Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Өзбекстанда ауласына апиын өсірген  қария ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр. Бұхара облысының Шафиркан ауданында ауласына апиын және каннабис (қара қурай) өсіріп келген жергілікті тұрғын ұсталып, оған қылмыстық іс қозғалған. Бұл туралы облыстық ішкі істер басқармасына сілтеме жасап centralasian.org хабарлады. 80 жастағы тұрғынның үйіне тінту жүргізіліп, 300 шаршы метр жерде өсіп жатқан 2524 түп апиын және 4 түп қара қурай табылған. Тергеу кезінде үй […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Сомалиде Ораза айт мерекесі кезінде жарылыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр. Сомалияның оңтүстік-батысындағы Байдабо қаласында жол бойындағы минаның жарылысы салдарынан кемінде бес адам қаза тауып, тағы 15 адам жарақат алды, деп полициядағы дереккөзге сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлайды. Жасырын болып қалуды қалаған полиция қызметкері Ораза айт мейрамын тойлау кезінде Байдабо қаласының шетіндегі лагерь жанында мина жарылды деп мәлімдеді. Сомали Үкіметінің ресми өкілі Исмаил […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • «Джебхат ан-Нусра» содырлары Сирияның Латакия провинциясындағы бір ауылға оқ жаудырды

    НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр. «Джебхат ан-Нусра» лаңкестік тобы Сирияның Латакия провинциясындағы елді мекенге оқ жаудырды, деп Ресейлік Сириядағы соғысушы тараптарды татуластыру орталығының жетекшісі, конрт-адмирал Олег Журавлевке сілтеме жасап РИА Новости хабарлады. «Латакия провинциясында «Джебхат ан-Нусра»  лаңкестік ұйымы тарапынан Машария елді мекеніне 1 шабуыл тіпкелді», — деді Журавлев. Оның айтуынша, өткен тәулікте Түркияның бақылауындағы заңсыз қарулы құрылымдар […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Индонезия полициясы шетелдіктерден 821 кг метамфетаминді тәркіледі

    НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр. Индонезия полициясы Пәкістан мен Йеменнен келген екі шетелдік азаматтан 821 кг метамфетамин тәркіледі, деп Kompas агенттігіне сілтеме жасап REGNUM хабарлайды. «Контрабанда Бантен провинциясының жағалаудағы аудандардың біріне  екі апта бұрын түсе бастаған», — деді Ұлттық полицияның қылмыстық тергеу агенттігінің басшысы Сигит Прабово. Күдіктілердің екеуіне де есірткіге қатысты 2009 жылғы № 35 Заңның 132, […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстан барлау қызметі Рамазан айында талибтердің қанша адам өлтіргенін хабарлады

    НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр. Ауғанстанның барлау қызметінің өкілі Джавид Файсал Рамазан айында «Талибан» ұйымы (ҚР тыйым салынған ұйым) 146 бейбіт тұрғынды өлтіріп, 430 адамды жарақаттады деп мәлімдеді. Бұл туралы Рейтерс агенттігіне сілтеме жасап REGNUM хабарлайды. «Талибан» қозғалысы (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) оның Ауғанстандағы соңғы әрекеті бейбіт тұрғындарға қарсы бағытталғанын жоққа шығарды. Содырлармен болған қақтығыстарда әскерилердің […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауған үкіметі және Талибан қасиетті Ораза айт мерекесі кезінде  атысты  тоқтатты

    НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр. Талибан радикалды қозғалысы 23 мамырда Ораза айт мерекесін тойлау үшін атысты үш күнге тоқтататынын мәлімдеді. Ізінше Ауғанстан президенті Ашраф Ғани де қауіпсіздік күштеріне тыныштық режимін сақтауға бұйрық берді.Бұл туралы Азаттық Радиосы хабарлайды. Талибанның ресми өкілі Забихулла Муджахад Twitter желісінде қозғалыс басшылығының қарамағындағыларға “қарсыластарға шабуыл жасамау” туралы бұйрық бергенін жазды. Атысты тоқтату режимі […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Йеменде үкімет әскеріне жасалған шабуылға тойтарыс беру кезінде сегіз содыр жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр. Жұма күні кешкісін көтерілісшілер бақылайтын ел астанасы Сананың солтүстік-шығысына қарай Йеменнің үкіметтік әскеріне хуситтердің шабуылынан кем дегенде тоғыз сарбаз қаза тапты. Бұл туралы  Йемен қауіпсіздік қызметінің дереккөзіне сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады . Хуситтермен жұма күні кешкісін жасалған шабуыл Санадан солтүстік-шығысқа қарай  шамамен 60 шақырым жердегі Нехм ауданындағы Сальб тауы мен Надж […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Египетте Ораза мейрамы кезінде лаңкестік әрекетті жоспарлаған содырлар жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр. Бүгін Египеттің қауіпсіздік күштері кенеттен жасалған соққы барысында Ораза мейрамы кезінде лаңкестік шабуыл жасауды жоспарлаған 21 лаңкесті жойды. Бұл туралы Египеттің ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады . Египет Ішкі істер министрлігінің мәлімдемесіне сәйкес қауіпсіздік күштері екі фермада жасырынған лаңкестерге оқ жаудырып, 21-ін жойып, 17 пулемет пен көп мөлшердегі жарылғыш […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Барша мұсылман қауымын Ораза айт мерекесімен құттықтаймыз

    НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр. «Терроризмге қарсы комитет» республикалық қоғамдық бірлестігі барша мұсылман қауымын   Ораза айт мерекесімен құттықтайды. Бүгін барша мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айы аяқталып, көптен күткен Ораза Айт мейрамы басталды. Ұжымымыз сіздерге шын жүректен бақыт,рухани дамуды тілейді, тілек- дұғаларыңыз қабыл болсын. Бірлік пен татулық жүрегімізде әрдайым жылуын ұялатсын!
    • 4 Years ago
    • 0
  • Нұр-Сұлтанда героиннің  200 дозасы бар 35 жастағы азамат ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр.Елордада есірткіні тарату арнасын тежеуге бағытталған шара барысында бұрын сотталған 35 жастағы ер адам ұсталды. Тінту кезінде одан 200 дозадан тұратын 60 г героин тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ол есірткіні елорда аумағына сатпақ болған. Тәркіленген көкнәрдің қара нарықтағы бағасы — 800 мың теңге. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 279-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу […]
    • 4 Years ago
    • 0