Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Түркістан облысының полицейлері сора егістігін жойды

    ТҮРКІСТАН, 19 тамыз. Түркістан облысының полицейлері бес мың түп сора егістігін жойды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Түркістан облысы Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Отырар ауданы Сырдария өзенінің жағасында бір гектарға жуық жер теліміне есірткі затына ұқсас өсімдіктіктердің егілгені жөнінде хабарлама алды. Ақпарат алысымен тәртіп сақшылары тексеруге шықты. Полицейлер тінту кезінде бес мың түп есірткі затын тауып, тәркілеп алды. Сараптама қорытындысына сәйкес алынған […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Терроризм және Ислам –  бірін-бірі жоққа шығаратын көрініс

    НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз. Дін – ғылым мен мәдениеттің тамыры. Бүгінгі күнгі осы бағалы құндылығымыздың қадірін кетіріп, құнын түсіруді мақсат еткен жағдайлар орын алып жатқаны баршаға аян. Оның жанданып келе жатқан эволюциялық процесiне қол сұғушылық қоғамда әдеттен тыс құбылыстар мен уақиғалардың өрбуiне апарып соқтыруы мүмкiн, деп kazislam.kz сайты жазады. Әдеттен тыс құбылыстар мен уақиғалар көбiнесе әлеуметтiк жарылыстар […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Нидерландыда бір тонна кокаин тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз. Нидерландтық кеденшілер Роттердам портында импортталған ананас салынған контейнерден бір тонна кокаин тапты, деп nege.kz жазады.   «Есірткі ананас контейнерінде жасырылған, олардың құны – 75 миллион еуро», – делінген хабарламада. Контейнер өткен сенбіде бельгиялық Антверпеннен келген. Тәртіп сақшылары есірткі контрабандасына қатысы бар адамдарды анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауласында есірткі өсірген атыраулық қолға түсті

    АТЫРАУ, 19 тамыз. Атырау полицейлері Еркінқала селосы тұрғынының ауласынан өсіп тұрған 1898 түп есірткі шөптерін тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz. Полиция департаментінің қызметкерлері “Қарасора” алдын-алу шарасы барысында, қала шетінде орналасқан Еркінқала селосы тұрғынының үйінің ауласынан заңсыз өсірген 1898 түп қара сора тауып, тәркіледі. Тексеру барысында, полицейлермен осы мекен-жайдан бұдан басқа кептірілген сора табылып, алынды. Сараптама қорытындысымен […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Саратовта лаңкестер қатарына тартқаны үшін ұсталған ер адам жеті жылға бас бостандығынан айырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз. ФҚҚБ қызметкерлері Саратовта тыйым салынған «Талибан» радикалды қозғалысына адамдарды тартып жүрген Орталық Азияның азаматын ұстады. Бұл туралы ТАСС аймақтағы ФҚҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.  «Сот шешімімен азамат қылмысқа кінәлі деп танылып, Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 205.5 бабының  2-бөлігі («Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес лаңкестік  деп танылған ұйымның қызметіне қатысу») бойынша сотталды.Оған жазасын […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ингушетияда жойылған содырлар лаңкестік әрекеттерді жоспарлады

    НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз.Ингушетияда жойылған содырлардан пайдалануға дайын қолдан жасалған жарылғыш құрылғылар табылды. Ұлттық терроризмге қарсы комитеттің ақпараттық орталығында REGNUM АА хабарлағандай, бандиттер бірқатар лаңкестік қылмыстар жасауды жоспарлаған. Қолдан жасалған бомбалардан басқа, содырлармен қақтығыс болған жерден автомат, тапанша және көптеген оқ-дәрілер табылды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне шабуыл жасаған бір топ содырлар  18 тамызда Сунженск облысындағы орманда […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Сомалидегі «Аш-Шабаб» базасын басып алу кезінде 30-дан астам бала босатылды

    НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз. АҚШ-Сомали әскерлері Африка Одағы күштерінің қолдауымен ондаған баланы босатып, Төменгі Шабель аймағындағы «Аш-Шабаб» содырларының (Ресей Федерациясында тыйым салынған ұйым) стратегиялық базасын бақылауға алды. Бұл туралы VOA Swahili-ге сілтеме жасап REGNUM хабарлады. Ел астанасы Могадишодан 208 шақырым жерде орналасқан, Сомалидің оңтүстік-батысындағы Кунтуварей қаласы көптеген жылдар бойы «Аш-Шабабтың» (Ресейде тыйым салынған ұйым) стратегиялық базасы […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Сирияның солтүстік-шығысында миналанған көліктің жарылысынан 3 адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз. Расулайнның батысындағы Мебруке аймағында Сирия ұлттық армиясының бақылау бекеті жанында бомба жарылды, деп Анадолу хабарлайды. Сирияның солтүстік-шығысындағы Расулайн аймағында бомбаның жарылуы үш адамның өмірін қиды. Миналанған көлік «Бейбітшілік қайнары» операциясы аясында лаңкестерден тазартылған Расулайнның батысындағы Мебруке ауданындағы Сирия ұлттық армиясының өткізу бекетінің жанында жарылды. Лаңкестік шабуыл салдарынан Сирия ұлттық армиясының екі сарбазы […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • БАҚ: Кабул орталығында бірнеше миномет снарядтары жарылды.10 адам зардап шекті

    НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз. Сейсенбі күні Ауғанстан астанасының орталығында бірнеше миномет снарядтары жарылды, деп Tolo News телеарнасына сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. Жарылыстардан кем дегенде 10 адам зардап шекті, деп хабарланады. Елдің ішкі істер министрлігінің мәліметінше, екі көлікке мінген белгісіз біреулер Кабулдың тұрғын аудандарын минометтен атқан . Елде әрекет ететін экстремистік топтардың ешқайсысы әлі болған оқиға үшін […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • 3 атбасарлық аса ірі мөлшерде героин өткізіп, сақтағаны үшін 10 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылды

    АТБАСАР, 18 тамыз. Атбасардың үш тұрғыны 2,5 мың героин мөлшерлемесін өткізгені және сақтағаны үшін 10 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың күзінде Ақмола облысының есірткі полицейлері аса ірі мөлшерде героин өткізуді ұйымдастырған Атбасардың үш тұрғынын: отбасылық жұпты және олардың танысын ұстады. Қылмыстық топтың екі мүшесі […]
    • 4 Years ago
    • 0