Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Испанияда есірткі сатушыларға жәрдемдескен Эстония азаматы ұсталды

    АСТАНА, 05 қазан. Испанияның азаматтық гвардиясы елде Солтүстік Еуропа мемлекеттеріне гашиш әкелуге қатысы бар деген айыппен республика билігі іздеу жариялаған 56 жастағы Эстония азаматын ұстады. Бұл туралы сейсенбі күні құқық қорғау органдары таратқан баспасөз хабарламасында айтылған, деп хабарлайды ТАСС . Олардың айтуынша, күдікті Аликанте провинциясында (Валенсия автономиялық бірлестігі) ұсталған. Тергеушілердің айтуынша, ол логистикаға жауапты, Испаниядан қылмыстық топқа ірі көлемдегі есірткіні […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Сомалидегі шабуылдарда қаза тапқандар саны 36-ға жетті

    АСТАНА, 05 қазан. Сомалидің орталы аймағында кешегі террор шабуылдарында қаза тапқандар саны 36-ға жетті, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Бас қала Могадишоның солтүстігіндегі Беледвейн қаласында жасалған жанкешті 3 шабуылда, араларында екі үкімет қызметкері бар, барлығы 36 адам қаза тауып, 73 адам жараланды. Хиран губернаторы Али Джейсте террористтердің жанкешті шабуылдарының […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Маңғыстауда заңсыз айналымнан 250 келіге жуық есірткі тәркіленді

    АҚТАУ, 04 қазан. Маңғыстауда жыл басынан бері заңсыз айналымнан 250 келіге жуық есірткі тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz Маңғыстау облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерімен жыл басынан бері 347 есірткіге қарсы құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде есірткі қылмысының саны 39-ға жеткен. Қылмыстың бұл түрі өткен жылмен салыстырғанда 36 дерекке азайғанын атап өтуге болады. […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Түрік әскері Сирияның солтүстігінде 7 террористті залалсыздандырды

    АСТАНА, 04 қазан. Сирияның солтүстігіндегі «Бейбітшілік бұлағы» операциялық  аймағында PKK/YPG-ден 7 террорист залалсыздандырылды, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Сирияның солтүстігіндегі «Бейбітшілік бұлағы» операциялық  аймағына шабуыл жасамақ болған бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG-ден 7 террорист залалсыздандырылды. Ұлттық қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде «Біз террористерді өздері қазған шұңқырларға көмуді жалғастырамыз. Сирияның солтүстігіндегі «Бейбітшілік бұлағы» операциялық […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Конго ДР содырлар 14 бейбіт тұрғынды өлтірді

    АСТАНА, 04 қазан. Конго Демократиялық Республикасында (КДР) «Демократиялық күштер альянсы» (ДКА) экстремистік тобының содырлары кем дегенде 14 адамды өлтірді, деп Agence France-Presse (AFP) хабарлайды. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Жергілікті биліктің мәліметінше, сенбі күні мачетемен қаруланған содырлар ауылға басып кіріп, жергілікті тұрғындарға шабуыл жасапған, салдарынан 14 адам қаза тауып, екеуі жараланған. Сондай-ақ екі бала із-түзсіз жоғалған. […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • РФ ФҚҚ «Хаят Тахрир аш-Шамның» үш жақтаушысын ұстады

    АСТАНА, 04 қазан. Ресей ФҚҚ Санкт-Петербург, Башқұртстан мен Ингушетияда Сирияда әрекет ететін «Хайят Тахрир аш-Шам» (Ресейде тыйым салынған) халықаралық лаңкестік ұйымының содырларына қаржы жинап жүрген үш сыбайласын ұстады, деп РФ ФҚҚ қоғаммен байланыс орталығы (ҚБО) хабарлайды.  Бұл туралы ТАСС-қа сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. «Күдіктілер террористік ұйымның қаржы қызметкерлерінен алынған нұсқауларды орындай отырып, содырлардың есеп шоттарына қару-жарақ, көлік, […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Сомалиде «Аш-Шабаб» лаңкестерінің жетекшілерінің бірі өлтірілді

    АСТАНА, 04 қазан. «Әш-Шабаб» террор ұйымының негізін қалаушылардың бірі «Убайда» деген лақап атымен танымал Надирдің өлтірілгені хабарланды. Бұл туралы TRT  агенттігіне сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Сомалиде «Әш-Шабаб» лаңкестік ұйымының жетекшілерінің бірі Абдуллахи Надирдің залалсыздандырылғаны хабарланды. Сомали Ұлттық ақпарат агенттігінің хабарына қарағанда қауіпсіздік күштері 1 қазан күні Джубба аймағында «Әш-Шабаб» террор ұйымына қарсы операция ұйымдастырғаны білдірілді. […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Сомалидің орталығында екі жанкешті шабуыл жасалды

    АСТАНА, 04 қазан. Сомалиде бомба тиелген көліктермен екі жанкешті шабуыл жасалды, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Шабуылда бас қала Могадишоның солтүстігіндегі Баладвейн қаласы нысанаға алынды. Алғашқы шабуыл қаладағы Лама Галай сарайының алдында, екіншісі сарайға жақын аумақта жасалған. Аш-Шабаб террор ұйымы қаза тапқандар мен жараланғандар туралы әзірге түсініктеме берілген шабуылдардың жауаптысы […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Көкшетау полицейлері елордадан келген есірткі қойып кетушіні ұстады

    КӨКШЕТАУ, Ақмола облысында есірткі қойып кетуші елордалық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz Елордадан Ақмола облысының аумағына келген психотроптық заттардың кезекті жасырушысын Ақмола жедел уәкілдері 2 қазанда ұстады. Жеке тінту кезінде есірткімен күрес полицейлері ұсталған адамның барсеткасынан бір байламды тауып алып, тәркіледі. Оның ішінде ақ түсті ұнтақ консистенциясы бар өлшеп оралған 45 жасырулар болды, жедел қызметкерлер […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • ФҚҚ Кабардин-Балқардағы лаңкестік әрекеттің алдын алды

    АСТАНА, 03 қазан.Кабардин-Балқарда Солдатская ауылы маңындағы көпірді жаруды жоспарлаған лаңкестер жойылды, — деп хабарлайды РИА Новости Ресей ФҚҚ қоғаммен байланыс орталығына сілтеме жасап. Бұл туралы «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. «Федералдық қауіпсіздік қызметі Тергеу комитетімен, Ішкі істер министрлігімен және Ресей гвардиясымен бірлесіп, диверсиялық-лаңкестік әрекеттің алдын алды <…> Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ҚБР Прохладненский […]
    • 2 Years ago
    • 0