Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Кабулдағы жарылыс кезінде үш адам зардап шекті

    НҰР-СҰЛТАН, 09 қыркүйек. Ауғанстанданың Кабул қаласындағы жарылыс салдарынан кем дегенде үш адам зардап шекті, деп TOLO News телеарнасына сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды. Телеарна мәліметтері бойынша, қолдан жасалған жарылғыш құрылғы дүйсенбі күні таңертең Шахид алаңына жақын жерде іске қосылды.
    • 5 Years ago
    • 0
  • Шри-Ланкада болған лаңкестік әрекетке қатысты іс бойынша 239 адам өтеді

    НҰР-СҰЛТАН, 08 қыркүйек. 6 қыркүйекте Шри-Ланка полициясы 2019 жылдың сәуірінде католик Пасхасын тойлау кезінде лаңкестік әрекет ұйымдастыруға қатысы бар деген күдікпен 239 адам қамауға алынғанын жариялады. Бұл туралы «Джагран» үнді жаңалықтар агенттігіне сілтеме жасап  REGNUM АА хабарлайды. Полициясының ресми өкілі Руван Гунасекердің мәліметі бойынша 115 адам тергеу изоляторында қамауда, 178 адам жауап алу үшін үнемі […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • АҚШ Президенті «Талибан» радикалды қозғалысымен келіссөз жүргізуді тоқтатты

    НҰР-СҰЛТАН, 08 қыркүйек. АҚШ Президенті Дональд Трамп Кабулдағы жарылыстан кейін Ауғанстан үкіметі және «Талибан» радикалды қозғалысымен келіссөз жүргізуді тоқтатты. Себебі лаңкестік әрекеттен қаза тапқан 12 адамның ішінде 1 американдық әскери бар, деп 24.kz хабарлайды.  Трамптың айтуынша, келіссөз барысында атысты тоқтатпаған тәліптермен келісім-шарт жасау еш нәтиже бермейді. Сондай-ақ Ақ үй қожайыны егер лаңкестік болмағанда Ауғанстан президенті […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Қазақстан “Орталық-2019” халықаралық әскери оқу-жаттығуына қатысады

    НҰР-СҰЛТАН, 08 қыркүйек. Қазақстан әскери қызметкерлері “Орталық-2019” халықаралық әскери оқу-жаттығуларына қатысу үшін Орынбор облысына барады. Әскери іс-шара осы жылдың 9-23 қыркүйек аралығында өтеді. Бұл туралы Ресей Қорғаныс министрінің орынбасары Юнус-Бек Евкуровке сілтеме жасап ЭХО Казахстана хабарлады. “Орталық-2019″ оқу-жаттығуының негізгі кезеңі Орынбор облысындағы Донгуз полигонында өтеді. Бірқатар тактикалық маневрлер басқа мемлекеттердің полигондарында пысықталатын болады – Қазақстанда […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Францияда жүк көлігінен бір тоннаға жуық есірткі табылды

    НҰР-СҰЛТАН, 08 қыркүйек. Францияның шығысында Изер департаменті кеденінің қызметкерлері жүк көлігінен  933 келіден астам гашиш есірткісін тапты. Жүргізуші қамауға алынды, деп  France Bleu радиостансасына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды. Аса көлемді есірткі тиелген жүк көлігінің жұма күні Вьен және Ревантен-Вогри коммуналарын жалғастырып жатқан ақылы жолда ұсталғаны атап өтіледі. Кеденшілер A7 автомагистралінде солтүстік бағытқа бет алған жүк көлігін […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Маңғыстаулық екі әйелден 88 келі марихуана тәркіленді

    АҚТАУ, 07 қыркүйек. Маңғыстау облысында ауыл тұрғындары 90 келіге жуық есірткіні үйлерінің ауласына жасырып қойған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Көкнар-2019» жедел-алдын алу шарасы барысында Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері  Атамекен ауылының  бұрын сотталған екі тұрғынын құрықтады. Олар 39 және 44 жастағы азаматшалар. Мәлім болғандай, 5 қыркүйек күні мамандар тінту барысында қызметтік […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Казахстанда туып-өскен азамат АҚШ-та өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін

    НҰР-СҰЛТАН, 07 қыркүйек. Бруклиннің федералды сотымен (Нью-Йорк) «лаңкестік ұйым құрамындағы содырлық әрекеттері» үшін тұтқындалған Руслан Асаиновқа жаңа айып тағылды, деп 365info.kz хабарлайды. 42 жасар Руслан Маратұлы Асаинов  осы жылдың шілде айында Сирияда жергілікті әскерилермен тұтқындалған.  АҚШ азаматы ретінде оны еліне қайтарып, сотқа берді. Оған 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Алайда, 4 қыркүйекте Асаиновқа […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Мароккода ИМ белсенді ұяшығы әшкерленді

    НҰР-СҰЛТАН, 07 қыркүйек. Марокконың Сот тергеулерінің орталық бюросы ИМ-не (ҚР-да қызметіне тыйым салынған ұйым) адал лаңкестік ұяшығының әшкерленгені туралы хабарлады. Топ бес адамнан құрылып, Марокконың шығыс бөлігіндегі Надор және Беркан қалаларында орналасқан. Арнайы операция барысында құқық қорғау органдары лаңкестердің қару-жарағы мен электрондық құрылғыларын тәркілеген. Бұл туралы MAP мароккалық ақпараттық басылымына сілтеме жасап Regnum АА хабарлайды. […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Алматыда ер адамнан 500 данадан астам «экстази» тәркіленді

    АЛМАТЫ, 06 қыркүйек. Алматыда контрабандалық жолмен Еуропадан ірі көлемде есірткі заттарын өткізбек болған ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «26 тамыз күні Алматы қаласында жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде ҚР азаматы ұсталды. Оған Еуропадан пошта арқылы есірткі заттары жеткізілген. Тексеру кезінде  500-ден астам дана «экстази» дәрілері, яғни психотроптық заттар табылды. Контрабандалық жолмен жеткізілген есірткі заттары  тәркіленді», — […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • СҚО-да ірі есірткі партиясы тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН,05 қыркүйек. Солтүстік Қазақстан облысында марихуана мен гашиштің  ірі партиясы тәркіленді, деп Экспресс К хабарлайды. Петропавл қаласының шетіндегі саяжайда жедел қызметкерлер  10 килограмм марихуана мен екі килограмм гашишті сатып жатқан жерінде, бұрын сотты болған 1976 және 1985 жылы туылған облыс орталығының екі тұрғынын қолға түсірді. Одан әрі тінту барысында саяжай учаскелерінің бірінде және жалға алынған […]
    • 5 Years ago
    • 0