Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Ауған аралық келіссөздер Самарқандта өтеді

    НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде. Ауған аралық диалогы бойынша келесі кездесу 3-4 аптадан кейін Самарқандта өтеді,деп ауғандық 1TV телеарнасына сілтеме жасап CA-NEWS хабарлайды. Катар мен Германия ұйымдастырған үшінші ауған аралық конференциясы Дохада 7-8 шілдеде өтті. Келіссөздерге Ауған саясаткерлері, сондай-ақ азаматтық қоғам өкілдері қатысты. 8 шілдеде жарияланған бірлескен мәлімдемеде талибтер мен ауған делегаттары «бейбіт тұрғындар арасындағы құрбандар санын […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Сириядағы Алеппоға лаңкестік шабуыл нәтижесінде алты бейбіт тұрғын қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде. Лаңкестер сириялық Алеппо қаласының батыс орамдарына оқ жаудырды, кем дегенде алты бейбіт тұрғын қаза тапты. Бұл туралы SANA агенттігіне сілтеме жасап  REGNUM хабарлайды. «Джебхат ан-Нусра» тобының (ҚР-да қызметіне тыйым салынған ұйым) содырлары Халяб әл-Джадид және Миньян аудандарына ракеталық оқ атты. Тағы сегіз адам жарақат алды. Хабарламада айтылғандай, содырлар дүркіндете атудың реактивті жүйелерін  қолдана […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Хабаровскіде жұмыссыз жалған террорист ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде. Полиция Хабаровскідегі сауда орталығының «миналануы» туралы жалған хабар берген күдікті ер азаматты ұстады, деп Хабаровск өлкесі бойынша Ресей  ІІМБ хабарлайды. ІІМБ ақпараты бойынша, сенбі күні Хабаровскідегі «Большая медведица» СО-нан 250 адам эвакуациаланды. Дүкендердің жұмысы 1 сағат 25 минутқа тоқтатылды. Сауда орталығы ғимаратын Ресей гвардиясының жарылыс технигі мен арнайы оқытылған итімен кинолог қарап […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Амур облысының полицейлері көлік жүксалғышынан 2,5 келі марихуана тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде. Амур облысының полицейлері Еврей АО екі тұрғынының көлік жүксалғышынан 2,5 келіден астам марихуана тапты,деп хабарлайды РИА Новости РФ аймақтық ІІДБ-на сілтеме жасап. Құқық қорғау қызметкерлері Амур жанындағы Архара ауданының ауылдарының бірінде көлікті тоқтатты. «Көлік құралын тексеру кезінде полицейлер жүксалғыштан жасыл түсті өсімдік массасы бар 5 пакетті тапты. Зерттеу көрсеткендей, табылған зат жалпы […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда содырлар қонақ үйге шабуыл жасады

    НҰР-СҰЛТАН, 14 шілде. Ауғанстанның Бадгиз провинциясында қаруланған жауынгерлер қонақүйге шабуыл жасады. Бұл туралы 24.kz хабарлайды. Оқиғадан 10 адам жарақат алды. Ғимараттағы тәртіп сақшыларымен лаңкестердің арасында болған атыс-шабыстан 3 содырдың көзі жойылды. Тағы екеуі тұтқындалды. Жергілікті биліктің хабарлауынша, лаңкестік оқиғаға қатысты жауапкершілікті аймақтағы атышулы «Талибан» террорлық ұйымы өз мойнына алды.
    • 5 Years ago
    • 0
  • Сомалиде лаңкестік әрекеттен 26 адам ажал құшты

    НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде. Сомалидің Кисмайо қаласында болған лаңкестік әрекеттен 26 адам мерт болды, деп 24.kz хабарлайды.  Қаза тапқандардың ішінде жергілікті билік өкілі мен шет ел азаматтары да бар. Тағы шамамен 50-ге жуық тұрғын түрлі жарақат алған. Мамандар зардап шеккендердің саны әлі де өсуі мүмкін екендігін айтады. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, лаңкес қонақүй маңында өзін-өзі жарып жіберген. […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • 37 ел Қытайдың Шыңжаңдағы саясатын қолдады

    НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде. 37 елдің өкілі БҰҰ-на бірігіп хат жазып, Пекиннің Шыңжаңдағы саясатын қолдайтынын мәлімдеген. Хатқа қол қойғандар арасында Ресей, Сауд Арабиясы да бар. Бұл ақпаратты 12 шілдеде хаттың көшірмесін көрген Reuters агенттігі хабарлады, деп Азаттық Радиосы хабарлайды. Дәл осының алдында 22 елдің елшілері БҰҰ-ның Адам құқығы жөніндегі кеңесіне хат жолдап, Қытайдың аз ұлттарға оның ішінде ұйғыр, […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ақтөбелік полиция есірткі жарнамалайтын 250 сайтты анықтады

    АҚТӨБЕ, 13 шілде. Ақтөбеде алты ай ішінде 117 келі есірткі заңсыз айналымнан алынды. Полиция қызметкерлері есірткі жарнамалайтын 250 сайтты анықтап, зерделеуге жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыстық полиция департаменті алты айды қорытындылады. Өңірде есірткіге қатысты 31 қылмыстық іс тіркеліп, 88 күдікті қамауға алынды. Заңсыз айналымнан барлығы 117 келі есірткі алынып, тәркіленді. «Жыл басынан бері ірі көлемде […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ауғанстандағы жарылыс. Бір полицей қаза тауып, екеуі жараланды.

    НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде. Ауғанстанның шығысындағы Нангархар провинциясында жарылыс нәтижесінде бір полиция қызметкері қаза тауып, екеуі жарақат алды, деп  Пажвак агенттігіне сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды. Агенттіктің мәліметінше, магнит минасы Джелалабад қаласында жарылған. Өңірде әрекет ететін бірде-бір топ жарылыс үшін жауапкершілікті өзіне алған жоқ.
    • 5 Years ago
    • 0
  • 13 шілде – Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің кәсіби мерекесі

    НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде. Бүгін Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтуде. Осы жылдың аты шулы арнайы операциялары туралы Тотал.кз жазады.   1992 жылдың 13 шілдесінде президент Нұрсұлтан Назарбаев ҚР МҚК-тін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті етіп қайта құру туралы жарлыққа қол қойды. Бұл күн ведомство қызметкерлерінің кәсіби мерекесі ретінде атап өтіледі.   ҰҚК-нің 2019 жылғы […]
    • 5 Years ago
    • 0