Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Ауғанстан әскери-әуе күштері «Талибанның» бес содырын жойды

    НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар. Ауғанстанның екі провинциясында әуе соққылары нәтижесінде «Талибан» қозғалысының кем дегенде бес содыры, соның ішінде ауданның көлеңкелі басшысы жойылды. Бұл туралы Синьхуа ақпараттық агенттігі елдің арнайы күштерінің басшылығына сілтеме жасап хабарлады . Қолбасшылықтың мәлімдемесіне сәйкес, жұма күні батыстағы Нимруз провинциясында Ауғанстан әуе күштері Диларам аймағында әуе шабуылын жасағаннан кейін «Талибан» қозғалысының (Қазақстан Республикасында тыйым […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • БҰҰ Бас хатшысы пандемия жағдайында лаңкестік қауіптің өсуі туралы айтты

    НҰР-СҰЛТАН, 04 шілде. Кейбір лаңкестік топтар пандемияны өздерінің тактикалық артықшылығы деп санайды, өйткені мемлекеттердің назары коронавирустың таралуына қарсы күреске бағытталған, деп мәлімдеді БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің коронавирустық пандемия жағдайында бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау туралы видеоконференциясында сөйлеген сөзінде, деп 2 шілде күні ТАСС хабарлады.  Оның айтуынша, кейбір аймақтарда «қақтығыс тараптары, оның ішінде лаңкестік […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • БАҚ ИМ террористік ұйымның Трампқа бірінше үндеуін көрсетті

    Вашингтон. 5 сәуір. «Ислам мемлекетті» (Қазақстан аумағында тыйым салынған) террористік ұйымы АҚШ президенті Дональд Трампты «батып бара жатқан» мемлекет тұтқасында тұрған «ақымақ» деп атады. Бұл туралы RT, Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлауда. «Сендер (АҚШ) Сирия немесе Ирак немесе Ислам туралы еш хабары жоқ есуас адаммен басқарыласындар, бұған ешбір дәлелдеменің қажеті жоқ», — деп террористік ұйымның хатында айтылған. Бұл […]
    • 8 Years ago
    • 0
  • Степногорск қалалық соты «бомба» қойған азаматтың бас бостандығын 2 жылға шектеді

    КӨКШЕТАУ, 25 қазан.  Ақмола облысының Степногорск қалалық сотында терроризм актісінің дайындалып жатқаны туралы жалған хабарлама беріп, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған азамат К-ға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомствоның мәліметіше, азамат К. Мас күйде бола тұра, 102 телефон нөміріне қоңырау шалып пәтерде жарылғыш құрылғының орнатылғаны туралы хабарлаған. Дайындалып […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Арнайы жасақ Сомали астанасында содырлар басып алған қонақүйді бақылауға алды

    НҰР-СҰЛТАН, 21 тамыз.Сомали қауіпсіздік күштері 18 сағаттан астам уақытқа созылған шайқастан кейін сенбі күні Сомали астанасы Могадишодағы «Аш-Шабаб» лаңкестік тобы содырларының шабуылына ұшыраған «Хайт» қонақүйін бақылауға алды, деп Сомалидің Shabelle Media Network ақпараттық порталы хабарлады. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  жазады. Арнайы жасақ сарбаздары қонақүй ішіндегі лаңкестерді жою […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Украинаның қауіпсіздік қызметі терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өткізуді жоспарлап отыр

    НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір. Украинаның қауіпсіздік қызметі елдің көптеген аймақтарында терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы қауіпсіздік қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып REGNUM жазады. Оқу-жаттығу кезінде Украина шекараларының және  стратегиялық нысандар қорғанысы сыналады. «Шара мақсаты — ықтимал террористік және диверсиялық қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіру», ​​- делінген хабарламада. Украина қауіпсіздік қызметінің […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі ИМ дала командиріне қатысты санкция мерзімін созды

    НҰР-СҰЛТАН, 22 қазан. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Гүлмурод Халимовқа қатысты санкция мерзімін созды. Тәжікстан ІІМ арнайы қызметінің бұрынғы командирі 2015 жылы елден қашып, бірнеше елде тыйым салынған «Ислам мемлекеті» тобына кірген, деп centralasian.org жазады. Қауіпсіздік кеңесінің жаңарған тізімі 21 қазанда жарияланды. 2015 жылы Кеңес ИМ және «Әл Қаидаға» кіретін адамдарға, топтарға, кәсіпорындар мен ұйымдарға санкция салған. Халимовқа қатысты […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • М. Эспер: күздің соңына дейін Ауғанстандағы әскери қызметшілер санын 5 мың адамға дейін қысқартамыз

    НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз.  АҚШ билігі қараша айының соңына қарай Ауғанстандағы американдық әскери контингентті 5 мың адамға дейін қысқартуға ниетті. Бұл туралы Америка Құрама Штаттарының Қорғаныс министрі Марк Эспердің Fox News телеарнасындағы мәлімдемесіне сілтеме жасап ТАСС хабарлады. «Біз қараша айының соңына дейін әскери қызметшілер санын 5 мыңға дейін азайтуға ниеттіміз», — деді ол. «Біз АҚШ Конгресін […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Бір апта ішінде СҚО-да заңсыз айналымнан 15 келіден астам түрлі есірткі алынды

    ПЕТРОПАВЛ, 16 қыркүйек. Бір апта ішінде СҚО полицейлері аса ірі көлемдегі 2 есірткі партиясын тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz. СҚО полицейлері өз қызметінде есірткілік және психотроптық дәрі-дәрмектерді пайдаланатын медициналық мекемелерді, өндірістік кәсіпорындарды, қоймаларды, дәріханаларды тексерді. Апта бойы бұл жұмыс “Дәрмек” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жүргізілді. Оның мақсаты – бақылаудағы есірткі заттары, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымға […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Алматыда синтетикалық есірткі дайындайтын үш зертхана жойылды

    АЛМАТЫ, 16 қазан. Алматыда үш есірткі зертханасы жойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Журналистермен дәстүрлі кездесуде Алматы ПД-нің басшысы синтетикалық есірткілерді шығаратын 3 зертхананың жойылғанын хабарлады. – Олардың бірі Медеу ауданындағы жалдамалы үйден табылды. Тінту кезінде синтетикалық есірткі өндіруге арналған компоненттер, сондай-ақ сатуға дайын, жалпы салмағы 3,5 келі “мефедрон” заты тәркіленді. Бұл өнімнің сату бағасы шамамен 40 […]
    • 4 Years ago
    • 0