Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Ауғанстанда болған жарылыстан 18 адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 07 тамыз. Ауғанстан астанасы Кабулда жойқын жарылыс болып, 18 адам қаза тапты,деп 24.kz хабарлайды. 100-ге жуық тұрғын жарақат алды. Олардың көбі әйелдер мен балалар. Алдын ала ақпарға қарағанда лаңкестер шаһардағы полиция басқармасының бірінің жанында бомба жасырынған көлікті жарып жіберген. Шабуылды «Талибан» лаңкестік ұйымы мойынына алды. Қазір терактімен байланысты содырлар іздестіріліп жатыр. Жергілікті билік қаза […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Колумбияда полиция ғимаратының маңында жүк көлігі жарылды

    НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша. Колумбияның Каука қаласында полиция ғимаратының маңында жүк көлігі жарылды. Жарылыс салдарынан үш адам қаза тапты, он шақты адам зардап шекті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости басылымына сілтеме жасап.  «Сантандер-де-Киличао, Каука елді-мекеніндегі жаңадан ашылған полиция учаскесінің маңында жүк көлігі қойылған. Елді-мекен жарықсыз қалды», — делінген хабарламада. Басылым прокуратурадағы дерекөзіне сілтеме жасап, оқиға салдарынан […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Жамбыл облысында бес күнде 53 келіден астам марихуана тәркіленді

    ТАРАЗ, 19 шілде. Жамбыл облысының аумағында есірткі мен психобелсенді заттарды жеткізу арналарының жолын кесуге бағытталған «Өрмек» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. Бес күндік іс-шара барысында заңсыз айналымнан 53 келі 646 грамм «марихуана» есірткі заты тәркіленді,- деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Өрмек» жедел-алдын алу іс-шарасының нәтижесінде 11 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде төртеуі Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігімен […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Петропавлда жарылғыш зат туралы хабар жалған болып шықты

    ПЕТРОПАВЛ, 29 қазан. Петропавл қаласында белгісіз біреудің «тоғыз қабатты тұрғын үйге жарылғыш зат қойылды» деген хабарынан кейін 123 адамды қауіпсіз жерге шығаруға тура келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Солтүстік Қазақстан облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 28 қазан күні таңертең Петропавл қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне Н.Назарбаев көшесіндегі 154-үйге бомба қойылғаны туралы белгісіз ер адам қоңырау […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Елімізде интернет арқылы есірткі сатқандар өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін

    НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде. Елімізде қызметі қолданыстағы заңдарға қайшы келетін 14 мың шетелдік сайт анықталды. Оның 4 мыңға жуығы есірткі заттарын насихаттап жарнамалаған, деп 24.kz хабарлайды.  Ішкі істер органдары бұл деректерді Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне жолдады. Жалпы жыл басынан бері ел аумағында 3 мыңнан астам есірткі қылмысы тіркеліпті. Кинологиялық қызмет орталығындағы 35 иттің бірі Цезарь […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Сириядан Өзбекстанға 100-ге жуық әйелдер мен балалар оралды

    НҰР-СҰЛТАН, 08 желтоқсан. Сириядан Өзбекстанға арнайы әуе рейсімен соғыс аймағында қалған 98 отандасымыз – әйелдер мен балалар келді, деп РИА Новостиге сілтеме жасап Sputnik Өзбекстан хабарлайды. Президент Шавкат Мирзиёевтің тапсырмасы бойынша 25 әйел мен 73 бала өз отанына оралды. Барлық қайтарылған азаматтарға қажетті медициналық, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетіледі, олар үймен қамтамасыз етіледі, әйелдер жұмыспен […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • ИМ террористтері өз белсенділігін TamTam мессенджеріне ауыстыруға тырысты

     НҰР-СҰЛТАН, 05 желтоқсан. «Ислам мемлекеті» тобының (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) террористтері өз қызметін Telegram мессенджерінен TamTam мессенджеріне ауыстыруға  тырысты, бірақ  бұған қол жеткізе алмады. Бұл туралы джихадизм жөніндегі сарапшы Питер Ван Остайен мәлімдеді, деп REGNUM хабарлайды. 29 қарашада Лондондағы террористік шабуылды ИМ (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) террористтері ұйымдастырып жасаған, бұл топтың TamTam мессенджерінде […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Кабул тәлібтермен диалогты Ауғанстанда жалғастыруды қолдайды

    НҰР-СҰЛТАН, 13 желтоқсан. Ауғанстан президентінің қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Хамдуллах Мухиб ауғанаралық келіссөздерді Дохада емес  Ауған аумағында жалғастыруға ниет білдірді, деп жазады Анадолу агенттігі. Ауған үкіметі мен «Талибан» қозғалысының өкілдері(ҚР-да тыйым салынған ұйым) арасындағы келіссөздердің қалған кезеңдерін Ауғанстанның өзінде ұйымдастыру керек, деп жазды Мухид әлеуметтік желілерде. «Ауғанстан үкіметі «Талибан» қозғалысы келіссөздер үшін ұсынатын кез-келген орынды қарастырада. […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Соқыр сенім жауынгері. Сириядан қайтарылған қазақстандықтың тағдыры

    НҰР-СҰЛТАН, 01 тамыз.  ДАИШ -ке қызмет еткені үшін Елнарға айы сайын 50 доллар төленген. Бұл онымен бірге Сирияға кеткен туыстарының өмірінің бағасы, деп жазады  informburo.kz . Елнар Өзбеков —  Сириядан қолында кісенмен оралғандардың бірі. Ол ДАИШ (Қазақстанда қызметіне тыйым салынған) террористік тобына қатысқаны үшін 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын өтеп жатыр және террористік […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • «Аш-Шабаб» содырлары кениялық дәрігерлерді ұрлап әкетті

    АСТАНА, 03 қараша. Кенияда «Аш-Шабаб» лаңкестік ұйымының мүшелері араларында денсаулық сақтау қызметкерлері де бар 4 адамды ұрлап кетті, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. The Daily Nation газетінің хабарлауынша Сомалимен шекарадағы Мандера аймағында террор ұйымы «Аш-Шабаб» мүшелері кеше кешкі уақытта бір жедел жәрдем көлігін ішіндегі 2 денсаулық қызметкері, 1 науқас және жүргізушісімен ұрлап […]
    • 3 Years ago
    • 0