Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Радикалды исламшылар Венадағы лаңкестік шабуылға қатыстылығы туралы мәлімдеді

    НҰР-СҰЛТАН, 03 қараша. Радикалды исламшылар Венадағы лаңкестік актілерге қатысы бар екенін мәлімдеді, деп радикалдардың ақпараттық ресурстарын бақылайтын американдық SITE Intelligense компаниясы хабарлайды. Бұл туралы REGNUM АА жазады. Олардың ақпараты бойынша, жиһадшылар Австрияның Таяу Шығыстағы «Ислам мемлекеті» ұыймының (ҚР  қызметіне тыйым салынған ұйым) лаңкестерімен күреске  қатысқаны үшін жауап ретінде теракт жасады. Дегенмен лаңкестік топтардың ешқайсысы шабуылға […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • СҚО полицейлері аса ірі көлемдегі синтетикалық есірткіні тәркіледі

    ПЕТРОПАВЛ, 19 мамыр. СҚО полицейлері аса ірі көлемдегі синтетикалық есірткінің жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz. Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ірі көлемде синтетикалық есірткі сатқан адамның ізіне түсті. Қызылжар ауданының орталығы Бескөлдің 19 жастағы тұрғыны Петропавл колледждерінің бірінде оқиды, отбасы жақсы жағынан сипатталады. Жігіттің облыс орталығында жалға алған […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Жастардың діни сенім бостандығы туралы түсінігі қандай?

    АСТАНА, 25 қаңтар. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Әлеуметтік және азаматтық даму департаменті Қазақстан Республикасының діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Зайырлы қоғамдағы жастардың діни сенім бостандығы туралы түсінігі» тақырыбында семинар-кеңес өткізді, деп kazislam сайты хабарлайды. Семинардың мақсаты елордамыздағы ЖОО-дағы студенттерге білім беруші ұстаздарға діни экстремизмнің […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Тыйым салынған ақпаратты сақтағаны үшін екі ақтөбелікке айыппұл салынды

    АҚТӨБЕ, 08 мамыр. Ақтөбе облыстық ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері тыйым салынған ақпаратты сақтағаны үшін Ақтөбенің екі тұрғынын әкімшілік жауапқа тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Полиция қызметкерлері әлеуметтік желіге мониторинг жүргізіп, Ақтөбенің 28 және 33 жастағы тұрғындарының жеке парақшасынан аудиожазбаларды тапқан. Сараптама қорытындысы бойынша, ұсынылған материалдар Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, басып шығаруға, дайындауға және таратуға тыйым […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Тәжікстанда ІІМ-нің лаңкестікке қарсы арнайы операциясы барысында ұйымдасқан қылмыстық топтың 5 мүшесі жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 01 маусым. НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр. Тәжікстанның Ішкі істер министрлігі Таулы Бадахшан автономиялық облысының (ГБАО) Рушан ауданындағы таулы аймақтарда жүргізген терроризмге қарсы  операция барысында қауіпсіздік күштеріне қарулы қарсылық көрсеткен ұйымдасқан қылмыстық және лаңкестік топ мүшелерін залалсыздандырды, деп Тәжікстан Ішкі істер министрлігінің баспасөз орталығына сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Тәжікстан Республикасы Ішкі […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Аден әуежайда бірнеше жойқын жарылыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 30 желтоқсан.Йеменннің ең ірі қалаларының бірі Аден әуежайында үш бірдей жарылыс болды. Оқиға үкіметтің жаңадан жасақталған құрамы ұшып келген кезде болған. Бұл туралы Al Arabiya-ға сілтеме жасап 24.kz хабарлайды. Басылым мәліметінше, жарылыс министрлер ұшақтан түсетін кезде әуежай терминалында болған. Көз жұмғандар мен зардап шеккендер көп көрінеді. БАҚ-та атыс болғаны туралы да ақпарат тарауда. Йемен үкіметінің […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Қарағандыда есірткі сатқан мектеп мұғаліміне қатысты сот отырысы басталды

    ҚАРАҒАНДЫ, 22 қазан. Қарағандыда есірткі сатқан мектеп мұғаліміне қатысты сот отырысы басталды. Жарым жан балалар интернатының 24 жастағы тәрбиеші, дефектолог маманы сабақ бере жүріп психотроптық заттар саудасымен айналысқан деген күдікке ілікті. Қоғамды елең еткізген аты шулы іс қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотта қаралып жатыр, деп AstanaTV хабарлайды.  24 жастағы мұғалім аса ірі көлемде психотропты және […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Қырғыз кеденшілері 94 келіден астам есірткі тәркіледі

    НҰР-СҰЛТАН, 25 сәуір. 2021 жылдың басынан бастап Қырғызстан кеденшілері тәртіп сақшыларымен бірге есірткі қылмысының 30 фактісін анықтады. Бұл туралы Қырғызстанның кеден қызметіне сілтеме жасап  REGNUM АА хабарлады. Ведомствода атап өткендей, бұл өткен жылғы көрсеткіштен үш есеге артық. Осы кезеңде заңсыз айналымнан 94 кг-нан астам есірткі тәркіленді, оның ішінде 48 кг-нан астамы марихуана және 46 кг-ға […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Бахчисарайда ұсталған «Хизб-ут-Тахрир» қатысушылары қамауға алынды

    НҰР-СҰЛТАН, 13 наурыз. Симферопольдің Киев аудандық соты Ресей Федерациясында тыйым салынған «Хизб ут-Тахрир аль-Ислами» халықаралық лаңкестік ұйымының мүшелері Сейтумер Сейтумеровті, Осман Сейтумеровті және Рүстем Сейтмеметовті қамауға алды. Лаңкестік топтың тағы бір мүшесі Амет Сүлейманов денсаулығына байланысты үй қамауына алынды, деп хабарлайды ТАСС соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Сотта айыптаушы күдіктілердің барлығы Украинаның азаматтары екенін, соттан […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Гватемалада 600 келіден астам кокаин тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 04 қараша. Гватемалада Панамадан келген кемеден 600 келіден астам кокаин тәркіленді. Бұл туралы дүйсенбі күні Гватемала прокуратурасы өзінің Twitter-інде жазды, деп хабарлайды ТАСС. «Есірткіге қатысты қылмыстарға қарсы күрес прокуратурасы полициямен бірлесе, екі контейнерді тексеруді аяқтады, олардан жалпы саны 616 бумаға салынған <…> кокаин табылды», — делінген хабарламада. Есірткі партиясы елдің Кариб теңізі жағалауындағы Санто-Томас-де-Кастилья […]
    • 4 Years ago
    • 0