Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • ТМД-ға қатысушы елдердің қауіпсіздік органдары өзара іс-қимылды дамыту мәселелерін талқылады

    НҰР-СҰЛТАН, 07 қараша. Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері Өзбекстан астанасында өткен ТМД-ға қатысушы елдердің қауіпсіздік органдары мен арнайы қызметтері басшылары кеңесінің кезекті отырысына қатысты. Бұл туралы Достастық Атқару комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ЭХО Казахстана хабарлады. Сондай-ақ, отырысқа Әзірбайжан мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің, Армения үкіметі жанындағы ұлттық қауіпсіздік қызметінің, Беларусь мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің, Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Судан терроризмді қолдайтын елдер тізімінен шығарылмайды

    НҰР-СҰЛТАН, 09 тамыз. АҚШ Суданды терроризмді қолдайтын елдер тізімінен әзірге шығармайды, деп 24.kz хабарлайды. Бұл туралы осы елдің саяси мәселелер жөніндегі министрінің орынбасары Дэвид Хейл Хартумда өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді. Айта кетейік, бұл тізімге енген елдер Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банк сияқты несие берушілерден қаржылай көмегінен қағылып, елдің сыртқы борышын жою сияқты мүмкіндігінен айырылады. […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Украина полициясы төрт жүз келі кокаин тәркіледі

    НҰР-СҰЛТАН,02 шілде. Украинаның  Ұлттық полициясы сомасы 60 миллион доллар болатын 400 келі кокаин тәркілеп, халықаралық синдикат қызметінің жолын кесті, деп сейсенбі күні ведомство басшысы Сергей Князев мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости. «Жалпы құны шамамен 60 миллион долларды құрайтын,  400 келі  «кокаин» есірткі заты тәркіленді», — деп мәлімдеді Князев брифингте. Оның айтуынша, полиция Латын Америкадан Батыс […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Жыл басынан бері Павлолар облысы аумағында заңсыз айналымнан 243 кг әртүрлі есірткі заттары алынды

    ПАВЛОДАР, 20 тамыз. Павлодар полицейлері 106 есірткі құқық бұзушылығын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Қазіргі заманда есірткі заттарын пайдалану қоғамның әртүрлі әлеуметтік және жас топтардың санасын улайды. Бұл беталыс азаматтардың денсаулықтарына ғана қауіп төндірмейді, сондай-ақ есірткі заттарын пайдаланатын адамдар криминалдық жағдайды да шиеленістіреді. Сондықтан Павлодар полицейлері заңсыз айналымдағы есірткі заттары аясындағы құқыққа қайшы әрекеттерді анықтау, […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Қарағандыда терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

    ҚАРАҒАНДЫ, 19 қараша. Бүгін Қарағанды қаласының Қазыбек би және Октябрь аудандарында терроризм актісінің алдын алу және оның салдарын жою бойынша терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өткізіледі, деп облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап Ortalyq.kz хабарлайды.  Шараның мақсаты – терроризмге қарсы күрес жөніндегі облыстық жедел штабының алдына қойылған міндеттерді орындау үшін қажетті күш пен құралдардың дайындығын тексеру. Оқу-жаттығулар шынайы […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Тегеранда Ислам Республикасы ІІМ басшысы шұғыл отырыс өткізді

    Тегеран. 7 маусым. Иран Ислам Республикасы ІІМ басшысы Тегеранда  парламентке және Хомейни имамы мавзолейіне шабуыл жасалуына байланысты шұғыл мәжіліс өткізетіні туралы хабарлады, деп жазады ИРНА. ИИР СІМ басшысының медиаконсультанты Рухолла Джомеи өзінің Twitter-іне Иран Республикасы ішкі істер министрі Абдолреза Рахмани Фазли Тегеранда шұғыл отырыс өткізуге бұйрық бергенін жазды. Еске салсақ, қарулы адамдар жергілікті уақыт бойынша […]
    • 8 Years ago
    • 0
  • Франция мен Марокко есірткі саудасымен күрес бойынша келісім жасасады

    НҰР-СҰЛТАН, 18  қазан. Францияның Ішкі істер министрі Жеральд Дарманен Мароккоға барып, әріптесі Абделуафи Лафтитпен келіссөздер жүргізді. Бұл туралы Le Figaro-ға сілтеме жасап REGNUM хабарлайды. Марокконың астанасы Рабат қаласында өткен екіжақты кездесу барысында тараптар көші-қон, терроризмге қарсы күрес және Дарманен бар жігерін салып күресіп жатқан есірткінің заңсыз айналымы мәселелерін талқылады. «Біз ұлттық қауіпсіздік пен терроризмге қарсы […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Оралда аса ірі көлемде есірткі тасымалдаған 19 жасар қыз ұсталды

    ОРАЛ, 24 ақпан. Оралда аса ірі көлемде есірткі тасымалдаған 19 жастағы қыз ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, одан құрамында есірткі бар препараттар тәркіленді. Қазіргі кезде тергеу облыс аумағына синтетикалық есірткілерді жеткізу арналарын анықтау үстінде. «Есірткіні заңсыз тарату дерегі бойынша 2003 жылғы қыз қолға түсті. Тінту іс-шаралары кезінде ұсталған күдіктінің орнынан […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Өскеменде есірткі “қойып кетушіден” 250 бір реттік доза синтетикалық есірткі табылды

    ӨСКЕМЕН, 03 қыркүйек. ШҚО-да кезекті есірткі “қойып кетуші” ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Полиция департаментінің арнайы бөлімшесімен бірлесе отырып, “Қарасора-2021″ республикалық жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында облыс орталығында психотроптық таратушы ұсталды. – Облыс орталығында жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Өскемен қаласының 21 жастағы тұрғыны ұсталды, ол жеңіл пайда табу мақсатында психотроптық заттарды байланыссыз тәсілмен […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Иранда қауіпсіздік күштеріне шабуыл жасаған лаңкестер залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз. Иран қауіпсіздік күшері елдің оңтүстік-батысында әскери мекемеге қарулы шабуыл жасаған екі террористті залалсыздандырды. Бұл туралы ISNA агенттігіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды . Оқиға Хузестан провинциясында болған. Шабуылдаушылар қауіпсіздік күштеріне оқ жаудырып, әскери нысанның ішіне кіруді көздеген. Екі террорист те жарақат алды, олардың бірі ауруханаға жеткізу кезінде қайтыс болды. Шабуылдаушылардан автоматтар мен оқ-дәрі […]
    • 4 Years ago
    • 0