Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Түркістан облысының тұрғынынан көкнәр тәріздес 4730 түп есірткі өсімдігі тәркіленді

    ТҮРКІСТАН, 08 маусым. Түркістан облысының полицейлері 4,7 мыңнан астам түп көкнәр тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Келес аудандық полиция бөлімшесінің полиция қызметкерлері Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасымен бірлесіп, заңсыз есірткі еккен күдіктіні құрықтады. Анықталғандай, егде жастағы ер адам өз ауласында құрамында есірткісі бар өсімдік түптерін ірі мөлшерде өсірген. Келес […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • ҰҚК қызметкерлері Павлодарда есірткі зертханасы қызметінің жолын кесті

    ПАВЛОДАР, 08 маусым. ҚР ҰҚК Павлодар облысы бойынша департаменті жедел-іздестіру іс-шараларының барысында құрамында есірткі зат бар өсімдіктерді «гидропоника» әдісімен заңсыз егіп-өсіруге қатысы бар Павлодар қ. тұрғынын ұстады, деп ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлайды.  Атап айтқанда, 2020 жылғы 25 мамырда есірткі зертханасының тиісті жабдығымен жабдықталған жалға алынған гаражды тінту барысында «голландтық» және «мексикалық» элиталық сорттарының 28 түбі […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Қарасора-2020: 33 түп заңмен тыйым салынған сора өсімдігіне ұқсас шөп анықталды

    ҚЫЗЫЛОРДА, 08 маусым. Қызылордада үйінің ауласына сора өсімдігін еккен тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 7 маусым күні Қызылорда облысы көлемінде өткізіліп жатқан “Қарасора-2020” арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс- қимыл басқармасының қызметкерлерімен өсіруге заңмен тыйым салынған есірткі затына ұқсас өсімдіктерді өз үйінің ауласында заңсыз егіп-өсірген 46 жастағы қала […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Нигерияда әскери операция кезінде кемінде 70 содыр жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 07 маусым. Нигерияның солтүстік-батысындағы Кадуна штатындағы әскери операция кезінде кемінде 70 содыр өлтірілді. Бұл туралы Синьхуа ақпарат агенттігі армия өкілі Джон Эненчеге сілтеме жасап хабарлады. Оның айтуынша, билік қарулы бандиттер мен мал айдап әкетушілер деп санаган содырлар жұма күні Кашия орманындағы баспаналарының бірінде жойылды. «Келісім » операциясы — бірнеше жылдар бойы зорлық-зомбылықпен бүлінген , […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Сирияның Эль-Хасака провинциясында болған бомба жарылысынан сегіз адам қайтыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 07 маусым. Бүгін Эль-Хасака провинциясында (Сирияның солтүстік-шығысы) болған бомба жарылысынан кемінде сегіз адам қаза тауып, тағы жетеуі жарақат алды. Бұл туралы SANA Сириялық мемлекеттік ақпарат агенттігіне сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады . Агенттіктің хабарлауынша, жарылыс Эль-Хасака провинциясының солтүстік-батыс бөлігіндегі Рас-эль-Айн қаласынан оңтүстікке қарай орналасқан Таль Халаф аймағында болған.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Тұрғын үйді «миналаған» ақмолалық ұсталды

    КӨКШЕТАУ, 07 маусым. Ақмола облысында терроризм актісі туралы телефон арқылы көрінеу жалған хабар берген ауыл тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат  облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомствоның мәліметінше, келеңсіз жағдай Аршалы кентінде тіркелген. Маусымның 5-де жергілікті полиция бөлімінің «112» арнайы телефон желісіне ер адам қоңырау шалып, тұрғын үйлердің біріне «бомба» қойылғанын хабарлаған. Ол жарылғыш зат […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Малиде «Аль-Каиданың» Солтүстік Африкадағы көшбасшысы жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 06 маусым. Малидің солтүстігінде жүргізілген операцияның нәтижесінде Солтүстік Африкадағы «Аль-Каида» лаңкестік ұйымының жетекшісі Абдельмалек Друкдаль және оның қасындағы адамдар жойылды, деп Францияның қорғаныс министрі Флоренс Парлиге сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды. «3 маусым күні  Малидің солтүстігінде француз күштері серіктестерінің қолдауымен өткізген операция кезінде «Ислам Мағрибіндегі (AQMI) Аль-Каида» әмірін, Абдельмалек Друкдальды және оның көптеген серіктерін […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның батысында «Талибан» қозғалысының 16 содыры жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 06 маусым. Ауғанстанның батысындағы Фарах провинциясында ауған әскери-әуе күштері жасаған әуе соққылары нәтижесінде «Талибан» қозғалысының  16 содыры жойылды, тағы бесеуі жарақат алды. Бұл туралы провинция полициясының өкілі Мухибулла Мухибке сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады. «Талибан» қозғалысының (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым)  содырлары жұма күні таңертең Фарахтың маңындағы Дехак ауылына шабуыл жасамас бұрын қауіпсіздік күштерінің […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Нигерияда арнайы операция кезінде 392 содыр жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 06 маусым. Нигерия әскері бейсенбі күні елдің солтүстік-батыс және орталық аймақтарында өткен айда басталған және бірнеше күнге созылған ірі операция кезінде 392 содырдың көзін жойды деп мәлімдеді. Бұл туралы Синьхуа ақпарат агенттігі хабарлады . Әскердің баспасөз-хатшысы Джон Эненче Абуджада БАҚ-қа 14 мамырда елдің солтүстік-батысындағы Кацина штатында басталған бірлескен операция солтүстік аймақтағы бандитизм мен басқа […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • ШҚО-да есірткі саудасымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды 

    ӨСКЕМЕН, 05 маусым. Шығыс Қазақстан облысында полицейлер қылмыстық топ мүшелерінен синтетикалық есірткінің 19 мың дозасын тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ШҚО полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Жылдамдық» деп аталатын психотроптық заттарды сатумен айналысқандарды анықтады. «Полицейлер Өскемен мен Алматы қалаларынан синтетикалық есірткінің ірі партиясын тапты. Белгілі болғандай, Өскемендегі 20-45 жас аралығындағы 4 ер адам […]
    • 4 Years ago
    • 0