Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • ФҚҚ сотталушының лаңкестікке шақырған әрекетін тоқтатты

    НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек. ФҚҚ красноярдық жедел уәкілдері лаңкестікке шақырған сотталушының әрекетін тоқтатты,деп Красноярск өлкесі бойынша ФҚҚ басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап РИА  Новости хабарлайды. «Краснояр өлкесі бойынша Ресей ФҚҚБ жазасын өңірдің түзеу мекемелерінің бірінде өтеп жатқан Дағыстан Республикасы тумасының қылмыстық іс-әрекетінің жолын кесті… Заңсыз қарулы құрылымдарды ұйымдастыруға, қару — жарақ пен оқ-дәрілердің заңсыз айналымына,қарулы бүлікке […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Қостанай облысының тұрғынынан тыйым салынған кітаптар тәркіленді

    ҚОСТАНАЙ, 16 қыркүйек. Қостанай облысы Рудный қаласының тұрғыны Қазақстан Республикасында тыйым салынған журналдарды сақтағаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Полиция қызметкерлерінің жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Рудный қаласының 54 жастағы тұрғынынан Қазақстан Республикасында тыйым салынған сектаның журналдары тәркіленді. «Сот тексерісінің нәтижелері бойынша экстремистік бағыттағы 15 журнал анықталды. Бұл журналдарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, жариялауға және […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Мальдив аралдары экстремистік идеологияларды қолдау туралы заңды қатайтады

    НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек. Мальдив Республикасының Үкіметі терроризмнің алдын алу туралы Заңға түзетулер енгізу арқылы экстремистік идеологияларды қолдау туралы заңды қатайтады. Қазіргі заң шет елдердегі лаңкестік ұйымдар қатарында қақтығыстарға қатысу үшін елден кеткен адамдар үшін 10 жылдан 20 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасын көздейді, деп REGNUM АА хабарлайды. Ел парламенті жаңа түзетулерді қабылдаған жағдайда, лаңкестік […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ақ үй: Усама бен Ладеннің ұлы оққа ұшты

    НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек. «Әл-Қаида” террористік ұйымының негізін қалаған Усама бен Ладеннің ұлы Хамза бен Ладенді арнайы операция кезінде атып өлтірген деп хабарлады сенбі, 14 қыркүйекте Ақ үй, деп Азаттық Радиосы жазады.  «Әл-Қаида” ұйымына жетекшілік еткен Хамза бен Ладен Пәкістан мен Ауғанстан шекаралары маңындағы аумақта қаза тапқан. АҚШ президенті Дональд Трамп жариялаған мәлімдемеде оқиғаның қашан болғаны […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Алматыда 250-ге жуық оқушы экстремизмнен келетін қауіп туралы танымын кеңейтті

    АЛМАТЫ, 15 қыркүйек.  Алматыда діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізіліп келеді.Аталмыш шара ҚР діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында Қоғамдық Даму басқармасының «Мониторинг және талдау орталығының» ұйымдастыруымен өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Сондай маңызды кездесулердің бірі 13 қыркүйекте Алматыдағы №156 […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Дінтанушы Сириядан оралғандарға қатысты 6 ұсыныс айтты

    НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек.  «Жусан» операциясы бойынша Сириядан оралған отандастарымызбен жүйелі жұмыс істеген дінтанушы Балғабек Мырзаев Сириядан оралғандарға қатысты 6 ұсынысын жеткізді, деп Kazislam жазады.  «Оңалту барысындағы жұмыстар кезінде Сириядан оралған отандастарымыздың бойынан тағы нені байқадыңыз және маман ретінде қандай ұсыныстарыңыз бар?» — деген журналист сұрағына ол: Біріншіден, Сирияға кеткен жат ағымдағы әйелдер күйеулерінің айтқанын екі […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Д.Назарбаева: Ұлтаралық және дінаралық үйлесімді сақтау және нығайту қажет

    НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек. Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева 18 қыркүйекте өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының XVIII отырысы қарсаңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Оразбен кездесті, деп ҚР Парламентінің Сетаны сайтында хабарланған.  Дариға Назарбаева Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің Хатшылығына дайындық туралы айтты. Сенат Төрағасы діни форумның маңызына тоқтала келіп, […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • БҰҰ діни объектілерді терроризмнен қорғау жоспарын әзірледі

    НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек.БҰҰ діни нысандарды лаңкестердің шабуылынан қорғау жоспарын әзірледі. Бұл туралы Ұйымның Бас хатшысы Антониу Гутерреш мәлімдеді, деп Islam-today хабарлайды. «Барлығымыз білетіндей біздің әлем антисемитизмнің, мұсылмандарға қарсы жеккөрушілік пен христиандарға шабуылдардың ұлғаюына тап болып отыр, әлемде, әсіресе,  соңғы айларда, христиандық, мұсылман және иудейлік ғибадатханаларда діншілдерге қарсы лаңкестік әрекеттер  жасалуда». «Мен бұл шабуылдарды қатаң айыптаймын. […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Алматыда Тәжістанның жеті азаматы лаңкестік әрекеттерін дайындағандары үшін сотталды  

    АЛМАТЫ, 13 қыркүйек. Алматыда Тәжістан Республикасының жеті азаматына қатысты қылмыстық істі қарастыру аяқталды, деп қаланың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына сілтеме жасап  Tengrinews.kz хабарлайды.  Олар Ислам Республикасы Ауғанстанда жүрген «Шахамад» есімді рухани тәлімгерлерінің бастауымен 2018 жылдың желтоқсанынан 2019 жылдың 10 қаңтарына дейін лаңкестік топтың құрамында болып, радикал діни сенімдер негізінде терроризм актілерін жасауға дайындағаны үшін айыпталған. Қылмыскерлер […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • РФ СІМ: Сирияда соғыс аяқталды

    НҰР-СҰЛТАН, 13 қыркүйек. Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Сирияда соғыстың аяқталғанын хабарлады, деп Айқын газеті жазады. «Сириядағы соғыс шынымен аяқталды. Мемлекет ақырындап бейбіт өмірге аяқ басып келеді», — деді Лавров. Ол Сирия Араб Республикасы үкіметінің бақылауында жоқ аймақтарда ғана шиеленістің барын алға тартты. Бұл аймақтар – Идлиб және Евфраттың шығыс жағалауы. Министр Сирияның топырақ […]
    • 5 Years ago
    • 0