Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Әзірбайжанда есірткі тасымалдаушыдан бір келіден астам метамфетамин тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 06 мамыр. Бас Оңтүстік аумақтық кеден басқармасына Ираннан есірткі және психотроптық заттар контрабандасының әрекеті туралы жедел ақпарат келіп түсті, деп дүйсенбі күні Әзірбайжан Мемлекеттік Кеден комитетіне сілтеме жасап Trend хабарлайды. Жедел ақпаратқа сәйкес Оңтүстік аумақтық кеден басқармасының Тергеу басқармасы қызметкерлерінің операциясының нәтижесінде Астара қаласында салмағы 1028 грамм метамфетаминді сатып жатқан кезде Әзірбайжан азаматы Махир […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • СҚО полицейлері салмағы 93 грамм синтетикалық есірткі затын тәркіледі

    ПЕТРОПАВЛ, 18 қазан. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының 50 жастағы тұрғыны «синтетикалық есірткі заттарын сатты» деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары Аққайың ауданының орталығы Смирновтың 50 жастағы тұрғынын «синтетикалық есірткі заттарын сатты» деген күдікпен ұстады. Полицейлерге оның «спайс» психобелсенді есірткі затын сатумен айналысатыны туралы оперативті ақпарат түскен. […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • ҰҚК Түркияда ұсталған қазақстандықтың аты-жөнін жариялады

    НҰР-СҰЛТАН, 02 наурыз.  Ұлттық қауіпсіздік комитеті Түркияда ұсталған қазақстандық туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Оның аты-жөні – Аманбек Самат Аманбекұлы, Атырау облысының тумасы. Ер адам 2015 жылдың қарашасынан бері іздеуде болған. Қазір ол Түркияда қамауда отыр. Ұсталған азаматты Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қаралып жатыр. Айта кетейік, 19 ақпанда ДАИШ* құрамында болған қазақстандықтың Түркияда ұсталғаны хабарланды. Ол […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Алматы полицейлері есірткіні жеткізудің тұрақты арнасын жойды

    АЛМАТЫ, 07 желтоқсан. Полицейлер Жамбыл облысынан Алматыға есірткі тасымалдағандарды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Полиция қызметкерлері арнайы іс-шараның нәтижесінде Жамбыл облысынан Алматыға есірткі тасымалдайтын арнаны жапты. – Шілде айында 32 жастағы Г.есімді азамат каннабиноидты тобындағы есірткімен ұсталды. Рұқсат етілген арнайы іс-шаралар барысында ұсталған адам 56 жастағы З.есімді азаматтан есірткіні кейіннен сату үшін сатып алғаны анықталды. Тергеу […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Үндістанда сот 2008 жылы террористік шабуыл ұйымдастырғаны үшін 38 адамды өлім жазасына кесті

    НҰР-СҰЛТАН, 19 ақпан. Үндістанның Ахмадабад қаласының арнайы соты жұма күні 2008 жылы 50-ден астам адамның өмірін қиған лаңкестік әрекеттер сериясын ұйымдастырды және жасады деп айыпталған 38 адамды өлім жазасына кестіғ деп NDTV арнасы хабарлайды. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. 8 ақпанда Гуджарат штатының соты осы іс бойынша […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Сириядағы содырларға қаржылай жәрдем жасаған жиһадшылар Өзбекстанда ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар. Сырдария облысында тәртіп сақшылары «Жиһадшылар*» экстремистік тобының қызметін тоқтатты . Бұл туралы елдің ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап Sputnik Өзбекстан жазады. Тергеу барысында Ресей Федерациясындағы маусымдық жұмыс кезінде топтың екі жетекшісі радикалдардың ықпалына түскені белгілі болды. Олар отанына оралып, халық арасында және әлеуметтік желілер арқылы өздерінің деструктивті идеяларын таратумен айналыса бастады. Олар […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • АҚШ пен НАТО Ауғанстандағы базалардан әскерлерді шығаруды бастады

    НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір.Скотт Миллер баспасөзге жасаған мәлімдемесінде шетел күштерінің барлық базалары ауған күштеріне тапсырылатынын хабарлады, деп TRT хабарлайды.  Ауғанстандағы НАТО мен АҚШ әскерлерінің қолбасшысы Скотт Миллер Ауғанстандағы шетелдік базалардың босатыла бастағанын айтты. Скотт Миллер баспасөзге жасаған мәлімдемесінде шетел күштерінің барлық базалары ауған күштеріне тапсырылатынын хабарлады. Ауғанстандағы кейбір базалардың босатыла бастағанын айтқан Миллер шетел күштері шегінгеннен […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Сирия армиясы Идлиб провинциясындағы лаңкестер позицияларына соққы берді

    НҰР-СҰЛТАН, 06 қаңтар. Сирия армиясы Идлибті лаңкестерден тазарту жөніндегі әскери операциялардың аясында Маарат Ан-Нуман аймағында олардың позицияларына және жеткізу желілеріне соққылар жасады, деп хабарлайды САНА агенттігі . Операция болған бірнеше сағат ішінде Сирия Араб армиясының шабуылдары террористік топтардың Маарат Ан-Нуман қаласының шетінде, Дейр Аш-Шарки және Маар-Шмарин ауылдарында және Серакиб және Маарат Ан-Нуман қалалары арасындағы Масаран […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның Кундуз провинциясында лаңкестік шабуыл салдарынан екі бала қаза болды

    НҰР-СҰЛТАН, 13 ақпан. Ауғанстанның солтүстігіндегі Кундуз провинциясында болған шабуыл екі баланың өмірін қиды, деп Анадолу агенттігі жазады. Ауғанстан ұлттық армиясының «Памир» корпусының 217-ші қолбасшылығы хабарлағандай, лаңкестер жарылғыш затты Имам Сахиб ауданы, Котурбұлақ ауылының маңында жолдың шетіне қойған. Бомба балалар ойын алаңының жанында жарылды. Әзірге ешқандай топ шабуылға жауапкершілікті мойнына алған жоқ. Жергілікті билік шабуыл артында […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Израиль әскери күштері Сирияға әуе шабуылын жасады

    НҰР-СҰЛТАН, 13 қаңтар. Израиль сәрсенбіге қараған түні Сирияның оңтүстік-шығысында әуе шабуылдарын жасады. Бұл туралы ria.ru-ға  сілтеме жасап azattyq-ruhy.kz хабарлайды. «Израиль Дейр-эз-Зор мен Бокемал қалаларындағы аудандарға шабуыл жасады», — деп хабарлайды жергілікті Ikhbariya телеарнасы. Sham FM радиостанциясы Дейр-эз-Зор провинциясының батысы мен шығысында бір уақытта бірнеше жарылыс естілгенін хабарлады. Зардап шеккендер туралы әлі ақпарат жоқ. Еске салайық, Израиль әскери күштері […]
    • 4 Years ago
    • 0