Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Сомалидегі екі қалада болған жарылыстар оннан астам адамның өмірін қиды

    НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым. Сомалидің екі қаладасында болған жарылыстардан оннан астам адам қаза тапты. Бұл туралы 21 маусымда Garowe Online басылымына сілтеме жасап  REGNUM хабарлады. Алғашқы екі жарылыс 20 маусым күні кешке Ванлавейнде болды. Төменгі Шабелле аймағындағы жоғары лауазымды әскери шенеуніктің резиденциясының жанында екі жарылғыш зат іске қосылды. Жарылыста 12 адам, соның ішінде бейбіт тұрғындар қаза […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Канада парламентінің ғимараттары ықтимал қауіпке байланысты эвакуацияланды

    НҰР-СҰЛТАН, 12 маусым.  Канадалық парламент ғимараттары кешенінің қызметкерлері ықтимал қауіпке байланысты сенбі күні эвакуацияланды. Қауіп сипаты жарияланбайды, деп Парламент Қауіпсіздік қызметі мәлімдеді. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Хабарламада полицияның «ықтимал қауіп-қатерді» тексеріп  жатқаны және парламент ғимаратындағылардың жасырынғандығы айтылған. «Бүгін (11 маусым – ТАСС ) Парламенттік қауіпсіздік қызметі […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Қызылордалық патрульдік полицейлер есірткі курьерінен 15 килограмнан астам марихуана тәркіледі

    ҚЫЗЫЛОРДА, 29 желтоқсан. Қызылордада аса ірі мөлшерде есірткі тасымалдаған күдікті құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жүргізіп жатқан рейд барысында Қызылорда облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция ротасының қызметкерлері 2020 жылдың 28 желтоқсаны күні “Шымкент-Самара” тас жолының 1550/716 шақырымында жылдамдықты асырып, жол ережесін бұзған “ВАЗ-2115” автокөлігін тоқтатқан. Тексеру барысында автокөліктің жүк салғышынан […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Сирияның Камышлы қаласында жарылыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 13 қазан. Сирияның Түркия шекарасына жақын жатқан Камышлы қаласында жарылыс болып, 3 адам қаза тапты, деп хабарлайды  24.kz.  Тағы 9 тұрғын жарақат алды. Ақпарға қарағанда, көлікке жасырылыған бомба іске қосылған. Лаңкестікті «Ирак және Левант лаңкестік ұйымы» мойнына алды. Еске сала кетейік, Түркия бірнеше күн бұрын Сирияның солтүстігіндегі күрд жасақтарына қарсы әскери операция бастаған болатын. […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Германиядағы Дресден қаласындағы мешітке шабуыл жасалды

    НҰР-СҰЛТАН, 04 ақпан.Hühndorfer көшесіндегі 300 кісі ғибадат жасайтын мешітте зерттеу жүргізген полиция тіркеуге алып, тергеу бастады, деп TRT хабарлайды.  Германияның Дресден қаласындағы бір мешітке Күрдістан жұмысшы партиясы  (PKK/YPG) терористтік ұйымын қолдаушылар тарапынан ұрандар жазылды. Дін Істері Басқармасы Түрік-Ислам одағына қарасты Фатих мешітіне түнде аты-жөні белгісіз адамдар жасаған бояулы шабуылды азандағы намазға келген жамағат байқады. Алдымен […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Түрік Қарулы Күштері: Жыл басынан бері 988 террорист залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 09 мамыр.Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар 1 қаңтардан бастап, 988 террористтің залалсыздандырылғанын білдірді, деп TRT  хабарлайды.  Акар Бас штаб төрағасы генерал Яшар Гүлер және Бас штаб екінші төрағасы генерал-полковник Селчук Байрактароғлумен бірге Арнайы жасақтар қолбасшылығына барып, тексеру жүргізді. Хулуси Акар бұл жерде жасаған мәлімдемесінде Түрік Қарулы Күштерінің маңызды бір кезеңнен өткенін білдіріп, 2015 жылы 24 шілдеде Икияка […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Грецияда іздеудегі лаңкес әйел ұсталды

    Афины. 5 қаңтар. Грекиялық құқық қорғау органдары елдегі ең қауіпті лаңкес әйелдердің бірі Пола Рупаны ұстау үшін арнай операция өткізді,деп жергілікті БАҚ сілтеме жасап Лайф хабарлайды. 48-жасар Рупа Афинаның оңтүстік қала маңында ұсталды.Тұтқынға алу кезінде ол кәмелетке толмаған баламен болды.Ұстау кезінде ол қарсылық көрсеткен жоқ. Еске салсақ,ол ең көп іздестіруге салынған тізімде болған. Дереккөз: Лайф
    • 8 Years ago
    • 0
  • Қарасора-2020: Түркістан облысының тұрғыны марихуана сақтағаны үшін  ұсталды

    ТҮРКІСТАН, 02 шілде. Бәйдібек АПБ-нің қызметкерлері “Қарасора” жеделдетілген-профилактикалық іс-шарасы аясында қарқынды қызмет атқарып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz. Өсіруге заңмен тыйым салынған өсімдіктерді сақтау, қолдану, сату жайттарын болдырмауға, дер кезінде анықтап жоюға бағытталған жұмысты жандандырып келеді. Мәселен, АПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғындардың бірі өз үйінде есірткі затын заңсыз сақтап жүргендігі жөнінде хабарлама келіп түскен. Аталған жайтты полицейлер Бәйдібек […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • «Жусан» операциясы жалғасады – ҰҚК

    НҰР-СҰЛТАН, 12 желтоқсан. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің терроризмге қарсы орталық штабы басшысының бірінші орынбасары Сергей Швейкиннің айтуынша, «Жусан» операциясы жалғасқанымен, оның атауы өзгереді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Жусан» операциясын жалғастырамыз. Әйтсе де, оның атауы өзгереді. Гуманитарлық операцияның көмегімен Сириядан 595 отандасымыз, оның ішінде 406 бала елге қайтарылды. Репатриация процесі әлі шегіне жеткен жоқ. Сондықтан бұл соңғы мәлімет […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • АҚШ-тың Бағдадтағы елшілігі ракеталық атысқа ұшырады

    НҰР-СҰЛТАН, 06 шілде.  Белгісіз біреулер жексенбіге қараған түні Бағдадтың «жасыл аймағындағы» АҚШ елшілігіне зымыранмен оқ атты. Бұл туралы Al Arabiya телеарнасына сілтеме жасап ТАСС хабарлады . Ирактың «Диджля» жерсеріктік телеарнасының хабарлауынша, зымырандардың кейбірін «Патриот» зениттік зымыран жүйелері ұстап алған. Арнаның ақпараты бойынша, бірнеше снаряд «жасыл аймақ» аймағында құлаған. Бүлінулер туралы ақпарат берілмеген. Бағдадтың «жасыл аймағы» […]
    • 5 Years ago
    • 0