Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Қорған облысында қамауда отырған адам лаңкестер қатарына тартумен айналысты деп айыпталуда

    НҰР-СҰЛТАН, 25 қазан.  Қорған облысында түзеу колонияларының бірінде қамауда отырған азамат үстінен  террористік қызметке жария түрде шақырды деп қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Ресей ФҚҚ аймақтық басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап  REGNUM хабарлады. Айыпталушы жазасын өтеп жатқан адамдарға  жүйелі түрде ДАИШ-тың (ҚР қызметіне  тыйым салынған ұйым) әрекетің ақтаған және дәйектеген, босап шыққаннан кейін қарулы жиһадқа […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Қырғызстан арнайы қызметі іздеуде жүрген лаңкесті қамауға алды

    НҰР-СҰЛТАН, 24 қазан. Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Қырғызстан астанадасында өткізген операциясы барысында лаңкестік әрекеттер үшін іздеуде болған 39 жасар Жалал-Абад облысының тумасын ұстады. Бұл туралы ҰҚКД баспасөз қызметіне сілтеме жасап  REGNUM хабарлайды. Арнайы қызметтердің ақпараттары бойынша, ұсталған азамат республика аумағында бірқатар лаңкестік әрекеттерді жасауды жоспарлаған халықаралық лаңкестік  ұйымның содыры болып табылады. Сондай-ақ, ведомствода ұсталған […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Qazaqstan арнасы Сириядан қайтарылған қазақстандықтар туралы эксклюзивті кадрларды көрсетеді

    НҰР-СҰЛТАН, 24 қазан.  «Qazaqstan» телеарнасы Сириядағы соғыстан құтқарылған қазақстандықтар туралы деректі фильм түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Жусан: оралу мен оңалу» атты екі бөлімді туынды «Жусан» арнайы гуманитарлық операциясының желісімен әзірленген. «Фильмде қазақстандықтардың қақтығыс аймақтарына қалай аттанғаны, қандай қиындықтарға тап болғаны, жесір қалғандардың жат жерде қалай өмір сүргені айтылады. […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Бір айда 50 келіден астам есірткі тәркіленді — ІІМ

    НҰР-СҰЛТАН, 24 қазан. Өткен аптада Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарының полицейлері «Көкнәр» операциясы барысында оңтүстік өңірден еліміздің шығысына марихуана және гашиш жеткізу арнасының жолын кесті. Бұл жөнінде Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды. Ұзақ дайындық және бірлескен жұмыс нәтижесінде бұрын сотты болмаған Жамбыл облысының тұрғыны ұсталды. Ол есірткі өткізу үшін басқа өңірлерге […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Павлодарда лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулары өткізілуде

    ПАВЛОДАР, 24 қазан. Бүгін , 24 қазан күні «Павлодар Аэропорт» аумағында терроризм актілерінің алдын алуға және оның салдарын жоюға бағытталған жоспарлы антитеррористік оқу-жаттығулары өткізілуде, деп терроризмге қарсы күрес жөніндегі облыстық жедел штабқа сілтеме жасап  pavlodarnews.kz  хабарлайды. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі облыстық жедел штаб іс-шараның жоспарлы сипатқа ие екенін және күрделіліктің түрлі элементтерін қолданып отырып, барынша жақындатылған оқу-жаттығу […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • ШЫҰ БҰҰ және АСЕАН-мен есірткіге қарсы бірлескен іс-шараларды жоспарлап отыр

    НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы АСЕАН мен БҰҰ бейінді басқармасымен бірлесіп бірқатар есірткіге қарсы іс-шараларды жоспарлап отыр, деп мәлімдеді дүйсенбі күні ШЫҰ Бас хатшысы Владимир Норов, деп хабарлайды РИА Новости. «Біз БҰҰ — ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасымен белсенді түрде өзара іс — қимыл жасасамыз, БҰҰ ЕҚБ — ШЫҰ — АСЕАН форматында есірткіге […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ресейде жарты жылда 120-дан астам адам лаңкестік үшін сотталды

    НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан. 2019 жылдың бірінші жарты жылдығында  Ресей соттары 121 адамды лаңкестік үшін соттады, осы санатта ақтау үкімдері, өткен жылдардағыдай, болған жоқ делінген РФ Жоғары сотының жаныңдағы сот департаментінің статистикасында, деп  РИА Новости жазады. Лаңкестік әрекеттер үшін соттар тоғыз үкім шығарды, қалғандары — тарту, лаңкестікке шақыру және оны мақұлдау, лаңкестік ұйымдарға қатысу және оларды […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Дін тақырыбында өткен журналистер байқауының жеңімпаздары белгілі болды

    АЛМАТЫ, 23 қазан. Алматыда дін тақырыбына арналған үздік шығармаларға жарияланған журналистер байқауы қорытындыланды. Түрлі номинациялар бойынша жұмыстары сарапқа салынған байқау жеңімпаздары арнайы диплом мен бағалы сыйлықтарға ие болды,деп хабарлайды ҚазАқпарат. Алматы қалалық қоғамдық даму басқармасының қолдауымен Ұлттық журналистік зерттеу орталығы 1 мамыр мен 1 қазан аралығында дін саласындағы өзекті мәселелерге байланысты алматылық журналистер арасында үздік […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Красноярск тұрғыны лаңкестік ұяшықты ұйымдастырғаны үшін 17 жылға сотталды

    НҰР-СҰЛТАН, 22 қазан. Красноярск қаласында «әрекетсіз» лаңкестік ұйымның мүшелері мен ұйымдастырушылары 17 жылға дейінгі мерзімге сотталды, деп Красноярск өлкесі бойынша ФҚҚ басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды.  ФҚҚ 2017 жылдың басында Красноярск тұрғыны өздерін «Красноярск жамағаты»деп атаған тұлғалар тобын ұйымдастырғанын хабарлады. Жеті адамнан тұратын құрылым лаңкестікті насихаттау, ақтау, қолдау және қаржыландыру үшін құрылған […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Қарағандыда есірткі сатқан мектеп мұғаліміне қатысты сот отырысы басталды

    ҚАРАҒАНДЫ, 22 қазан. Қарағандыда есірткі сатқан мектеп мұғаліміне қатысты сот отырысы басталды. Жарым жан балалар интернатының 24 жастағы тәрбиеші, дефектолог маманы сабақ бере жүріп психотроптық заттар саудасымен айналысқан деген күдікке ілікті. Қоғамды елең еткізген аты шулы іс қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотта қаралып жатыр, деп AstanaTV хабарлайды.  24 жастағы мұғалім аса ірі көлемде психотропты және […]
    • 5 Years ago
    • 0