Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Мемлекеттік Думаға сот шешімінсіз экстремистік сайттарды бұғаттау туралы заң жобасы ұсынылды

    НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде. Мемлекеттік думаға сот шешімінсіз терроризм мен экстремизмді негіздейтін немесе ақтайтын ақпараттарды бұғаттауға мүмкіндік беретін заң жобасы ұсынылды. Бұл туралы  Stfw.Ru Ресей парламентінің төменгі палатасының сайтына сілтеме жасап хабарлайды «Ақпарат, ақпараттық технологиялар және ақпаратты қорғау туралы» заңға өзгерістер енгізілді. Қазіргі басылымда ол Роскомнадзорға Бас прокуратураның талабы бойынша және сот шешімінсіз экстремистік немесе террористік […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Алматы облысында есірткі өсімдіктерін өсірудің екі фактісі анықталды

    ТАЛДЫҚОРҒАН, 10 шілде.  Алматы облысында Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бір тәуліктің ішінде есірткі өсімдіктерін өсірудің екі фактісін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған фактілер ҚР ҚК 300-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді. Енбекшіқазақ ауданының 26 жастағы тұрғынынан тәртіп сақшылары қара сора өсімдігін тәркіледі. Жалпы […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ұлттық қауіпсіздік күштері Тунистегі лаңкестік шабуылдың алдын алды

      НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде. Тунистің ұлттық қауіпсіздік органдары туристік орындар мен мемлекеттік мекемелерге бағытталған лаңкестік шабуылдын алдын алды. Бұл туралы Солтүстік Африка елінің ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады . Лаңкестікке қарсы қызмет қызметкерлері алынған ақпарат негізінде іс-қимыл жасай отырып, Тунис қаласында бірнеше лаңкесті ұстап, олардың шабуыл жасау әрекеттерінің алдын алды. Ішкі істер […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Лондонда лаңкестік қауіпке байланысты стадион қоршауға алынды

    НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде. Лондонда жергілікті «Вест Хэм» мен «Бернли» арасындағы 34-тур матчының алдында стадион лаңкестік шабуыл қаупіне байланысты қоршауға алынды,  деп  Daily Mail-ге сілтеме жасап zakon.kz хабарлайды. Бұған дейін АПЛ маусымы қайта басталмас бұрын лаңкестік қауіп-қатердің жоғары екендігі туралы әңгіме өрбіді. Қауіпсіздік қызметкерлері кездесу басталғанға дейін қауіпсіз шараларын ойлауды ұйғарған. «Вест Хэм» — «Бернли» ойыны […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Адыгея тұрғынына қатысты терроризмді ақтау бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды

    НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде. Адыгея тұрғыны Интернетте терроризмді жария түрде ақтады деп күдіктелуде. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп РФ ТК тергеу басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап REGNUM ақпараттық агенттігі хабарлады. Құқық қорғау органдарының талаптары 20 жастағы күдіктінің 2019 жылдың тамыз айында әлеуметтік желідегі қауымдастықтардың бірінің парағында жариялаған мақаласына қатысты туындады. Лингвистикалық сараптама материал терроризмді ақтауға, […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Венесуэла әскері американдық тіркеу нөмірі бар есірткі саудагерлерінің ұшағын атып түсірді

    НҰР-СҰЛТАН, 09 шілде. Венесуэла әскери күштері есірткі сатушыларға тиесілі американдық тіркеу нөмірі бар шағын ұшақты атып түсірді. Бұл туралы Оңтүстік Америка республикасының стратегиялық жедел қолбасшылығына сілтеме жасап ТАСС хабарлады . Мекеме мәліметтері бойынша, әскерилер «7 шілдеде түнде Венесуэланың әуе кеңістігінде американдық тіркеу нөмірі бар есірткі саудагерлерінің ұшағын байқады». «Заңда белгіленген хаттама орындалғаннан кейін біздің Әскери […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • 18 жастағы Петропавл тұрғынынан 40 граммға жуық мефедрон синтетикалық есірткісі табылды

    ПЕТРОПАВЛ, 09 шілде. Петропавл тұрғынынан 40 граммға жуық мефедрон синтетикалық есірткісі алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Есіркі қылмысын жасады деген күдікке Петропавл қаласында тұратын 18 жастағы бойжеткен ілікті. Полицейлер қала тұрғынынан 40 грамға жуық мефедрон синтетикалық есірткісін алды. Әсері күшті әрі аса қауіпті дизайнерлік есірткілердің бірі Солтүстік Қазақстан облысында алғаш рет анықталып отыр. «Сотқа дейінгі […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Мысыр СІМ: лаңкестік топ содырлары Ливияға қайтып оралды

    НҰР-СҰЛТАН, 09 шілде. Мысырдың сыртқы істер министрі Самех Шукри 8 шілдеде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында сөйлеген сөзінде «Ислам мемлеккеті» лаңкестік тобының (ҚР тыйым салынған ұйымның) содырлары Ливияның батысындағы бірқатар қалаларда табылды, деп мәлімдеді. Бұл туралы REGNUM ақпарат агенттігі жазады.  Оның айтуынша, осы ұйымнын лаңкестерінің пайда болуының көп жағдайлары Сабрата қаласында тіркелген. Министр Ливиядағы жағдай Мысырдың […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • «Талибан» қозғалысы Ауғанстандағы екі шабуыл үшін жауапкершілікті өз мойнына алды

    НҰР-СҰЛТАН, 09 шілде. Ауғанстанда алты адамның өмірін қиған екі шабуылды кім ұйымдастырғаны белгілі болды. 1TV телеарнасы хабарлағандай, шабуылдар үшін жауапкершілікті «Талибан» радикалды қозғалысының (ҚР қызметiне тыйым салынған ұйым) содырлары өз мойнына алды, деп REGNUM ақпарат агенттігі жазады.  «Екі шабуыл үшін жауапкершілікті тәлібтер (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым мүшелері) өз мойнына алды», — делінген хабарламада. Бұған […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Тыйым салынған аудио дәрістерді сақтау фактілері анықталды

    НҰР-СҰЛТАН, 09 шілде. Көлік полицейлері теміржол ұйымдарының қызметкерлерінен тыйым салынған аудио дәрістерді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Көліктегі полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «ВКонтакте» және “Facebook” әлеуметтік желілеріне мониторинг жүргізу кезінде теміржол ұйымдарының үш қызметкерінен деструктивтісипаттағы аудио дәрістерді сақтау фактілерін анықтады. Бұл туралы Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Нұржан Алибаев мәлімдеді. «Тексеру барысында көлік […]
    • 4 Years ago
    • 0