Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • БАҚ: Авиньонда ер адам полицейлерге шабуыл жасамақ болды

    НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан. Францияның Авиньон қаласының полиция қызметкерлері пышақпен шабуыл жасамақ болған ер адамды атып тастады. Бұл туралы BFM телеарнасына сілтеме жасап 24.kz хабарлады. Бұған дейін Ниццада пышақпен қаруланған ер адамның шабуылынан кем дегенде үш адам қаза болғандығы туралы хабарланған болатын. Шабуыл жасаған күдікті ауруханаға жеткізілді деп хабарланды. Қала әкімі шабуылды террористік акт деп атады. […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда «Талибан» қозғалысының дала қолбасшысы мен оның оққағарлары жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр. Дүйсенбі күні Ауғанстанның солтүстігіндегі Джаузджан провинциясында «Талибан» қозғалысының (ҚР тыйым салынған ұйым)  маңызды дала қолбасшыларының бірі Әли Мурад және оның екі оққағары  өлтірілді. Бұл туралы провинция әкімшілігінің ресми өкілі Абдул Маруф Азарға сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады . «Әли Мурад басқарған содырлар тобы дүйсенбі күні таңертең Акча аймағындағы бақылау-өткізу бекетіне шабуыл жасауды […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ержан Нүкежанов Ақмола облысының Дін істері басқармасы және «КҚТДО» КММ  басшылығымен кездесу өткізді

    КӨКШЕТАУ, 04 ақпан. Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бастамашылық еткен стратегиялық сессияларды өткізу аясында Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов онлайн-форматта Ақмола облысының Дін істері басқармасы және «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ басшылығымен кездесу өткізді, деп kazislam.kz хабарлайды.  Іс-шарада дін саласындағы 2020 жылғы жұмыстың негізгі нәтижелерін тыңдап, 2021 жылға арналған негізгі міндеттерді атап өтті. […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Новосібір тұрғыны терроризмді қаржыландырғаны үшін 14 жылға сотталды

    АСТАНА, 25 қараша. Новосібір тұрғыны Ресейде тыйым салынған «Катиба Таухид валь-Джихад» халықаралық лаңкестік ұйымын қаржыландырғаны үшін қатаң режимдегі колонияға 14 жылға сотталды, деп Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің Новосібір облысы бойынша баспасөз қызметі хабарлайды. Бұл туралы ТАСС-қа  сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.  «Террористік құрылымдардың мүшелеріне аударылған қаражаттың жалпы сомасы 2,4 миллион рубльден асады. Шығыс округінің 1-ші әскери соты [айыпталушыны] террористік […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Кабулда Орталық банктің көлігіне шабуыл жасалды

    НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар.  Ауғанстан астанасы Кабулда көлік жарылысынан бір адам қаза болды. Көлікте елдің Орталық банкінің қызметкерлері болған, деп Кабул полиция бөлімінің өкілі Фирдевс Фарамарзаға сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлайды. Фарамарзаның айтуынша Кабулдың оңтүстік-шығысындағы Шах Шехид аймағында бомба қойылған көлік жарылды. Ауғанстанның Орталық банкі шабуыл кезінде оның бір қызметкері қаза тауып, екеуі жарақат алғанын хабарлады. Әзірге […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Германияда синагогаға шабуыл жасағаны үшін сотталған экстремист түрме қызметкерлерін кепілге алды

    АСТАНА, 14 желтоқсан. Дүйсенбі күні кешке Бург қаласындағы (Саксония-Анхальт) түрмедегі  тұтқын мекеменің екі қызметкерін кепілге алды, бір сағаттан кейін ол залалсыздандырылды, деп DPA хабарлайды. Бұл туралы ТАСС  агенттігіне  сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  хабарлайды. Бұл іс 2019 жылы синагогаға шабуыл жасамақ болғаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жатқан 30 жастағы оңшыл экстремист Штефан Б. туралы […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Шымкентте үйінің ауласында героин сатқан тұрғын ұсталды

    ШЫМКЕНТ, 19 маусым. Шымкентте полиция үйінің ауласында героин сатқан тұрғын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   Баспасөз қызметінің мәліметінше, есірткі сатушы қала маңындағы елдімекендердің бірінде қолға түскен. Есірткі саудагерінің ізіне түскен тәртіп сақшылары оның үйіндегі жасырын орындарды тінту кезінде мөлшері бойынша өлшеп,  оралған және сатуға дайын жалпы салмағы 100 грамнан асатын […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • АИР президентінің кеңесшісі: «Талибанмен» келісім Ауғанстанға бейбітшілік әкелмейді

    НҰР-СҰЛТАН, 09 наурыз. Ауғанстан президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Хамдуллах Мухиб елде тұрақты бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін «Талибанмен*» келісімдер жеткіліксіз деп мәлімдеді. Бұл туралы  Anadolu жазады. Бұл туралы Мұхиб Кабулда өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді. Оның айтуынша, тәлібтермен келісімдер аймаққа тек уақытша тыныштық әкеледі. Мухиб бейбітшілікке жету үшін келіссөздердің аймақтық және жаһандық аспектілері мұқият қарастырылуы керек […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • ИМ содырлары Мосулдағы ежелгі мешітті қиратты

    Мосул, 22 маусым. Ирак билігінің хабарлауынша, «Ислам мемлекеті» (ИМ, Қазақстан аумағында тыйым салынған) экстремистік ұйымының содырлары Мосулдағы ежелгі әл-Нури мешіті мен оның әйгілі жантайған мұнарасын жарып жіберді. Мешіт 1172 жылы салынған. Оның мұнарасын Италиядағы Пизан мұнарасы сияқты бір жағына қисайып тұрғандықтан «әл-Хадба» немесе «бүкір» деп атаған. ИМ содырлары Мосулды 2014 жылы маусымда басып алған. Олар […]
    • 8 Years ago
    • 0
  •  Кабулдағы ІІМ ғимараты маңында болған жарылыс салдарынан жеті адам қаза тапты  

    НҰР-СҰЛТАН, 13 қараша. Ауғанстанның ішкі істер министрлігінің жанында жарылыс болып, 7 адам қаза тапты, деп хабарлайды 24.kz. Тағы 10 тұрғын жарақат алды. Жапа шеккендердің арасында балалар бар. Террорлық әрекет жергілікті уақытпен таңғы 7 жарым шамасында болды. Әзірге оны қандай қарулы топ ұйымдастырғаны белгісіз. Қазір содырлар іздестіріліп жатыр.
    • 6 Years ago
    • 0