Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Ростов облысында терроризмді қаржыландырғаны үшін ИМ жәрдемдесі 5 жылға сотталды

    НҰР-СҰЛТАН, 23  қазан. Оңтүстік округтік әскери соты Сағид Казимагомедовты «Ислам мемлекеті» (ИМ) (ҚР тыйым салынған ұйыи) халықаралық террористік ұйымының мүшесіне ақша аударғаны үшін бес жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.  «Сот үкіміне сәйкес, Казимагомедов кінәлі деп танылып, жалпы режимдегі түзеу колониясында бес жылға бас бостандығынан айырылды», — деп […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Лион қаласындағы вокзалды миналау туралы хабарлама жалған болып шықты

    НҰР-СҰЛТАН, 23  қазан. Лион қаласындағы «Пар-Дьё» вокзалындағы жарылғыш зат туралы хабарламадан кейін жүргізілген операция аяқталды, пойыздар қозғалысы қалпына келтірілуде. Бұл туралы Овернь — Рона-Альпы аймағының префектурасы бейсенбіде таратқан хабарламада айтылған, деп хабарлайды ТАСС .  «Лионның «Пар-Дьё» теміржол станциясындағы полиция операциясы аяқталды, пойыздар қозғалысы қалпына келтірілуде», — деп мәлімдеді префектурада. Бұған дейін жарылғыш зат туралы хабарламаға […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Дамаск мүфтиі лаңкестік шабуыл кезінде қаза болды

    НҰР-СҰЛТАН, 23  қазан. Дамаск мүфтиі Аднан Афиони Сирия астанасында теракт кезінде қаза тапты,  деп  SANA агенттігіне сілтеме жасай отырып zakon.kz хабарлайды. Жарылыс Дамасктың батыс шетінде болды. Алдын ала мәлімет бойынша, қолдан жасалған жарылғыш зат мүфтийдің Кудсия кварталындағы Аль-Сахара мешітінің алдында тұрған автокөлігінде іске қосылды. Аднан Афиони Сириядағы ең беделді діни қайраткерлердің бірі болып саналды. Әзірге […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Қазақстан мен АҚШ әскери күштері терроризм мен экстремизмге қарсы күрестегі ынтымақтастықты талқылады

    НҰР-СҰЛТАН, 22 қазан. Қорғаныс министрлігінде Қазақстан мен АҚШ-тың әскери ынтымақтастығы талқыланды, деп Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.  Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев пен АҚШ Қарулы Күштері Орталық қолбасшылығының қолбасшысы генерал Кеннет Маккензи кездесті. Кездесу барысында тараптар бітімгершілік қызмет, терроризм мен экстермизмге қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылады.
    • 4 Years ago
    • 0
  • БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі ИМ дала командиріне қатысты санкция мерзімін созды

    НҰР-СҰЛТАН, 22 қазан. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Гүлмурод Халимовқа қатысты санкция мерзімін созды. Тәжікстан ІІМ арнайы қызметінің бұрынғы командирі 2015 жылы елден қашып, бірнеше елде тыйым салынған «Ислам мемлекеті» тобына кірген, деп centralasian.org жазады. Қауіпсіздік кеңесінің жаңарған тізімі 21 қазанда жарияланды. 2015 жылы Кеңес ИМ және «Әл Қаидаға» кіретін адамдарға, топтарға, кәсіпорындар мен ұйымдарға санкция салған. Халимовқа қатысты […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Алматы және Алматы облысында ҰҚК бөлімшелерінің іс-қимылдарының тиімділігін арттыру бойынша оқу-жаттығулар өтті

    АЛМАТЫ, 22 қазан. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бөлімшелері Алматы қаласы мен Алматы облысының аумағында «Спрут-2020» кешенді жедел-тактикалық оқу-жаттығуын өткізді. Бұл туралы ҚазАқпарат ҰҚК сілтеме жасап хабарлайды. Оқу-жаттығудың мақсаты терроризмге қарсы іс-шараларды өткізу және төтенше жағдайларды, Мемлекеттік шекараны жаппай заңсыз кесіп өтуді оқшаулау ықтималдығы кезінде бірлескен тактикалық іс-қимылдар барысында ҚР ҰҚК бөлімшелерінің өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру болды. […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның батысында болған шабуылда 12 полиция қызметкері қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 22 қазан. Ауғанстанда ұйымдастырылған бомбалы шабуылда 12 полиция қаза тапты, деп TRT жазады. Ауғанстанның батысындағы Нимруз провинциясындағы Канг ауданында ұйымдастырылған бомбалы шабуылда аудандық қоғам қауіпсіздігі директоры мен бірге 11 полиция қызметкері қаза тапты. Бомбалы шабуылдың жауапкерлігін әлі ешкім мойнына алмады.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Парагвайда құны 500 миллион долларды құрайтын  есірткі тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан. Бұл ел тарихында болмаған жағдай, деп хабарлайды 24.kz. Тәртіп сақшыларының анықтауынша, есірткінің құны шамамен 500 миллион долларды құрайды. Полиция қызметкерлері кокаинді Израильге жол тартқан 6 жүк контейнерінен тапқан. Анықталғандай, контейнерлердің бәрі Кристиан Турринидің атына рәсімделіпті. Айта кетейік, бұл азамат бұрын Парагвай телеарналарының бірінде басшылық қызметін атқарған. Енді ол осы іске қатысты түсініктеме […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Маңғыстау облысының полицейлері есірткі сататын 72 сайтты бұғаттады

    АҚТАУ, 21 қазан. Өңірдегі есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі қылмысының 493 фактісін анықтап, есірткі сататын 72 сайтты бұғаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Департаменттің мәліметінше, жыл басынан бері есірткі саудасына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 493 есірткі қылмысын анықтаған. Нәтижесінде заңсыз айналымнан героин, марихуана, гашиш, апиын және синтетикалық […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Мәскеуде сириялық содырларды қаржыландырғаны үшін Дағыстанның тумасы сотталды

    НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан. Дағыстанның тумасы Рамазан Абдулхаликов Таяу Шығыстағы содырларды қаржыландыру ісі бойынша кінәлі деп танылды. Ол сегіз жылға бас бостандығынан айырылды, деп Мәскеу бойынша РФ ТК бас тергеу бөлімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап REGNUM ақпараттық агенттігі хабарлады. 2016 жылдың шілдесінен 2018 жылдың қарашасына дейін Абдулхаликовтың Сирия мен Ирактағы террористік ұйымды қаржыландыру үшін құрылған мессенджерлерінің […]
    • 4 Years ago
    • 0