Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Қарағанды қалалық полиция басқармасын «миналаған» азамат анықталып, ұсталды

    ҚАРАҒАНДЫ, 23 желтоқсан. 112 нөміріне қоңырау шалған белгісіз ер адам Қарағанды қалалық полиция басқармасының ғимаратына бомба қойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 22 желтоқсан күні сағат 16.30-да төтенше жағдайлар басқармасына Қарағанды қаласының полиция басқармасы ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына Қарағанды облыстық полиция департаментінен барлық шұғыл қызметтер тартылып, ғимаратта қызметкерлер эвакуацияланды. Тексеру кезінде […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • ҚР ҰҚК есірткінің онлайн-саудасының жолын кесті 

    АЛМАТЫ, 22 желтоқсан. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2020 жылдың қарашасында «URAN» республикалық қоғамдық бірлестігі берген ақпарат бойынша синтетикалық есірткіні Интернет арқылы сатуға қатысы бар 2 ҚР азаматының қылмыстық әрекетінің жолын кесу жөнінде іс-шаралар өткізді, деп ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлайды.  Атап айтқанда, «Т» деген бірінші фигурант Канададан курьерлік қызметтер арқылы жеткізілген кезекті жөнелтілімді алғаннан кейін […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Террористік әрекетке шақырған Краснодар тұрғыны Қырымда ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 22 желтоқсан. Қырымда терроризм идеяларын таратады деп күдіктенген жас Красноярск қаласының тұрғыны қамауға алынды, деп жазады NewsLab.ru. Облыстық тергеу комитетінің тергеу басқармасында түсіндірілгендей, Ресей ФҚҚ аймақтық департаментінің материалдары негізінде 26 жастағы ер адамға қарсы Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 205.2 бабының 2 бөлімі (терроризмге жария түрде шақыру) және 205.1 бабының 1.1. бөлімі (террористік қызметке жәрдемдесу) […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • СҚО-да діни мазмұндағы материалдар таратқан ер адам жарты млн теңге айыппұл төледі

    ПЕТРОПАВЛ, 22 желтоқсан. Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан діни заңнаманы бұзудың 23 дерегі анықталып, құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, анықталған деректердің басым бөлігі діни мазмұндағы материалдарды таратумен және сатумен байланысты. Петропавлдың 56 жастағы тұрғыны 500 мыңнан астам теңге айыппұл төледі. Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Германияда синагогаға шабуыл жасаған адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 22 желтоқсан. Наумбургтегі Саксония-Анхальттың Жоғарғы аймақтық соты 2019 жылғы 9 қазанда Галледегі синагогаға шабуыл жасап, екі адамды өлтірген 28 жастағы Германия азаматы Штефан Б.-ны өмір бойына бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Бұл туралы сот дүйсенбі күні таратқан хабарламада айтылған, деп хабарлайды ТАСС . Ер адамға, атап айтқанда, екі адамды өлтіру, жалпы 68 адамды өлтіруге […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Алматыда есірткі сатушылардың қылмыстық тобы әшкереленді

    АЛМАТЫ, 22 желтоқсан. Алматы полициясы есірткі сатушылардың қылмыстық тобын әшкереледі, – деп хабарлайды Polisia.kz. Мақсатты жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде Алматы қаласында “гашиш” есірткісін сатумен және таратумен айналысқан жеті адамнан тұратын топ ұсталды. – Біздің бөлімнің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлімімен тіркелген қылмыстық іс шеңберінде А.азаматтың Алматы қаласының аумағында бола тұра, есірткі заттарды […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Жамбыл полицейлері 50 жастағы тұрғынды заңсыз есірткі затын тасымалдағаны үшін ұстады

    ТАРАЗ, 21 желтоқсан. Жамбылдық полицейлер есірткі затын заңсыз иемденіп, сақтап және тасымалдаумен айналысқан Түркістан облысының 50 жастағы тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілді. Тергеу барысында күдікті Шу ауданының аумағында кендір қурайлардың көп өсетіндігін біліп, оны аса ірі көлемде жинап, жасырып, өзімен бірге алып кетуді […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Өскеменде есірткі жарнамалайтын 50-ден астам граффити жойылды

    ӨСКЕМЕН, 21 желтоқсан. Өскемен қаласында полиция қызметкерлері есірткі жарнамалайтын 50-ден астам граффити-суретті жойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «ВИКИНДА» қоғамдық қорының және ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының өкілдерімен бірлесіп, нашақорлықтың алдын алу және психотроптық заттардың таралуын болдырмау мақсатында Өскемен қаласының көшелерінде рейд жүргізді. «Шаһардағы түрлі […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Украинада құны 12 миллион доллар болатын ірі кокаин партиясы тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 21 желтоқсан. «Старокозачье» халықаралық өткізу бекетінде (Одесса облысы) Украинаның құқық қорғау органдарының қызметкерлері  54 кг кокаин бар жүкті тоқтатты, деп Украинаның Мемлекеттік шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап REGNUM АА  хабарлады. Украинаның  «Южный теңіз портына»  есірткі заттары Эквадордан жеміс-жидек салынған контейнермен келді.  «Құқық қорғау органдарының қызметкерлері «элиталық есірткінің» соңғы жеткізі пункті ЕО елдерінің бірі […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Түркия қорғаныс министрлігі: бір айда 75 лаңкес залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 21 желтоқсан. Соңғы айда Түрік Қарулы Күштерінің терроризмге қарсы операциялары аясында тыйым салынған қарулы ұйымдардың 75 содыры жойылды. Бұл туралы Түркия қорғаныс министрлігінің жексенбі күнгі хабарламасында айтылған, деп жазады Анадолу агенттігі. Жалпы есепті кезеңде Түркия көлемінде және шет елдерде 45, оның ішінде тоғызы ірі ауқымды операция өткізілді. Сирияның солтүстігінде де лаңкестермен белсенді күрес жалғасып […]
    • 4 Years ago
    • 0