Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Түркияда 7 миллионнан астам каннабис тамыры тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым.Түркияның құқық қорғау органдары 7 миллионнан астам каннабистің тамырларын тәркіледі. Бұл туралы 22 маусымда Anadolu Ajansi-ге сілтеме жасап  REGNUM хабарлады. Журналистердің айтуынша, есірткі бизнесіне қарсы күрес департаменті ұйымдастырған арнайы операция елдің оңтүстік-шығысында орналасқан Диярбакыр провинциясында өтті. Бір күдікті ұсталды. Тәркіленген қарасораның тамырлары жойылды. Бұл соңғы төрт жылдағы тәркіленген ең ірі каннабис партиясы болды.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Франция Сириядан елге радикалдардың 10 баласын қайтарды

    НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым. Балалар күрд күштері бақылауындағы лагерьде болған. Франция СІМ-нің мәлімдемесінде олар қажетті медициналық тексеруден өту үшін сот органдарына тапсырылған делінген. Кейін балалар әлеуметтік қызметтерге тапсырылады, деп Reuters агенттігіне сілтеме жасап kazislam.kz хабарлайды. Көптеген еуропалық елдер сияқты Франция осы уақытқа дейін Сириядағы қақтығыс аймағындағы радикалдар мен олардың отбасыларын толығымен қайтарудан бас тартып отыр. 2019 […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • ҚР ҰҚК: Лаңкестік әрекет аймағында 90 қазақстандық қалып отыр

    НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым. Лаңкестік әрекет аймақтарындағы қазақстандықтардың саны 114-тен 90-ға дейін азайды, деп хабарлайды  inbusiness.kz  Интерфакс-Қазақстанға сілтеме жасап. «Мәліметтер бойынша, лаңкестік белсенділік аймақтарында қалған республиканың ересек азаматтарының саны (бұрын 114 қазақстандық туралы мәлімделді. –ИФ-Қ) 90 адамға дейін қысқарды, оның ішінде 37 ер адам мен 53 әйел адам», — делінген агенттіктің сауалына берген ҰҚК-нің жауабында. «Олардың […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Сирияның шығысында ИМ содырларының шабуылынан сегіз әскери қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым. «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік тобының содырлары Сирияның шығысындағы елдің әскери күштерінің позицияларына шабуыл жасап, сегіз әскери қызметкерді өлтіріп, тағы үшеуін тұтқындады. Бұл туралы Синьхуа ақпарат агенттігі Сирия адам құқықтары жөніндегі обсерваториясына сілтеме жасап хабарлады . Ақпарат бойынша, ИМ содырлары (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым) Дейр-эз-Зор провинциясындағы Эль-Меядин қаласының  шетіндегі сириялық әскери нысанға […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Қарасора-2020: 59 жастағы Қызылорда облысының тұрғыны үй ауласына есірткі еккен

    ҚЫЗЫЛОРДА, 22 маусым. Қызылорда облысында 59 жастағы тұрғын үйінде құрамында есірткі заты бар өсімдік еккен, – деп хабарлайды Polisia.kz. 21 маусым күні “Қарасора-2020” арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында полиция қызметкерлерімен Қызылорда қаласы Бірқазан елді-мекен тұрғыны, 59 жастағы ер адам тұрғылықты мекен-жайы бойынша құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіргені анықталды. Аталған дерек бойынша 300-бабының 2-бөлігімен […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Алжирде содырлардың шабуылынан әскери қызметкер қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым. Алжирдің солтүстік-батысындағы Айн-Дефла провинциясында лаңкестік шабуылда бір әскери қызметкер қаза тапты. Бұл туралы Синьхуа агенттігі елдің қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлады. Агенттіктің мәлімдемесінде сенбі күні үкіметтік әскерлер Алжир астанасынан солтүстік-батысқа қарай 150 км жерде орналасқан Айн-Дефла провинциясындағы Тарик-Бен-Зияд қаласында лаңкестер тобымен қақтығысқан делінген. Әскери қызметкер Мустафа Зенанда «өз міндеттерін орындау кезінде» қаза […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • 52 жасар консьерж әйел Мәскеу маңындағы Люберцыдағы бір үйді «миналады»

    НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым. Люберцы қаласында консьерж болып істейтін әйел адам 112 номеріне тұрғын үйдің жалған миналануы туралы хабарлады. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп Мәскеу облысы бойынша Ресейдің ІІМ Бас басқармасының баспасөз қызметінің жетекшісі Татьяна Петроваға сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.  «Қаскүнем әйел «112» жедел қызметіне қоңырау шалып, Наташинская көшесіндегі [Люберцы қаласы] көп пәтерлі үйлердің бірінде […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Сомалидегі екі қалада болған жарылыстар оннан астам адамның өмірін қиды

    НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым. Сомалидің екі қаладасында болған жарылыстардан оннан астам адам қаза тапты. Бұл туралы 21 маусымда Garowe Online басылымына сілтеме жасап  REGNUM хабарлады. Алғашқы екі жарылыс 20 маусым күні кешке Ванлавейнде болды. Төменгі Шабелле аймағындағы жоғары лауазымды әскери шенеуніктің резиденциясының жанында екі жарылғыш зат іске қосылды. Жарылыста 12 адам, соның ішінде бейбіт тұрғындар қаза […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Испания полициясы 4 тоннаға жуық кокаин тәркіледі

    НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым. Валенсиядағы испан полициясы бір айда 4 тоннаға жуық кокаин тәркіледі, деп 24.kz хабарлайды.  Есірткі, қант пакеттерімен калифорниялық жаңғақтар арасынан табылған. Алты контейнер Латын Америкасынан жіберілген. Құқық қорғау қызметкерлері 11 адамды ұстады. Олар Испания, Дания және Батыс Африканың азаматтары. Сондай-ақ бірнеше жергілікті порт жұмысшылары есірткі саудасымен айналысқан.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Захарова: РФ тәжік-ауған шекарасындағы содырлардың мониторингін күшейтуде

    НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым. Ресей ҰҚШҰ-ның оңтүстік шекараларының қауіпсіздігін күшейту үшін Тәжікстандағы әскери базасының әлеуетін күшейтіп жатыр, деді РФ СІМ-нің ресми өкілі Мария Захарова. Бұл туралы Sputnik Таджикистан жазды . ТМД шекарашылары Ауғанстаннан есірткі тасымалының көлемі артқанын мәлімдеді. Сондай-ақ Бадахшан билігі аймақта ИМ * мен Аль-Каида *  лаңкестік ұйымдардың әскери қатысуын күшейту әрекеттері туралы мәлімдеген. Ауғанстан […]
    • 4 Years ago
    • 0