АЛМАТЫ, 30 қараша. 2 желтоқсанда Алматыда жоспарлы жалпықалалық сейсмикалық оқу-жаттығу өтеді. ТЖД Алматылықтар мен қала қонақтарынан дабыл дыбысы кезінде үрейленбеуді сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz. Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 2 желтоқсанда Алматыда жоспарлы жалпықалалық сейсмикалық оқу-жаттығу өтеді. Ол жылына бір рет өткізіледі. Биылдың өзінде 3,5 мыңнан астам сейсмикалық оқу-жаттығу өткен. «Сейсмикалық оқу-жаттығу өтетін күні сиреналық қондырғыларды іске […]