Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Өзбекстан, АҚШ және Ауғанстан COVID-19, есірткі тасымалы мен терроризммен күресті талқылады

      НҰР-СҰЛТАН, 13 тамыз.  Өзбекстан, Америка Құрама Штаттары мен Ауғанстан жаңа COVID-19 коронавирусының таралуына, терроризм мен есірткі бизнесіне қарсы күресте өзара іс-қимылды күшейтуде, деп Өзбекстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Sputnik Тәжікстан хабарлайды. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 12 тамызда «Өзбекстан-АҚШ-Ауғанстан» үшжақты ынтымақтастық форматындағы қауіпсіздік жөніндегі шағын комиссияның бірінші отырысы бейнеконференция форматында өтті. Тараптар, атап […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Украинада есірткінің ірі партиясы тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 17 қыркүйек.Украинаның Чернигов облысында жеке үйінен қарасора плантациясы табылған ер адам ұсталды. Бұл туралы облыстық ұлттық полицияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап REGNUM АА хабарлады.  «Санкцияланған тінту кезінде … құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен 20 кг кептірілген қарасора өсімдіктерін, марихуанаға ұқсас… 10 кг ұнтақталған зат, 50-ден астам экстази таблеткалары, амфетаминге ұқсас… 60 граммға жуық ұнтақ зат, […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Өскеменге аса ірі көлемде синтетикалық есірткі әкелмек болған алматылық ұсталды

    ӨСКЕМЕН, 20 тамыз. Өскемендік полицейлер 65 млн теңгенің есірткісін тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz. Шығыс Қазақстан облысының полицейлері ҚР Ұлттық ұланының арнайы бөлімшелерін тарта отырып, елдің шығысына есірткі жеткізуге қатысы бар адамдардың қылмыстық әрекеттерінің жолын кесу бойынша арнайы операция өткізді. Нәтижесінде 3,5 мың бір реттік дозаға тең салмағы 1 келі жуық синтетикалық есірткінің аса ірі партиясын […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Чикаго маңында жаппай атысқа қатысты күдікті қамауға алынды

    НҰР-СҰЛТАН, 05 шілде.Бұл 22 жастағы Роберт Кримо III болып шықты. Оған күдікті ретінде іздеу жарияланған жоқ, бірақ «қарулы және өте қауіпті» деген бағдар берілді, деп Zakon.kz агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.  Хайленд саябағында болған атыстан кейін күдікті қамауға алынды, деп хабарлады CBS Chicago. Жігіт оқиғадан сегіз сағат өткен соң табылды. Белгілі болғандай, жас […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Сириядағы соғыс зардабынан 330 мың адамның өмірі қиылды

    Дамаск. 18 шілде. Сирияның адам құқықтары жөніндегі бақылау кеңесінің мәліметінше, 2011 жылдан ағымдағы жылдың шілде айына дейінгі жүргізілген есеп қорытындысы бойынша елдегі соғыс 331 мың 765 адамның өмірін қиған. Асқан зорлықпен көз жұмған құрбандардың 99 мың 617-сі — қарапайым тұрғындар. Сириядағы соғыстың зардабынан өлім құшқан балалардың саны 18 мың 243-ді құрайды. Құқық қорғау органы қызметкерлері […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Швеция жаңа террор заңын іске қосады

    АСТАНА, 01 желтоқсан. Кристерссон жылдың басында күшіне енетін жаңа террор заңын жаздан бұрын іске қосатындарын айтты, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Швеция премьер-министрі Ульф Кристерссон жылдың басында күшіне енетін жаңа террор заңын жаздан бұрын іске қосатындарын айтты. Ульф Кристерссон елінің «TT» ақпарат агенттігіне жасаған мәлімдемесінде 28 маусым күні НАТО Мадрид […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Бахчисарайда ұсталған «Хизб-ут-Тахрир» қатысушылары қамауға алынды

    НҰР-СҰЛТАН, 13 наурыз. Симферопольдің Киев аудандық соты Ресей Федерациясында тыйым салынған «Хизб ут-Тахрир аль-Ислами» халықаралық лаңкестік ұйымының мүшелері Сейтумер Сейтумеровті, Осман Сейтумеровті және Рүстем Сейтмеметовті қамауға алды. Лаңкестік топтың тағы бір мүшесі Амет Сүлейманов денсаулығына байланысты үй қамауына алынды, деп хабарлайды ТАСС соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Сотта айыптаушы күдіктілердің барлығы Украинаның азаматтары екенін, соттан […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Сирияның солтүстігінде болған жарылыс салдарынан жеті түрік әскери қызметші қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН,10 қаңтар. Сәрсенбі күні  Сирияның солтүстігіндегі Түркия бақылауындағы аймақта болған жарылыс жеті түрік әскери қызметшілердің өмірін қиды. Бұл туралы Синьхуа ақпарат агенттігі ақпарат көздеріне сілтеме жасап хабарлады . Сириядағы адам құқықтары бойынша обсерваториясының хабарлауынша , Хасеке провинциясындағы Рас эль-Айна қаласының маңында бомбаның жарылуы салдарынан Түркияның бақылау бекеті зақымдалған, жеті түрік әскерилері қаза тауып, жетеуі жараланған, […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Сомали астанасында болған жарылыс салдарынан ондаған адам жарақат алды

    НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым. Сомали астанасы Могадишу қаласында лаңкестік әрекет орын алды. Бұл туралы 18 маусымда Anadolu Ajansi-ге сілтеме жасап REGNUM хабарлайды. Журналистердің айтуынша, бомба жарылысы салдарынан ондаған адам жарақат алған, олардың барлығы шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. Болған оқиға үшін әлі бір де лаңкестік топ жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ. Алайда, лаңкестік әрекетті «Аш-Шабаб» содырлары жасады […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Нигерияда лаңкестер 23 адамды өлтіріп кетті

    НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде.Нигерияда «Боко Харам» лаңкестері Борно штатындағы 1 ауылға шабуыл жасап, 23 адамды жер жастандырды, деп 24.kz хабарлайды.  Содырлар жерлеуден қайтып келе жатқан тұрғындардың алдынан шығып, оқ жаудырған. Қазір лаңкестер іздестірілп жатыр. Айта кетейік, «Боко харам» лаңкестік ұйымы Африканың батысындағы бірнеше мемлекетте 2009 жылдан бері ойран салып келеді. Нигерияның өзінде бұл лаңкестік топ мүшелерінің […]
    • 5 Years ago
    • 0