Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Сириядан Өзбекстанға 100-ге жуық әйелдер мен балалар оралды

    НҰР-СҰЛТАН, 08 желтоқсан. Сириядан Өзбекстанға арнайы әуе рейсімен соғыс аймағында қалған 98 отандасымыз – әйелдер мен балалар келді, деп РИА Новостиге сілтеме жасап Sputnik Өзбекстан хабарлайды. Президент Шавкат Мирзиёевтің тапсырмасы бойынша 25 әйел мен 73 бала өз отанына оралды. Барлық қайтарылған азаматтарға қажетті медициналық, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетіледі, олар үймен қамтамасыз етіледі, әйелдер жұмыспен […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • БАҚ: Аргентина әскерінің сайтын хакерлер бұзып, ДАИШ террористік ұйымының хабарын орналастырды

    Буэнос-Айрес, 20 маусым. Хакерлер Аргентина әскерінің сайтын бұзып, онда бейне сурет және ДАИШ террористік ұйымының ақпаратын орналастырған, деп хабарлайды РИА Новости Nacion порталына сілтеме жасап. Портал сайтта орналастырылған хаттардың бірін келтіреді. Техникалық қолдау көрсету орталығының қызметкерлері әскер сайтының хакерлік шабуылды тексеруде, қазіргі танда сайтқа сервистік қызмет көрсетілуде, деп хабарлайды портал Аргентина қарулы күштеріне сілтеме жасап. Дереккөз: РИА Новости  
    • 8 Years ago
    • 0
  • Ақтөбе тұрғыны ірі көлемде есірткі сақтағананы үшін 6 жылға сотталды

    АҚТӨБЕ, 08 қараша. Ірі көлемде есірткі сақтаған Ақтөбе тұрғыны 6 жылға сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қазан айының соңында Ақтөбе қаласының қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылған 48 жастағы тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды. Күдікті құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған қарасора өсімдіктерін ірі мөлшерде өсірген және […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Сирияда қалған Қазақстан азаматтарының саны нақтыланды

    НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр. Сирияда 300-ге тарта Қазақстан азаматы қалды. Бұл туралы «Жусан-2» операциясына қатысты өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департамент басшысы Бақытбек Рахымбердиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қазіргі кезде Сирияда 300-ге тарта Қазақстан азаматы қалды. Олардың арасында ерлер мен әйелдер және балалар бар. Соңғы 2-3 жылда Сирияға ел азаматтарының баруы үрдісі жоқ», […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Сомалидегі шабуылдарда қаза тапқандар саны 36-ға жетті

    АСТАНА, 05 қазан. Сомалидің орталы аймағында кешегі террор шабуылдарында қаза тапқандар саны 36-ға жетті, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Бас қала Могадишоның солтүстігіндегі Беледвейн қаласында жасалған жанкешті 3 шабуылда, араларында екі үкімет қызметкері бар, барлығы 36 адам қаза тауып, 73 адам жараланды. Хиран губернаторы Али Джейсте террористтердің жанкешті шабуылдарының […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Сириядан оралған әйелдер отандастарына үндеу жасады

    НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде. Шамдағы шырғалаң. Сириядан оралған біртоп келіншек отандастарына үндеу жолдады. Сұм соғыстың ортасынан қашып шыққан олар енді өзге бауырларының жазықсыз жапа шеккенін қаламай отыр. Бірі жолдасынан, енді бірі бауыр еті баласынан айырылған нәзік жандар әлдекімнің арбауына түсіп қалмауларыңызды ескертеді. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Сириядан оралған келіншектің әңгімесі: «Ол жерде соғыс болған жоқ. […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Карелия соты терроризмді қаржыландырды деген күдікпен Өзбекстан азаматын қамауға алды

    НҰР-СҰЛТАН, 28 желтоқсан. Карелия Республикасы бойынша Ресейдің ФҚҚ-нің басқармасы террористік іс-әрекетке қатысты деген күдікке ілінген өзбекстандыққа қатысты қылмыстық іс қозғады, деп ақпарат агенттігі мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап «Республика» АА хабарлайды. Ұсталған адам «ИМ» халықаралық террористік ұйымын (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйымды) қаржыландырды деп айыпталуда. Сот ер адамды қамауға алды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Сирияның үкімет әскері содырлардың форпостына шабуыл жасады

    НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз. Сириялық араб әскерінің Идлиб пен Хамадағы лаңкестер  форпостына сәтті шабуыл жасауы туралы SANA агентіне сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды. Үкімет әскерлері «Джебхат ан-Нусра»  (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) тобының лаңкестері бар Эль-Таманаа (Идлиб провинциясы) мен Морикада (Хама провинциясы) шабуыл жасады. Сириялық әскерлер лаңкестерде  болған  бірқатар дүркін оқ атудың реактивті қондырғыларын  қиратты, сондай-ақ содырларды […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның оңтүстігінде жол бойындағы бомба жарылып, төрт әскери қызметші жараланды

    НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан. Сейсенбі күні Ауғанстанның оңтүстігіндегі Забуль провинциясында жол жиегіне салынған бомба жарылысынан әскери автокөлік жарылып, төрт ауған әскери қызметшісі жараланды. Бұл туралы жергілікті үкіметтің ресми өкілі Гүль Ислам Саял мәлімдеді, деп жазады Синьхуа агенттігі. Оның айтуынша, оқиға түскі уақытта Арғандаб ауданындағы жолда орын алған, жарылыс салдарынан Ауғанстан ұлттық армиясының төрт мүшесі жарақат алған. […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Филиппиндегі Марави қаласында лаңкестер 19 тұрғынды мерт қылды

    Джакарта. 28 мамыр. Филиппиннің Марави қаласына басып кірген лаңкестер шаһардың 19 тұрғынын мерт қылды. Қаза тапқандардың арасында үш әйел мен бір бала бар. Әскерилер олардың мәйіттерін шаһардағы университеттің маңынан тапты. Бірақ жергілікті билік бұл өлімге қатысты әлі тексеру басталмағанын хабарлады. Өйткені қаладағы ахуал оған мұрша бермей отыр. Ал елдің оңтүстігінде орналасқан шаһарда кескілескен ұрыстар әлі […]
    • 8 Years ago
    • 0