Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Қарасора-2020: Ақтөбе облысының тұрғыны заңсыз есірткі өсірген 

    АҚТӨБЕ, 22 шілде. Ақтөбе облысының Қобда ауданында заңсыз есірткі өсіру фактісі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 14 шілдеде полиция қызметкерлері “Қарасора-2020″ жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Қобда ауданы Жиренқопа ауылының 66 жастағы жергілікті тұрғынын қолға түсірді. Полиция қызметкерлерімен 54 бұта, үш орама өсімдік, ерекше иісі бар зат тәркіленді. Сараптама тағайындалды. Күдіктіге қатысты “ешқайда кетпеу […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Канада парламентінің ғимараттары ықтимал қауіпке байланысты эвакуацияланды

    НҰР-СҰЛТАН, 12 маусым.  Канадалық парламент ғимараттары кешенінің қызметкерлері ықтимал қауіпке байланысты сенбі күні эвакуацияланды. Қауіп сипаты жарияланбайды, деп Парламент Қауіпсіздік қызметі мәлімдеді. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Хабарламада полицияның «ықтимал қауіп-қатерді» тексеріп  жатқаны және парламент ғимаратындағылардың жасырынғандығы айтылған. «Бүгін (11 маусым – ТАСС ) Парламенттік қауіпсіздік қызметі […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • БАҚ: ИМ лаңкестері Сириялық Ракка аумағында бекініс құруда

    Дамаск. 17 наурыз. «Ислам мемлекеті» (ИМ, Қазақстан аумағында тыйым салынған) террористік ұйымының лаңкестері сириялық Ракка қаласын «әскери әрекеттер аймағы» деп атап, қала манында қорғанысқа дайын болу үшін бекіністер құруда. Бұл туралы «Аш-Шарк аль-Аусат» газеті хабарлайды. Басылымның ақпаратына сәйкес, осыдан бірнеше күн бұрын лаңкестер, «тірі қолқан» ретінде қолдану үшін төңіректегі ауылдардың тұрғындарын жинай бастады. Лаңкестер пулемет ұясын құм толған қаппен […]
    • 8 Years ago
    • 0
  • ҚР ҰҚК ШҚ Алматы қаласының стратегиялық маңызды нысандарын басып алуға жол бермеді

    АЛМАТЫ, 12 қаңтар. ҚР ҰҚК ШҚ Алматы облысы бойынша департаментінің жеке құрамы құқық қорғау органдарымен және әскери құрылымдармен бірлесе отырып, Алматы қаласының Әкімшілігі мен стратегиялық маңызы бар нысандарын қорғауға тікелей қатысты, деп ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Митинг кезінде қылмыскерлер «Көктөбе» теледидар мен радиохабар мұнарасын басып алуға тырысты, […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда болған жарылыстан 18 адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 07 тамыз. Ауғанстан астанасы Кабулда жойқын жарылыс болып, 18 адам қаза тапты,деп 24.kz хабарлайды. 100-ге жуық тұрғын жарақат алды. Олардың көбі әйелдер мен балалар. Алдын ала ақпарға қарағанда лаңкестер шаһардағы полиция басқармасының бірінің жанында бомба жасырынған көлікті жарып жіберген. Шабуылды «Талибан» лаңкестік ұйымы мойынына алды. Қазір терактімен байланысты содырлар іздестіріліп жатыр. Жергілікті билік қаза […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Әуе шабуылының нәтижесінде Ирактың солтүстігінде ИМ 11 содыры жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 01 шілде. Ирактың солтүстігінде «Ислам мемлекеті» (ҚР тыйым салынған ұйым) лаңкестік  тобының 11 содыры өлтірілді. Бұл туралы Ирак қарулы күштерінің бірлескен қолбасшылығы таратқан мәлімдемеге сілтеме жасап  Синьхуа ақпарат агенттігі хабарлады . Мәлімдемеде айтылғандай, АҚШ басқарған ИМ-мен  (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым) күрес жөніндегі халықаралық коалициясы сейсенбі күні  Найнава мухафазының әкімшілік орталығы — Мосулдан оңтүстікке […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Түркияда Рейханлыдағы лаңкестік әрекет ісі бойынша тағы бір күдікті қамауға алынды

    НҰР-СҰЛТАН, 11 қыркүйек.  Рейханлы ауданында 2013 жылы 11 мамырда екі бөлек бомбалы шабуылда 53 адам көз жұмған және көп адам жарақат алған еді, деп Анадолу АА хабарлайды.  Түркияның Хатай провинциясының Рейханлы ауданында 2013 жылы  53 адам қаза тапқан лаңкестік шабуылының жауаптысының бірі Эрджан Баят ұсталды. Іздеуде жүрген лаңкестер тізімінің «көк» санатындағы  Эрджан Баят бір күн бұрын Хатай провинциясындағы Сирия шекарасындағы шекара полиция тарапынан ұсталып, қауіпсіздік […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • «Талибан» содырларының шабуылдары 2 аптада Ауғанстанның 98 тұрғынының өмірін қиды

    НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек.Соңғы екі аптада Ауғанстанда «Талибан» қозғалысы содырларының шабуылдары салдарынан 98 бейбіт тұрғын қаза тауып, 230 адам жарақат алды, деп Анадолу агенттігі жазады. Ауғанстан ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, тәліптердің шабуылдары елдің 24 провинциясында болған. Зардап шеккендердің ең көп саны Тахар және Нангархар провинцияларында тіркелген. «Талибан» бұл ақпаратқа қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.
    • 5 Years ago
    • 0
  • ШҚО-да ірі көлемде синтетикалық есірткі тәркіленді

    ӨСКЕМЕН, 12 ақпан. Өскемен қаласында тәртіп сақшылары синтетикалық есірткілердің ірі партиясын тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 4 ақпан күні полиция қызметкерлері есірткі сатумен айналысқан Алматы облысының тұрғынын ұстады. Ол Өскеменде жалдамалы пәтерде тұрған. Сатылатын есірткілерді қаланың әртүрлі жеріне жасырып кету функциясын атқарған. Баспанасын тінту кезінде қызғылт, көк және ақ […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Билікті күштеп басып алуды насихаттағаны үшін Астана тұрғыны 15 жылға сотталды

    АСТАНА, 22 желтоқсан. Елорда тұрғыны «Ш»-ға қатысты Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының шешімі заңды күшіне енді. Сот оның терроризм актісіне дайындалу, террористік әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды даярлау, сонымен қатар терроризмді, билікті басып алу және ұстап тұруды, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді насихаттау фактілері бойынша кінәсін дәлелді. Ол 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Астана […]
    • 2 Years ago
    • 0