Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Нұр-Сұлтанда Сириядан оралған 14 қазақстандыққа қатысты сот басталды

    НҰР-СҰЛТАН, 22 қазан.   Нұр-Сұлтанда «Жусан» арнайы операциясы аясында Сириядан оралған 14 қазақстандыққа қатысты сот басталды, деп ҚазТАГ хабарлайды.  «Азаматтар Есмурзаев, Каматай, Камалов және басқалары айыптау актісіне сәйкес Сирияға барып, (ҚР-да тыйым салынған – ҚазТАГ) «Ирак пен Леванттың ислам мемлекеті» (ИЛИМ) леңкестік ұйымына кірген. (…) Олар қарулы жиһад идеясын қолдаған», — деді прокурор Еділ Мұрат сейсенбідегі […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Үндістандағы «ҚазИнд — 2019» бірлескен оқу-жаттығуы аяқталды

    НҰР-СҰЛТАН, 22 қазан. Екі апта бойы Қазақстанның Құрлық әскерлерінің «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері Үндістанның Қарулы Күштеріндегі әріптестерімен бірлесіп террорға қарсы операцияларды жүргізудің жаңа әдістерін зерделеп, пысықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат  «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқу-жаттығуға қатысушылар кедергілер жолағынан өту, атыс қаруынан ату, жасанды және табиғи рельефтермен тауға өрмелеу, тікұшақтан фал арқылы түсіп, […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Мысырдың СІМ басшысы: Ресеймен ынтымақтастық экстремизммен күресуге көмектеседі

    НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан. Ресей Африка елдеріне экстремизммен күресте және аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде көмектесе алады. Бұл туралы РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында Мысыр Сыртқы істер министрі Самех Шукри мәлімдеді, деп Islam-today жазады. «Африканың қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық, ақпарат алмасу мәселелеріндегі мүмкіндіктерін күшейту қажет. Сонымен қатар, континенттің ішінде ғана емес, халықаралық серіктестермен де, соның ішінде осы лаңкестік […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Австрияда діни қызметші жастарды ДАИШ қатарына тартқаны үшін сотталды

    НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан. Австрияның Грац қаласында сот үкімімен шығу тегі түрік имамы жастарды «Ислам мемлекеті» халықаралық террористік тобының (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) қатарына тартқаны үшін жеті жылға сотталды,деп Islam today хабарлайды. Сотталған діни қызметшінің аты аталмайды. Тек 47 жаста екені ғана белгілі.  Ол лаңкестер қатарына шетелдіктерді тартумен айналысқан діни топты құруда және басқаруда кінәлі […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • «Жәннатты» аңсап, адасқан әйелдің әңгімесі

    НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан.  ҚР ҰҚК өткізген кең көлемді «Жусан-2» операциясы кезінде Сириядағы қақтығыс аймақтарынан 231 қазақстандық елге қайтты. Оның 16-сы — ер адам, 59-ы — әйел және 156 бала бар. Боздаладағы бейбіт күннің бағасын білмей, жат ағымның жетегінде кеткендердің қатарында Фатима есімді келіншек те бар. «Жәннатты» аңсап, адасқан әйел көрген қиындықтары жайлы ҚазАқпаратқа баяндап берді. […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның Кандагар провинциясында 30 содыр жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан. 20 қазан күні елдің оңтүстігіндегі Ауғанстанның ұлттық армиясының жоғары лауазымды командирі Кандагар провинциясының аумағында (провинцияның астанасы — Кандагар қаласы) Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс күштері жүргізген операция нәтижесінде «Талибан» қозғалысының кем дегенде 30 содыры (ҚР-да қызметіне тыйым салынған ұйым) жойылып, көбі түрлі дәрежедегі жарақат алғандығын мәлімдеді, деп REGNUM жазады. «Bakhtar News Agency» ауғандық […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Петропавлда есірткіні жарнамалаған бойжеткен 10 күнге қамалды

    ПЕТРОПАВЛ, 21 қазан. Петропавлда психотроптық заттар мен есірткі тарататын сайттарды жарнамалаған 18 жастағы қыз жазаланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Петропавл қаласының Мамандандырылған әкімшілік сотының ақпаратына сүйенсек, қаланың 18 жастағы тұрғыны әкімшілік құқық бұзды деп танылып, оған 10 күнге қамау түріндегі жаза белгіленген. Іс материалдарына қарағанда, қыркүйектің басында қыз Жұмысшылар кентіндегі ғимарат қабырғаларына қара маркермен түрлі жазулар […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Жамбыл тұрғыннан 12 келіден астам марихуана табылды

    ТАРАЗ, 20 қазан. Жамбылдық полицейлер Т.Рысқұлов ауданының тұрғынынан 12 келіден астам кептірілген марихуана тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. «13 қазан кешкі мезгілде «Көкнәр-2019» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері бұрын сотты болған 49 жастағы Тұрар Рысқұлов ауданының тұрғынынан бір қап […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Алеппоның шығыс бөлігінде бірнеше жарылыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 20 қазан. Алеппо қаласының шығыс бөлігіндегі Телль-эз-Заразир ауданында бірнеше жарылыс болды,  деп Al Arabiya телеарнасына сілтеме жасап  REGNUM хабарлайды. Телеарна мәліметтері бойынша, сириялық барлау штабының жанында бірден бірнеше жарылыс болған. Жарылыс салдарынан қаза тапқандар болуы мүмкін. Жарылыс орны мен оған іргелес жатқан барлық аудандар қауіпсіздік күштерімен қоршауға алынған. Сириялық билік жарылыс туралы ешқандай ресми […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Пентагон басшысы «Талибанмен» келіссөздер үшін Ауғанстанға келді

    НҰР-СҰЛТАН, 20 қазан.  АҚШ Қорғаныс Министрі Марк Эспер «Талибан» (ҚР-да қызметіне тыйым салынған ұйым) содырларымен келіссөздерді жалғастыру мақсатында Ауғанстанға сапармен келді, деп Reuters агенттігіне сілтеме жасап REGNUM хабарлайды. «Сапардың мақсаты бейбіт келісім жасау әрекеті болып табылады. Жанжалдың саяси шешімі — біз үшін ең тиімді нұсқа», — деп басылым Эспердің сөзін келтіреді. Сондай-ақ, америкалық қорғаныс ведомствосының […]
    • 5 Years ago
    • 0