Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Ел аумағында жыл басынан бері 340 келіден астам есірткі тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар. Жыл басынан бері республика аумағында заңсыз айналымнан 340 келіден астам есірткі алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Биылғы қаңтар айында еліміздің бірқатар өңірінде өткізілген іс-шаралар барысында аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын сақтау фактілері бойынша 90-ға жуық қылмыс анықталды, оның ішінде 59-ы есірткіні сату, 28-і сақтау және 6-ауы контрабанда дерегі болып […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • «Талибан» делегациясы Иранға келіссөздер жүргізу үшін келді

    НҰР-СҰЛТАН, 26 қаңтар.  Ауғанаралық келіссөздерге қатысатын «Талибан» қозғалысының делегациясы Иран тарапының шақыруымен Тегеранға келді, деп Анадолу агенттігі хабарлайды. Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Саид Хатибзаде «Талибан» саяси кеңесінің басшысы молла Абдулғани Берадер бастаған делегация Иран астанасында бірқатар консультативтік кездесулер өткізетінін айтты. Басқалармен қатар тәлібтерді Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхаммед Джавад Зариф қабылдайды. «Күн […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Алматыда есірткі сататын 247 сайт анықталды

    АЛМАТЫ, 26 қаңтар. Алматы қаласының полицейлері жыл басынан бері есірткі саудасына қатысы бар 247 сайтты анықтап, бұғаттауға ықпал етті, – деп хабарлайды Polisia.kz. Жыл басынан бері Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары мен ғаламторды мониторингілеу барысында есірткі және психотроптық заттарды таратуға қатысы бар 247 сайтты анықтап, бұғаттауға бағыттады. – Сонымен қатар, өткен жылы […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда көлік жарылысы салдарынан 1 бейбіт тұрғын қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 26 қаңтар.  Кабул провинциясындағы лаңкестік әрекет салдарынан бір бейбіт тұрғын қаза тапты, деп провинция полициясының өкілі Фердевс Фарамарзға сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлайды. Фарамарздың айтуынша жарылыс Адех Газни ауданында болған. Террористер бомба салынған көлікті жарып жіберді.Жарылыс салдарынан бір бейбіт тұрғын қаза болды. Әзірге ешқандай топ шабуылға жауапкершілікті мойнына алған жоқ.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Өскемен тұрғынынан құны 2 млн теңгеден асатын синтетикалық есірткі заттар тәркіленді

    ӨСКЕМЕН, 26 қаңтар. Өскемен қаласының тұрғынынан 2 млн теңгенің есірткісі тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 21 жастағы әйел адамды ұстады. Ол жеңіл жолмен пайда табу мақсатында психотроптық заттарды сатумен айналысқан. Ақшаны қолма-қол алмай, есірткіні алдын ала келісілген жерге тастап кетіп отырды. «Күдіктінің пәтерінен жалпы […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Сирияның солтүстігінде болған жарылыс екі бейбіт тұрғынның өмірін қиды

    НҰР-СҰЛТАН,26 қаңтар.  Сирияның солтүстігінде оппозицияның бақылауындағы Телль-Абиад ауданында мотоциклге орналастырылған бомба жарылды. Екі бейбіт тұрғын қаза тапты.  Екі адам жарақат алды, деп TRT жазады.  Оқиға болған жерде тексеру жүргізген қауіпсіздік күштері шабуылды КЖП ұйымы  жасады деп болжап отыр. Сирияның солтүстігіндегі Телль-Абиад аудан орталығы 2019 жылдың 13 қазан күні «Бейбітшілік бұлағы» операциясы нәтижесінде террорден тазаланған болатын. […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Амстердам әуежайында көптеген жыл бойы іздеуде болған есірткі тасушысы қолға түсті

    НҰР-СҰЛТАН, 26 қаңтар. Әлемдегі ең ірі есірткі тасушының бірі Нидерландыдағы Схипхол әуежайында ұсталды, деп  De Telegraaf-қа сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды. Тегі қытайлық Канада азаматы Це Чи Лоп (Tse Chi Lop) Австралия мен Нидерланды полиция қызметінің өзара әрекеттестігінің арқасында қолға түсті. Ол героин мен синтетикалық есірткі тасымалдады деген күдікпен ұсталған. Чи Лоп «наркоимпериясында» 20 млрд еуродан астам қаржы айналымда […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Бағдадтағы лаңкестік шабуылдардың орындаушылары Ирак азаматтары болды — Қорғаныс министрлігі

    НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар. Ирак армиясы 21 қаңтар күні Бағдатта 32 адамның өліміне себеп болған қос жанкешті шабуылды жасаған 2 адамның Ирак азаматы екенін жариялады.Бұл туралы TRT хабарлайды.  Қарулы Күштер бас қолбасшылығы мәлімдемешісі Яхия Ресул мемлекеттік телеарнаға берген сұхбатында Бағдаттың орталығы Таяран алаңында тауар мен киім сататын және табысы төмен адамдар жиі баратын базарға жасалған шабуылмен […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Британдық шекарашылар Колумбиядан жеткізілген банандардан бір тонна кокаин тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар. Британдық шекарашылар Колумбиядан жеткізілген банандардың контейнеріне жасырылған бір тоннаға жуық кокаинді тәркіледі, стап алды, деп BBC News-ке сілтеме жасап REGNUM АА хабарлайды. Саутгемптон портына бекінген кеменің бортында салмағы 946 кг есірткі партиясы табылды. Жүк Бельгияның Антверпен портына бет алған. Операцияның егжей-тегжейлері туралы ақпарат жарияланбаған. Ұсталған контрабандистер туралы әзірге ақпарат жоқ.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Қызылорда облысының полицейлері марихуана тасымалдаған күдіктіні ұстады

    ҚЫЗЫЛОРДА, 25 қаңтар. Қызылордалық полицейлер есірткі тасымалдаған күдіктіні құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz. 21 қаңтар күні Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері “Самара-Шымкент” М-32 тас жолының 1336 шақырымында Арал ауданының аумағында Ақтөбе облысына қарай кетіп бара жатқан “Тойота Камри” маркалы автокөлікті тоқтатқан. Тексеру барысында аталған автокөліктің жолаушының сөмкесінен скочпен оралған екі дана пакет алынды, оның ішінде жасыл […]
    • 4 Years ago
    • 0