Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • РФ ФҚҚ Башқұртстан Республикасында террорлық актінің алдын алды

    НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар.  Ресей Федерациясының Федералды қауіпсіздік қызметі Башқұртстан Республикасында террорлық актінің алдын алды, деп ведомство сайтында хабарланады . Жүргізілген  шаралар нәтижесінде құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қарулы шабуыл дайындап жатқан 1995 жылы туған Ресей азаматы ұсталды. Жабдықталған құпия орнынан оқ-дәрілері бар атыс қаруы, қолдан жасалған жарылғыш құрылғының компоненттері, ал қолданылған байланыс құралынан — оны жасау […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • БАҚ: Ауғанстанның шығысында 16 содырдың көзі жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар.  Бейсенбі күні Ауғанстанның үкіметтік күштері елдің шығысындағы Нангархар провинциясындағы Хогиани және Ширзад аудандарындағы «Талибан» қозғалысының жасырынған жерлеріне шабуыл жасаған кезде барлығы 16 содыр өлтірілген. Бұл туралы провинция әкімшілігі таратқан мәлімдемеге сілтеме жасап Синьхуа агенттігі жазады. Мәлімдемеде операциялардың бейсенбі күні кешке Хогиани амағының Акрам-Хил ауданында және Ширзад аймағының Хашим-Хил ауданында жүргізілгені атап өтілді. […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • 2020 жылы террористік қылмыстар саны шамамен 30% өсті

    НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар.  Ресейде террористік сипаттағы қылмыстардың саны 2020 жылы 30% -ға, экстремистік — 42% -ға өсті. Бұл туралы Ресей ішкі істер министрлігінің статистикасында айтылған, деп хабарлайды ТАСС .  «2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында террористік сипаттағы 2 342 қылмыс (+ 29,7%) және экстремистік сипаттағы 833 қылмыс (+ 42,4%) тіркелді», — деп хабарлады министрлік. Статистикалық мәліметтерде террористік […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Псков тұрғыны терроризмді насихаттағаны үшін 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

    НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар.  Псков тұрғыны әлеуметтік желідегі парақшасында экстремизм мен терроризмды насихаттағаны үшін сот алдында жауап береді. Бұл туралы Псков облысының прокуратурасына сілтеме жасай отырып RG.RU хабарлайды. Тергеу барысында анықталғандай, ер адам 2018 жылдың наурыз айында өз парақшасында экстремистік қызметке жария түрде шақыратын екі жарияланым жасады. Содан кейін, 2018 жылдың мамырынан 2019 жылдың сәуіріне дейін […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Жамбыл облысының полицейлері 27 келіден астам есірткі тәркіледі

    ТАРАЗ, 23 қаңтар. Жамбыл облысының полицейлері Шу ауданының тұрғынынан 27 келіден астам есірткі тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz. Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Жамбыл облысы Шу ауданының 44 жастағы тұрғынын ұстады. Оның үйін тінту барысында жалпы салмағы 10 келі 120 грамм кептірілген марихуана, 210 грамм гашиш, сондай-ақ 17 келі 480 […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Кабулда әскери көлікке шабуыл жасалды

    НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар.Ауғанстан бас қаласы Кабулда әскери көлікке жасалған қарулы шабуылда екі әскер қаза тапты, деп TRT  хабарлады.  Ауғанстан Ішкі істер министрлігі баспасөз хатшысы Тарық Арьен Кабулдың Коте-и Санги аймағында кім екені белгісіз адамдардың әскери көлікке қарулы шабуыл жасағанын жариялады. Арьен шабуылда 2 әскердің қаза тапқанын және шабуылдаушылардың аймақтан қашқанын мәлімдеді. Шабуылды қазірше ешкім мойындамады.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Бағдад базарындағы шабуылды «Ислам мемлекеті» мойнына алды

    НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар. Ирак астанасында 21 қаңтарда тіркелген шабуылдан кем дегенде 32 адам қаза тауып, 110 адам жараланды. Екі жанкешті адам көп жиналған базарда өзін жарып жіберген. «Ислам мемлекеті» террористік тобы шабуыл жауапкершілігін мойнына алды.Бұл туралы сentralasian.org хабарлайды.  Билік мәліметі бойынша, жарылыстар Таяран алаңындағы базарда болды. «Ислам мемлекетімен» байланысы бар Amaq жаңалықтар агенттігі telegram-арнасында ұйымның екі мүшесі […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • БҚО тіркелмеген діни бірлестіктің заңсыз қызметі әшкереленді

    ОРАЛ, 22 қаңтар. Оралда тіркелмеген діни бірлестіктің заңсыз қызметі әшкереленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. БҚО полиция департаментінің экстремизммен күрес басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, діни бірлестікті құрып, оған басшылық еткен екі тұрғын жауапқа тартылды. ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 489-бабына сәйкес Орал қаласының 1988 жылғы Н. және 1986 жылғы И. деген тұрғындарына қатысты хаттама толтырылып, әрқайсысына 145 850 теңге […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Мысырда төтенше жағдай режімі тағы үш айға ұзартылды

    НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар. 15-ші мәрте ұзартылған төтенше жағдай тәртібі 2021 жылы 24 қаңтардан бастап атқарылады, деп TRT хабарлайды.  Мысыр Мәжілісі «Төтенше жағдайды» ел көлемінде тағы 3 ай ұзарту шешімін мақұлдады. Мысыр Мәжілісінің төрағасы Ханефи Джибали жалпы отырыстағы сөзінде: «Президент Абдулфеттах ес-Сисидің ел көлемінде «Төтенше жағдайды» тағы 3 ай ұзарту жөніндегі шешімі Мәжілісте үштен екі көпшілік дауыспен қабылданды» деді. […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Сириядағы содырларға қаржылай жәрдем жасаған жиһадшылар Өзбекстанда ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар. Сырдария облысында тәртіп сақшылары «Жиһадшылар*» экстремистік тобының қызметін тоқтатты . Бұл туралы елдің ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап Sputnik Өзбекстан жазады. Тергеу барысында Ресей Федерациясындағы маусымдық жұмыс кезінде топтың екі жетекшісі радикалдардың ықпалына түскені белгілі болды. Олар отанына оралып, халық арасында және әлеуметтік желілер арқылы өздерінің деструктивті идеяларын таратумен айналыса бастады. Олар […]
    • 4 Years ago
    • 0