласындағы бір үйдің астанынан шықты. Ұзындығы 242 метр болатын туннельге рельс төселіп, жарық тартылған. Іске қатысты ұсталғандар туралы мәлімет жоқ. Айта кетейік, АҚШ-та […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • КЖП-ның бес террористі өздігінен берілді

    НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек. Ішкі істер министрлігінің координациясымен жүргізілген көндіру жұмыстары нәтижесінде КЖП сепаратистік террорлық ұйым (PKK-дан)  қашқан бес террорист бүгін қауіпсіздік күштеріне берілді, деп TRT хабарлайды. Берілген террористтер 1999 жылы мен 2016 жылдар арасында террорлық ұйымға қосылған, Ирак және Сирияда лаңкестіктерге қатысқан. Биыл өздігінен берілген террорист саны осылайша 151-ге жетті. Сонымен қатар Ирактың солтүстігінде «Пенче-Шимшек» операциялық […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Үндістанда сот 2008 жылы террористік шабуыл ұйымдастырғаны үшін 38 адамды өлім жазасына кесті

    НҰР-СҰЛТАН, 19 ақпан. Үндістанның Ахмадабад қаласының арнайы соты жұма күні 2008 жылы 50-ден астам адамның өмірін қиған лаңкестік әрекеттер сериясын ұйымдастырды және жасады деп айыпталған 38 адамды өлім жазасына кестіғ деп NDTV арнасы хабарлайды. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. 8 ақпанда Гуджарат штатының соты осы іс бойынша […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Кабулда бомба орнатылған көлік жарылып, екі полиция қызметкері қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 16 қаңтар. Сенбі  күні Кабулда қолдан жасалған жарылғыш заттың жарылуы салдарынан екі тәртіп сақшысы қаза тауып, біреуі жарақат алды. Бұл туралы Ауғанстанның Tolo News телеарнасына сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. Полициядағы дереккөз бомба қызметтік көлікке қойылған деп мәлімдеді.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты болсын!

    НҰР-СҰЛТАН, 16 желтоқсан. «Терроризмге қарсы комитет» республикалық қоғамдық бірлестігі Қазақстан халқын еліміздің Тәуелсіздік күнімен құттықтайды! Бұл Ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш  халық ретінде жариялаған — Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Біз әр отбасына мықты денсаулық, береке мен тұрақтылық тілейміз. Біздің ортақ үйімізде әрқашан бейбітшілік, келісім мен өзара түсіністік орнасын!
    • 5 Years ago
    • 0
  • Qazaqstan арнасы Сириядан қайтарылған қазақстандықтар туралы эксклюзивті кадрларды көрсетеді

    НҰР-СҰЛТАН, 24 қазан.  «Qazaqstan» телеарнасы Сириядағы соғыстан құтқарылған қазақстандықтар туралы деректі фильм түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Жусан: оралу мен оңалу» атты екі бөлімді туынды «Жусан» арнайы гуманитарлық операциясының желісімен әзірленген. «Фильмде қазақстандықтардың қақтығыс аймақтарына қалай аттанғаны, қандай қиындықтарға тап болғаны, жесір қалғандардың жат жерде қалай өмір сүргені айтылады. […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Джакартадағы қос жарылыстан полиция қызметкерлері қаза тапты

    Джакарта. 25 мамыр. Индонезия астанасы Джакартада екі жарылыс болып, 3 адам қаза тапты.Тағы 10 кісі жараланған. Полицияның мәлімдеуінше, оқиға шаһардың шығысындағы автобус аялдамасы мен мотоциклдер тұрағында болған. Алдымен жарылыс аялдамада, одан кейін 5-10 минут өткеннен соң тұрақта жасалған. Тәртіп сақшыларының айтуынша, қаскөйлікті ұйымдастырған жанкешті де қаза тапқан. Әзірге шабуылды ешбір лаңкестік топ мойнына алған жоқ. […]
    • 8 Years ago
    • 0
  • Буркина-Фасода 4 адам лаңкестерден азат етілді

    НҰР-СҰЛТАН,11 мамыр. Буркина-Фасода Францияның арнайы әскери тобы лаңкестердің қолынан 4 азаматты босатты.Бұл туралы Хабар 24 агенттігі хабарлайды.  Операция осы елдің солтүстігіндегі Сахель ауданында жүргізілді. Оның барысында 4 содырдың көзі жойылып, 2 жауынгер оққа ұшты. Тағы 2 содыр қашып кеткен. Ал лаңкестердің қолында тұтқында болғандар Франция, АҚШ жән Оңтүстік Корея азаматы. Олар мамырдың 1-і күні Бенинде […]
    • 6 Years ago
    • 0