Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Елімізде 12 тоннадан астам есірткі заттары тәркіленді — ҚР ІІМ

    НҰР-СҰЛТАН, 13 қыркүйек. Биыл полиция қызметкерлері есірткі саудалайтын 810 интернет порталдың жұмысын тоқтатты. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов хабарлады, деп 24.kz жазады.  Оның айтуынша, мұндай сайттар есірткі сатуды әлдеқайда жеңілдетті. Соңғы бір жылда тексерістер нәтижесінде 12 тоннадан астам есірткі заттары тәркіленді. Олардың басым бөлігі марихуана, героин мен синтетикалық заттар. 11 есірткі лабораториясы […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Италияда құны 1 миллиард еуро болатын есірткі партиясы тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 02 шілде. Италияның қаржы гвардиясының қызметкерлері 1 шілде, сәрсенбі күні Салерно портында 14 тонна амфетаминге тыйым салды, деп REGNUM ақпараттық агенттігі хабарлайды. Арнайы қызмет органдарының мәліметінше, «өнім» Сириядағы «Ислам мемлекетінің» (ҚР тыйым салынған ұйым) «кәсіпорындарында» шығарылған және лаңкестердің «бюджетін» толықтыру үшін Еуропада сатылыу керек еді. Қаржы гвардиясының бағалауы бойынша, тәркіленген есірткілердің «нарықтық құны» 1 […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Өмір жолы Отанға қызмет етудің жарқын үлгісі… ҚР ҰҚК-інде барлаушының ерлігі туралы айтылды

    НҰР-СҰЛТАН, 13 қараша. Орталық Азиядан, соның ішінде Қазақстаннан шыққан радикалдардың шоғырлануы туралы мәліметтерді ҰҚК «Барлау» қызметі өткен ғасырдың 90-шы жылдары білген, ауғанстан-пәкістан шекарасы маңайында жиһадшылар жергілікті әскери лагерьлерде діни және әскери дайындықтан өтеді, деп ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлайды. Насихаттық торларына қазақстандық азаматтарды да түсіріп алған жиһадшылардың жоспары, біздің еліміздің және аумақтың қауіпсіздігіне тікелей қатер төндірді. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Өзбекстан Сириядағы 156 азаматын жеткізгенін хабарлады

    НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр. Ташкент «Мейірім» гуманитарлық операциясы аясында 156 өзбекстандық азаматты Таяу Шығыстағы қарулы қақтығыс аймағынан елге қайтарған. Жеткізілгендердің басым бөлігі — әйелдер мен балалар, деп Азаттық Радиосы хабарлайды.  «Азаматтар 30 мамырда арнаулы рейспен Ташкентке жеткізілді. Адасып елден кеткен, ауыр күндерді басынан кешкен азаматтарға үкімет медициналық, психологиялық, материалдық және моральдық көмек көрсетеді» деп хабарлады президенттің […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • ФҚҚ терроризмді ақтады деген күдікпен Севастопольдің екі тұрғынын ұстады

    НҰР-СҰЛТАН, 30 қаңтар.ФҚҚ қызметкерлері Қырымда Севастополь қаласының екі тұрғынын терроризмді жария түрде ақтады деген күдікпен ұстады. Бұл туралы республика бойынша ФҚҚБ-ның  баспасөз қызметіне сілтеме жасап ТАСС хабарлады.  «Ресейдің Қырым Республикасы және Севастополь қаласы бойынша ФҚҚБ терроризмді «интернетте» жария түрде ақтады деген күдікпен Севастополь мен Ялта қалаларының екі тұрғыны ұсталды», — делінген хабарламада. 1980 және 1977 […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда «Талибан» содырларының шабуылы: бейбіт тұрғындар қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 18 ақпан. Ауғанстанда «Талибан» содырларының қарулы шабуылы салдарынан  9 адам, оның ішінде бейбіт тұрғындар қаза болды, деп Анадолу агенттігі хабарлайды. Оқиға Дайкунди провинциясының Пату ауданында болды. Провинция губернаторы Мухаммед Зия Хамдардтың айтуынша, қарулы содырлар Испармаи ауылына шабуыл жасаған. Шабуыл салдарынан сегіз бейбіт тұрғын және қауіпсіздік күштерінің бір қызметкері қаза тапты. 10 адам жарақат алды, […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ердоған: Түркия жақын арада Сирияны лаңкестерден тазартады

    НҰР-СҰЛТАН, 09 тамыз. Түркия президенті Тайып Ердоған Сириядағы лаңкестер орналасқан соңғы аймақтарды жақын арада тазартады деді. Оның айтуынша, «Түркияның елдің оңтүстік шекарасында 30 шақырымдық қауіпсіздік шебін орнату туралы шешімі күшінде, — деп  РИА Новостиге сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.  «Жақында біз Сириядағы лаңкестер ұялаған соңғы аумақтарды тазарту арқылы осы қауіпсіздік белдеуінің […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Терроризм бойынша күдіктілерге Ресейге кіруге тыйым салынды

    АСТАНА, 29 қазан. Ресейде экстремистік немесе террористік ұйымдардың қызметіне қатысатын шетелдіктерге елге кіруге тыйым салу мүмкіндігі қарастырылған заң 22 қазан күні күшіне енді, деп РБК хабарлайды. «Ресей Федерациясынан шығу және Ресей Федерациясына кіру тәртібі туралы» заңға өзгерістер енгізу туралы тиісті құжатқа Владимир Путин 11 қазанда қол қойды. Құжат ресми ақпараттық порталында жарияланады. Ресейге кіруге тыйым […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Нұр-Сұлтанда Сирия жөніндегі келіссөздер өтетін болды

    НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде. Сирия жөніндегі Астана форматындағы кезекті басқосу 1-2 тамызда өтеді, деп хабарлады Ресей СІМ басшысының орынбасары, президенттің Таяу Шығыс және Африка елдері жөніндегі арнайы өкілі Михаил Богданов, деп РИА Новости сілтеме жасап Zakon.kz жазды. «Кездесудің датасы анықталды. Ол отырысқа қатыса алатын барлық мүдделі тараптар арасында келісімге қол жеткізілді. Кездесу 1-2 тамызда Нұр-Сұлтанда өтеді», — деді Богданов. Арнайы […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның солтүстік-шығысында «Талибан» содырларының шабуылы 8 полиция қызметкерінің өмірін қиды

    НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір. Талибан сарбаздары Ауғанстанның солтүстік-шығысындағы Бадахшан уәлаятындағы полиция басқармасына шабуыл жасады. Қарулы шабуылда 8 полиция қаза тапты, деп TRT хабарлайды.  Бадахшан уәлаяты губернаторы Наджи Назари сарбаздардың Бадахшанның Зибан ауданына қарасты Риг елді мекеніндегі полиция басқармасына қарулы шабуыл жасағанын айтты. Шабуылда 8 полицияның қаза тапқанын, 2 полицияның жарақат алғанын түсіндірген Назари шабуылдан кейін болған қақтығыстарда сарбаздардың да залалсыздандырылғанын білдірді.
    • 4 Years ago
    • 0