НҰР-СҰЛТАН, 02 тамыз. Татарстан соты «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік тобын қолдап, «террористік шабуыл жасамақ болды» деп күдікке ілінген екі азаматты қамауға алу туралы қаулы шығарды, деп kazislam.kz хабарлайды. Қазан қаласының Вахитов аудандық соты 1 тамызда Руслан Шамсутдинов пен Ильшат Зайнабутдиновты екі айға қамады. Олар бір күн бұрын ұсталып, «терроризмді насихаттады» және «адам жалдады» деп айыпталған. […]